Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасы арасындағы қатынастар

Негізгі күндер

1992 жылғы 24 наурызда Қазақстан мен Куба арасында дипломатиялық қатынас орнатылды.

1993 жылы Алматыда Кубаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды, ол 1999 жылы Астанаға көшірілді.

2003 жылы Куба Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық өкілдігі ашылды.

2021 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Дипломатиялық миссияны Қазақстан Республикасының Кубадағы Елшілігіне айналуы туралы Жарлыққа қол қойды.

2022 жылғы қаңтардан бастап Оскар Сантана Леон Кубаның Қазақстан Республикасындағы Елшісі қызметін атқарады.

2022 жылғы 15 наурыздан бастап А.Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Елшісі қызметін атқарады.

Саяси диалог

Екі ел арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың негізі жоғары және жоғарғы деңгейдегі байланыстар қалайды. Президент Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 2 сәуірдегі Кубаға ресми сапары екіжақты ынтымақтастықтағы маңызды қадам болды, оның барысында Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер Кеңесінің Төрағасы Р.Кастромен келіссөздер жүргізді.

Қазақстан мен Куба Сыртқы істер министрлері 2013 және 2018 жылдары Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында кездесті. 2011 жылдан бастап Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде СІМ аралық саяси консультациялар өткізіліп келеді. Қазақстан мен Куба халықаралық форумдарда бір-бірінің бастамалары мен ұсыныстарына өзара қолдау көрсете отырып, халықаралық ұйымдар, бірінші кезекте БҰҰ аясында белсенді ынтымақтасады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сындарлы саяси диалог аясында, сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту әлеуеті болып табылады.

2008 жылдан бастап екіжақты тауар айналымының көлемі негізінен Кубадан Қазақстан Республикасына импорттау есебінен қалыптасты, ал оның негізгі тауарларына қант қамысы, сигара және этил спирті кіреді.

2022 жылы өзара сауда көлемі 510,5 мың долларды құрады, оның ішінде экспорт – 0,39 мың доллар, ал импорт – 510,2 мың доллар.

2022 жылғы 12 қазанда биофармацевтика, медицина және туризм салаларындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылау үшін бейнеконференция режимінде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Кубаның Сауда-өнеркәсіп палатасының 1-ші кездесуі өтті.

Екіжақты ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттарының бірі денсаулық сақтау, биотехнология және фармацевтика болып табылады.

Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық

Қазақстанның Кубадағы Елшілігі екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған мәдени шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады.

Диалогты дамытуға Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу ықпал етті, онда Куба жетістіктері Латын Америкасы павильонында көрсетілді. ЭКСПО көрмесі аясында Қазақстанға Кубаның Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті О.Эрнандес келді.

Астана мен Гавана спорт және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Қазақстан мен Куба бокс федерациялары арасында жемісті әріптестік орнатылды. 2014 жылы Астанада Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Кубаның Ұлттық спорт, дене шынықтыру және демалыс институты арасында спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Шарттық-құқықтық база

Қазіргі уақытта екіжақты құқықтық база 14 құжаттан тұрады, оның ішінде Ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (1995 ж.) және Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (2008 ж., 2009 жылы күшіне енген).

Дата публикации
08 октября 2019
Дата обновления
22 мая 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 апреля 2025
Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама).

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы