Меню

Страницы

Статья

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

1991 жылғы 8 желтоқсанда Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының және Украинаның басшылары Беловеж тоғайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойды.

1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қаласында он бір егеменді мемлекет (Грузияны қоспағанда) басшылары аталған Келісімнің Хаттамасына қол қойып, онда барлық мемлекеттер тең құқықтық негізде ТМД-ны құратынын атап көрсетті. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі сапаларында ынтымақтастыққа бейімділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады.

1993 жылдың желтоқсанында Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес, ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарғы бойынша іс-қимыл жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және тең құқықты субъектілері болып табылады.

Қазіргі уақытта ТМД-ның Бас хатшысы Лебедев Сергей Николаевич болып табылады.

Тәжірибеге сәйкес, жыл сайын ТМД мемлекеттері басшыларының 1 отырыс, ТМД үкімет басшыларының 2 отырыс және ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2 отырыс өтеді.

Құрылымы:

  1. Мемлекет басшыларының кеңесі.
  2. Үкімет басшыларының кеңесі.
  3. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі.
  4. Экономикалық кеңес.
  5. Қорғаныс министрлерінің кеңесі.
  6. Шекаралық әскер басшыларының кеңесі.
  7. ТМД Экономикалық соты.
  8. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы.
  9. Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері.
  10. ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері.
  11. ТМД Атқарушы комитеті.

Достастыққа көпжақты өзара іс-қимылдың түрлі сапаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделілік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады.

Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын посткеңестік кеңістіктің барлық елдерін біріктіретін бірегей және әмбебап диалог алаңы ретінде қарастырады.

Қазақстан Республикасының ТМД қызметіне қатысуы саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салаларда, сондай-ақ қауіпсіздік және жаңа сын-қатерлер мен қатерлерге қарсы іс-қимыл саласында көпжақты диалогты нығайту мақсатында Достастық мемлекеттерімен өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.

Қазақстандық тарап ТМД-дағы ең белсенді қатысушы мемлекеттердің бірі болып табылады, Достастық органдарының жұмысына сындарлы және мазмұнды ұсыныстар енгізе отырып, өзара іс-қимылдың жоғары динамикасын сақтауға тырысады.

2016-2017 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша ТМД-да ұйымның жұмысын қазіргі жағдайға бейімдеу бойынша жұмыс жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ұйымның жоғары Жарғылық органдарының бірқатар өкілеттіктерін беру арқылы Сыртқы істер министрлері кеңесі мен ТМД Экономикалық кеңесі қызметінің дербестігі мен жауапкершілігі күшейді. Достастық органдары, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитеті қызметкерлерінің жалпы саны қысқартылды. ТМД Экономикалық Сотының жұмысы ad hoc форматына ауыстырылды және оның аппаратының саны қысқартылды. Конкурстық негізде ұйымның бірыңғай бюджетінен қаржыландырылатын ТМД органдарына жұмысқа қабылдау тетігі енгізілді. ТМД көлік дәліздерін Үйлестіру комитеті таратылды.

Қазақстанның Достастық қызметіне принципті көзқарастары ҚР-дың 2022 жылы ТМД-ға төрағалығы барысында одан әрі іске асырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев бекіткен Төрағалық ету тұжырымдамасына сәйкес, қазақстандық тарап жұмысының назарында өңірлік мемлекетаралық ұйым ретінде ТМД қызметінің тиімділігі мен беделін арттыру, саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы ұйым алаңында көпжоспарлы ынтымақтастықты нығайту мәселелері болды.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы 2022 жылғы 14 қазанда Астанада өткен Ұйымның саммитінде ТМД мемлекеттері басшыларының тарапынан жоғары бағаланды.

Өткен ТМД саммитінің нәтижелері бойынша Достастық алаңында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, ТМД-ның басқа халықаралық ұйымдармен және мемлекеттермен өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған қазақстандық бастамалар қолданды және іске асырылды.

Дата публикации
16 октября 2019
Дата обновления
23 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

21 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
Ақпарат
02 апреля 2025
Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы