Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы қарым-қатынастар

Жалпы мәлімет

1995 жылы – Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2014 жылғы қазанда Қазақстан Республикасында Солтүстік Македония Республикасының Елшілігі (Астана қаласы) ашылды.

2020 жылғы қыркүйектен бастап ҚР-дың СМР-дағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Әбдірашов (Будапешт қаласындағы резиденциясымен) болып табылады.

2020 жылғы қарашадан бастап СМР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сали Лиманы болып табылады.

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

ҚР Президенттері СМР-ге барған жоқ.

СМР Президенттері ҚР–ға екі рет келді (Г.Ивановтың ресми сапары-2010 ж.
1-2 желтоқсанда Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу шеңберінде және 2012 ж.
1-3 шілдеде мемлекеттік сапар).

СМР Премьер-Министрі Н.Груевский ҚР-ға бір рет келді (2013 ж.
22-24 мамырда 6-шы Астана экономикалық форумы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияға қатысу шеңберінде)
.

ҚР Сыртқы істер министрлері СМР-ге екі рет барды (2022 ж. 1-2 қарашада М.Тілеуберді ресми сапарымен және 2023 ж. 30 қараша-1 желтоқсанда
М. Нұртілеудің Скопьедегі ЕҚЫҰ Саммитіне қатысуы шеңберінде ресми сапарымен).

СМР Сыртқы істер министрлері ҚР-ға ресми сапармен төрт рет келді (А.Милошоски, 2008 және 2012; Б. Османи 2021 ж. 8-11 қыркүйек, 2023 ж. 11 тамыз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде).

Парламентаралық ынтымақтастық

СМР Ассамблеясының (Парламентінің) төрағасы Т.Джафери ҚР-ға бір рет келді (2019 ж. 23-26 қыркүйекте Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесіне қатысу шеңберінде).

ҚР Парламенті Мәжілісінде СМР-мен ынтымақтастық жөніндегі топ жұмыс істейді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Македония арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың қорытыңдысы 4,5 млн. АҚШ долл. құрып, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 51,6%-ға төмен. Қазақстаннан Македонияға экспорт 289,1 мың. долл., ал импорт 4,2 млн.

Қазақстан мен Македония арасындағы тауар айналымы 2022 ж. қаңтар-желтоқсанда 9,3 млн. АҚШ.

2022 ж. 3 қарашада Скопье қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Македония Үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтті. ҚР Ұлттық экономика министрі А. Қуантыров пен РСМ экономика министрі Қ. Бектеши тең төрағалар болып табылады.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2016 ж. қазанда Қазақстан Үкіметі жойқын су тасқынына байланысты Македонияға гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдап, 50 мың еуро бөлді.

2017 ж. 19 желтоқсанда Скопьедегі «Әулие Клемент Охрид» Ұлттық университеттік кітапханасында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды. Македония тарапына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 100-ден астам көркем, ғылыми-публицистикалық және басқа жанрдағы кітаптар берілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен «Әулие Клемент Охрид» Ұлттық университеттік кітапханасы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Іс-шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына сәйкес ұйымдастырылды.

2020 жылдың 8 қазанында «XXIX Interferst-Bitola» Халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында Скопьеде А.Мұсаходжаеваның концерті өтті.

Жалпы, мәдени-гуманитарлық қатынастар белсенді дамып келе отырып, бұған екі халықтың тарихи жақындығы және олардың ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді жандандыруға деген ұмтылысы ықпал етеді.

Дата публикации
15 февраля 2023
Дата обновления
13 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 апреля 2024
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім
Ақпарат
25 апреля 2024
2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
Ақпарат
22 апреля 2024
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2023 жылғы 13 ақпанда Мәскеуде жасалған хаттама

Социальные медиа

Facebook
YouTube
Telegram
Twitter
Instagram

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары