Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Сан-Марино арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

2004 ж. 14 сәуірде дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2019 ж. қыркүйектен бастап Сан-Мариноның Қазақстандағы Елшісі Дж.Мацца (Сан-Маринодағы резиденцияда).

2021 ж. қазаннан бастап Қазақстанның Сан-Маринодағы Елшісі Е.Сембаев (Римдегі резияденцияда).

Саяси қарым-қатынастар

ЕҚЫҰ бейресми СІМК-да Сан-Мариноның Халықаралық істер, көлік және коммуникация жөніндегі Мемлекеттік хатшысы A.Муларони (2010 ж. 16-17 шілде, Алматы), ал ЕҚЫҰ Саммитінде Сан-Мариноның Білім беру, мәдениет, университеттік және жастар саясаты жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Р.Морри (2010 ж. 1-2 желтоқсан, Астана) өкілдік етті.

2015 ж. 14 қазанда 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету жөніндегі ҚР Президентінің арнайы уәкілі ретінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков Сан-Маринода болды.

2017 ж. 4-5 желтоқсанда сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне қатысу аясында ҚР Елшісі С.Нұртаевтың СМР Капитан-Регенттері М.Фиорини және Э.Караттонимен, сондай-ақ Сыртқы істер, саясат және әділет мемлекеттік хатшысы Н.Ренцимен екіжақты кездесулері өтті.

2019 ж. 2-3 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне қатысу үшін Сан-Мариноның Қазақстан Республикасындағы жаңа Елшісі Дж.Маццаның
Астана қаласына жұмыс сапары өтті. Сапар аясында Дж.Маццаның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенкомен және «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қ.Келімбетовпен кездесулері болды.

2019 ж. 16 қарашада Қазақстан Елшісі С.Нұртаевтың Сан-Марино Үлкен Бас Кеңесі төрағасының орынбасары және ЕКПА-ғы Әлеуметтік саясат және денсаулық сақтау комитетінің мүшесі Р.Заволимен кездесуі ұйымдастырылды.

2021 ж. 27 мамырда Қазақстанның Елшісі Е.Сембаев Сан-Мариноның Қазақстандағы Елшісі Дж.Маццамен кездесті.

2021 ж. 30 қыркүйек – 1 қазан аралығында Қазақстан Елшісі Е.Сембаев 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңге сайланған Сан-Марино Республикасының Капитан-регенттері Ф.Муссони мен Дж.Симончинидің ресми ұлықтау рәсіміне қатысты.

8 қараша 2023 ж. Сан-Марино қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сан-Марино Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге сәйкес ұлттық, дипломатиялық немесе қызметтік паспорттар сияқты жарамды жол жүру құжаттары бар Қазақстан Республикасы мен Сан-Марино Республикасының азаматтары туристік, іскерлік және басқа да мақсатта бір реттік немесе бірнеше рет сапарларға бару үшін әрбір 180 күн ішінде 90 күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Сан-Марино арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы 1,685 млн. АҚШ. долларын құрады.

2014 ж. қазанда Сан-Мариноның Өнеркәсіп және сауда жөніндегі Мемлекеттік хатшысы М.Ардзилли бастаған делегация Қазақстанда болды.  

2016 ж. ақпанда «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында СМ Туризм Мемлекеттік хатшысы Т.Лонфернини бастаған сан-маринолық делегация Қазақстанға келді.

2017 ж. 16-19 шілдеде Сан-Мариноның Аумақ, табиғат, ауыл шаруашылығы және туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы А.Микелотти бастаған делегацияның Қазақстанға сапары жүзеге асырылды.

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
12 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 апреля 2025
Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама).

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы