Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Словения Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 20 қазан – Қазақстан Республикасы мен Словения Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың құрылған күні.

2018 жылдан бастап Словенияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (резиденциясы Мәскеу қ.) - Б.Раковец болып табылады.

Аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлар:

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Словенияға 2002 ж. мамыр айында сапармен барды.

Словенияның Президенттері Қазақстанға үш рет сапармен барды (М. Кучан – 11.2002 ж., Д.Тюрк – 10-12.11.2009 ж., 1-2.12.2010 ж.).

ҚР Сыртқы істер министрі Е. Қазыханов 2011 ж. маусым айында Словения СІМ басшысы С. Жбогармен кездесті.

СР Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі К.Ерявец 2013 жылғы 13 маусымда экономикалық мәселелер жөніндегі Қазақстан-словения үкіметаралық комиссиясының екінші отырысына қатысу үшін Астанаға ресми сапармен барды.

СР Экономикалық даму және технологиялар министрі З. Почивалшек пен Инфрақұрылым министрі П. Гашпершич 2017 жылғы 13-16 маусымда Қазақстанға сапармен барды.

Парламентаралық ынтымақтастық

2019 ж. 22-23 қыркүйекте Қазақстан-Словения парламенттік достық тобының басшысы, Ұлттық партия Төрағасы, Словения Республикасы Парламенті Ұлттық Ассамблеясының (төменгі палата) депутаты З.Йелинчич және Ұлттық Кеңестің (Жоғарғы палата) депутаты М. Рыбич Астанаға барды.

СР Ұлттық Ассамблеясында (парламент) Қазақстан-Словения Достық тобы жұмыс жасаған (2019-2022 жж.).

2023 жылғы шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінде Словения Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік достық тобы құрылды. Словения Парламентінде Қазақстан Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі Достық тобы құрылуда.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымы 2023 жылда 111,5 млн. АҚШ долл. құрып, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ға төмен. Қазақстаннан Словенияға экспорт 2 735,7 мың. долл., ал импорт 108,8 млн.

Қазақстан мен Словения арасындағы екіжақты тауар айналымы 2022 жылы
129 млн. АҚШ долл. (ҚР экспорты – 54,6 млн., импорты - 75,1 млн.).

2021 жылы тауар айналымы 72,1 млн. АҚШ доллары, экспорт-9,3 млн., импорт - 62,8 млн.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды тетігі болып табылады.

2023 жылғы қыркүйекте ҮАК тең төрағасы: Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрлігі, словен тарапынан СР СІМ Мемлекеттік хатшысы.

ҮАК-тың соңғы 4-ші отырысы 2018 жылғы 5-6 маусымда Астанада өтті. ҮАК кезекті отырысы 2024-2025 жылдарда өткізуді жоспарланған.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Словения Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашизмге қарсы күрестің ортақ тарихи жадымен бөліседі. Бұл тұрғыда, Словенияның Тырново қаласында кеңестік жауынгерлерге арналған Мемориал орнатылды, онда қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың есімдері ескерткіш тақталарда мәңгілікке қалдырылды.

Сонымен қатар, 2018 жылы Повир ауылында Югославия партизандарымен соғысқан және фашизмге қарсы күресте қаза тапқан қазақстандық батыр Кассе Себероны еске алуға арналған «Жырақта жатсаң да, өшпес ерлігің еліңнің жадында!» сөздері бар мемориалдық тақтасының салтанатты ашылуы рәсімі өтті.

2015 жылдан бастап ҚР Елшілігі «Қазақстанның інжу–маржандары – Ұлы Дала әуендері» жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында Қазақстанның халық әртісі А.Мұсаходжаева жетекшілік ететін Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымының, солист Димаш Құдайбергеннің (Марибор қ., 2016 ж.), «Саржайлау» Алматы фольклорлық ансамблінің (Любляна қ., 2016 ж.), «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің (Любляна, Пиран ққ., 2019 ж.), «Ұлы Дала Ұландары» заманауи фольклорлық-джаз ансамблінің (Целье, Сежана ққ., 2019 ж.) концерттері ұйымдастырылды.

2022 жылғы 26 шілдеде Любляна фестивалі аясында А. Мұсаходжаеваның және «Солистер академиясы» симфониялық оркестрінің концерті өтті.

2023 жылдың 12 сәуірінде Шмарьешке Топлице қаласында әртістердің әлемдік сапары аясында «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің, М.Чотабаев тенорының, пианист Д. Мейірманова мен виолончелші Т.Толкынханұлының концерті өтті.

2023 жылғы 25-26 шілдеде «Астана Опера» балет тобы Люблянада гастрольдік сапармен өнер көрсетті.

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
13 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 апреля 2025
Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама).

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы