Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Андорра Князьдігі арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

2008 ж. 30 қаңтарда Нью-Йоркте тиісті бірлескен коммюникеге қол қою арқылы Қазақстан Республикасы мен Андорра Княздігі арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2023 ж. 14 тамыздан бастап Д.Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы) болып тағайындалды.

Саяси қатынастар

Қазақстан мен Андорра арасындағы диалог ең алдымен халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында дамып келеді. 2010 ж. 17 шілдеде Андорра Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Х.Эспот Миро (қазіргі үкімет басшысы Ш.Эспоттың әкесі) Алматыда өткен ЕҚЫҰ-ның бейресми СІМ министрлері кеңесінің жұмысына қатысып, екіжақты ынтымақтастықты, әсіресе туризм саласында дамытуға мүдделілігін білдірді.

Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінде (2010 ж. 1 желтоқсан) Андорраны делегациясын Туризм, сауда және өнеркәсіп министрі К.Бенет бастады.

2013 ж. қыркүйекте және 2015 ж. қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-ші және 70-ші сессиялары аясында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Андорра СІМ басшысы Ж.Сабойямен екіжақты кездесулері болды. 2019 ж. шілдеде ЕҚЫҰ-ның бейресми СІМ министрлері кеңесі барысында Сыртқы істер басшылары – Б.Атамқұлов пен М.Убахтың арасында кездесу өтті.

2021 ж. 2 желтоқсанда Стокгольмдегі ЕҚЫҰ СІМ министрлері кеңесінің 28-ші отырысы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Андорра Сыртқы істер министрі М.Убахпен кездесуі өтті.

2022 ж. 2-6 тамызда Андорра Сыртқы істер министрі М.Убахтың Қазақстанға екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы алғашқы ресми сапары орын алды.

Сапар барысында сыртқы істер ведомстволарының басшылары – М.Тілеуберді мен М.Убах арасында келіссөздер өтті. Андорра Сыртқы істер министрін Қазақстан Премьер-Министрі Ә.Смайылов пен ҚР Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Е.Қазыхан қабылдап, Парламент Сенаты мен Мәжілісі басшылығымен, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қ.Келімбетовпен және Мәдениет министрінің орынбасары Е.Еркімбаевпен кездесулері болды. М.Убах Алматыға сапар жасап, қала әкімі Е.Досаевпен кездесті және «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына барды.

Сыртқы істер ведомстволарының басшылары Визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойып, бұл екі ел арасындағы алғашқы үкіметаралық келісім болды.

Дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 15 жыл толуына орай (2023 ж. 30 қаңтар) тараптар Қазақстанда Андорра күнін және Андоррада                  ҚР күнін ұйымдастыруға ниеттерін білдірді.

2022 ж. қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында Президент Қ.К.Тоқаевтың Андорра Үкіметінің басшысы Х.Эспотпен кездесуі орын алып, оның барысында екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.

Қазақстан мен Андорра түрлі халықаралық құрылымдар аясында                   бір-біріне тиімді қолдау көрсетуде. Атап айтқанда, Андорра Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына кандидатурасын, сондай-ақ Астанада 2010 ж. Саммит өткізу туралы бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдады және Қазақстанның БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне кандидатурасын екі рет қолдады (2013-2016 жж. және 2022-2024 жж.).

2015 ж. қазанда Князьдік Қазақстанның 2017-2018 жа БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдау туралы шешімді ресми түрде растады. 2020 ж. желтоқсанда Андорра ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымына Қ.Әбдірахмановтың кандидатурасын қолдады. 2024 ж. қаңтарда Андорра Қазақстанның                            2025-2028 жж. арналған Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетіне (CEDAW) кандидатурасын ресми түрде қолдады.

Парламентаралық дипломатия саласындағы екіжақты диалогты белсенді дамытудың әлеуеті зор.

2017 ж. 3-5 қазанда құрымында сенаторлар Д.Куставлетов пен М.Бортник бар ҚР делегациясы Андорра-ла-Веллаға жұмыс сапарымен барып, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі отырысына қатысты.

ҚР-дың Испаниядағы Елшілігі және Андоррадағы қоса атқарушысы Княздіктің Парламентіне кіретін саяси партиялардың барлық андорралық парламентариялармен, соның ішінде ЕКПА-да делегациясы басшысы М.Бонель мен ЕҚЫҰ ПА-да Ф.Костамен байланыстар орнатуда. Андорра депутаттары парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға, Парламенттік ассамблеялар алаңында екіжақты байланыстар жүргізуге ниетті (бұл М.Урбахтың ҚР-дағы Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары А.Шәкіровпен және Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А. Құспанмен кездесулері барысында расталды).

2023 ж. қарашада ҚР Елшiсi Д.Мұсаев Андорра-ла-Велла қ. Андорра парламентінің спикері К.Энсеньятпен келіссөздер өткізді. Кездесудiң қорытындысы бойынша алғашқы Қазақстан-Андорра парламентаралық достық тобы жақын арада өз жұмысын бастауға дайын екендігі расталды. Екі елдің парламенттері арасындағы диалогтың жаңа құралын құру мәселесі Андорра Парламентi Сыртқы істер жөніндегі комитетінің басшылығы мен мүшелері арасында талқыланды.

ҚР елшілері Андорраға жүйелі түрде жұмыс сапарларымен барып, Сыртқы істер министрі, Князь-Андорраның тең билеушісі Урхель архиепископы Ж.Э. Вивес-и-Сисилья және Андорра Үкіметінің басшысы Х.Эспотпен, сондай-ақ Үкімет мүшелерімен, елдің саяси және іскер топтарының өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады.

Сауда-экономикалық қатынастар

Тау-шаңғы және тау-экологиялық туризм саласындағы байланыстар белсенді түрде дамуда. Әртүрлі жылдарда осы салада жұмыс істейтін ҚР өкілдері, соның ішінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев Андоррада бірнеше сапармен болды.

2014 жылы жобаны іске асыру үшін «Көк Жайлау» тау шаңғы курорты» ЖШС басшысы әлемдегі ең ірі 20 шаңғы курорттарының бірі – Андоррадағы ең ірі «Гранвалира» тау шаңғысы курорттары желісінің (жалпы ұзындығы шамамен                210 км болатын 140 тан астам қар жолдары бар) президенті Ж.Виладоматты                            Қазақстанға тәуелсіз сарапшы ретінде шақырды. Ол қазақстандық серіктестермен жемісті байланыстарды жалғастыруда.

2022 ж. наурызда Мәдениет және спорт министрі Д.Абаев бастаған делегация ЮНВТО демеушілігімен Тау туризмі бойынша 11-ші Дүниежүзілік конгреске қатысу үшін Андорраға барды.

Сапар аясындаАндорра Үкіметінің басшысы Х.Эспотпен, Сыртқы істер министрі М.Убахпен, Президенттік, экономика және бизнес министрі Дж.Гайярдомен, Туризм министрі Дж.Торреспен, Мәдениет және спорт министрі С.Ривамен және «Грандвалира» тау шаңғысы курортының вице-президенті Ж.Виладоматпен кездесулер өтті.

Мәдениет және спорт министрі Д.Абаевтың Андорраның Президенттік, экономика және бизнес министрі Дж.Гайярдомен кездесу (2022 ж. наурыз) барысында ҚР тау туризміне андорралық инвестицияларды және ноу-хауды тарту мәселелері қарастырылды.

Сауда және инвестиция саласындағы ықтимал ынтымақтастықтың әлеуеті зерттелуде. ҚР-да еркін экономикалық аймақтардың жұмыс істеуін және Андорра Үкіметінің келешекте ЕЭА құру жоспарларын ескере отырып, осы салада тәжірибе алмасу және ықтимал ынтымақтастықтың перспективалары бар.

Қазақстан мен Андоррада цифрландыру саласына назар аударылып жатқанын ескере отырып, аталған мәселе ынтымақтастықтың тағы бір қызықты бағыты болуы мүмкін.

Мәдени-гуманитарлық қатынастар

2020 ж. желтоқсанда Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында Елшілік қазақтың ұлы ақынының және ағартушысының «Қара сөздерінің» испан тіліндегі нұсқасын және ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын Андорра Үкіметінің Қоғамдық кітапханасына сыйға тарту  салтанатты рәсімі орын алды.

Кітапхана қорына испан тіліне аударылған Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы, Қазақ прозасы мен поэзиясының антологиясы және еліміздің тарихы, дәстүрлері мен табиғаты туралы жарияланымдар табысталды (Қазақстан туралы баспа материалдары алғаш рет Андорра үкіметтік кітапханасының қорына берілді).

Андорра Сыртқы істер министрі М.Убахтың Қазақстанға сапары барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Еркінбаевпен Астанадағы Опера театрында Андорра әртістерінің өнер көрсетуі мүмкіндігін зерделеуге келісімге қол жеткізілді.

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
13 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 апреля 2025
Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама).

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы