Меню

Страницы

Статья

Түркі кеңесі

Түркі кеңесі

2009 жылғы 3 қазанда Нахчыван қаласында (Әзербайжан Республикасы) өткен Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының ІХ Саммитінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесін (ТМЫК немесе Түркі кеңесі)  құру туралы келісімге қол қойылды.

Қазіргі кезде Түркі кеңесінің мүше мемлекеттері Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан болып табылады, ал Мажарстан бақылаушы мәртебеге ие. Түркі кеңесі Хатшылығының штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан. Хатшылық Кеңестің саммиттері барысында қабылданған шешімдердің орындалу барысын зерделеу, жоғары деңгейдегі кездесулер мен сарапшылар отырыстарын дайындау және басқа міндеттер жүктелді.

Түркі кеңесінің Бас хатшысы болып Қазақстан өкілі Елші Б.Әміреев (2018 жылғы 3 қыркүйектен) тағайындалған.

2019 жылдың 17 мамырда штаб пәтері Ыстанбұлда орналасқан Түркі сауда және өнеркісіп палатасы құрылды.

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Будапешт қаласында Түркі кеңесінің өкілдігі ашылды.

Түркі кеңесінің аясында жыл сайын Мемлекет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Аға лауазымды тұлғалар комитеті, Ақсақалдар кеңесі, сондай-ақ экономика, инвестиция, кеден, көлік, білім, туризм, ақпарат және басқа салалардағы мемлекеттік органдары басшылары мен сарапшыларының кездесулері өткізіледі.

2020 жылдың 6 ақпанында Бакуде өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Түркі кеңесінің кезектен тыс Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өткізілді.

Түркі кеңесінің І Саммиті 2011 жылғы 21 қазанда Алматы қаласында (Қазақстан) «Түркітілдес мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығы» тақырыбында өтті.

Түркі кеңесінің ІІ Саммиті 2012 жылғы 23 тамызда Бішкек қаласында (Қырғызстан) «Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық» тақырыбында өтті.

Түркі кеңесінің ІІІ Саммиті 2013 жылғы 16 тамызда Габала қаласында (Әзербайжан) «Көлік және коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында өтті.

Түркі кеңесінің IV Саммиті 2014 жылғы 5 маусымда Бодрум қаласында (Түркия) «Туризм саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында өтті.

Түркі кеңесінің V Саммиті 2015 жылғы 11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан) «Ақпарат саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында өтті.

Түркі кеңесінің VІ Саммиті 2018 жылғы 3 қыркүйекте Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан)  «Ұлттық спорт түрлері және жастар арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында өтті.

Түркі кеңесінің VIІ Саммиті 2019 жылғы 15 қазанда Баку қаласында (Әзербайжан) «Шағын және орта бизнесті дамыту» тақырыбында өтті. Саммиттің қорытындысы бойынша ТМЫК мемлекет басшылары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа Түркі кеңесінің құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады және оған «Түркі әлемінің ең жоғарғы ордені» табыс етілді. Сонымен бірге, түркі ынтымақтастық ұйымдарын реформалау шеңберінде Қазақстанның бастамасымен Түркі ынтымақтастық ұйымдарының жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында үйлестіру комитеті құрылды.

Түркі кеңесі аясында келесі ұйымдар қызмет етеді:

Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) штаб-пәтері Анкара қаласында (Түркия) орналасқан. Бұл Ұйым 1993 жылғы 12 шілдеде түркітілдес халықтардың арасындағы рухани байланыстарды жаңғырту мақсатында құрылған болатын.

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) штаб-пәтері Баку қаласында (Әзербайжан) орналасқан. Ассамблея ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылғы 21 қарашада Түркітілдес елдердің арасындағы парламентаралық байланыстарды дамыту үшін құрылған.

Халықаралық Түркі академиясы штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан) орналасқан. Академия ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылғы 25 мамырда Түркі дүниесін зерттейтін халықаралық ғылыми орталығын құру мақсатында құрылған.

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры штаб-пәтері Баку қаласында (Әзербайжан) орналасқан. Қор 2012 жылғы 23 тамызда Түркі халықтарының мәдениеті мен тарихи мұрасын жаңғырту, дамыту және насихаттау жолындағы жобаларды қаржыланыру мақсатында Әзербайжан Президенті бастамасымен құрылған.

Түркі кеңесі шеңберінде 2011 жылы ҚР Президентінің бастамасымен құрылған Ақсақалдар кеңесі ұдайы жұмыс жүргізіп келеді. Кеңестің басты мақсаттары мен функциялары ТМЫК-ке мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстарын жасақтау, сондай-ақ мәдени-тарихи мұраны, тілдерді, салт-дәстүрлерді, рухани құндылықтарды сақтау және дамыту болып табылады. Кеңес құрамына Қазақстаннан ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты Ә.Ахметов кіреді.

Дата публикации
16 октября 2019
Дата обновления
16 октября 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

05 июня 2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадрлық резервіне қосылған адамдардың тізімі:
19 мая 2026
Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасымен ынтымақтастығы
19 мая 2026
Қазақстан Республикасының Кения Республикасымен ынтымақтастығы

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты