Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

1992 жылғы 15 маусымда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 жылдың қарашасында Литваның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

1995 жылдың шілдесінде Қазақстанның Литвадағы Елшілігі ашылды.

2022 жылғы 9 желтоқсаннан бастап Т.Оразаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшісі болып табылады.

2023 жылғы 30 тамыздан бастап Э.Навикас Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі болып табылады.

Аса жоғары деңгейдегі сапарлар:

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Литвада екі рет болды (ресми сапарлармен – 1994 ж. 9 тамызда және 2001 ж. 4-5 сәуірде).

Литва президенттері Қазақстанға бес рет келді (А.Бразаускастың
1993 жылғы қарашадағы және 1997 жылғы 7 наурыздағы ресми сапарлары,
В.Адамкустың 2000 жылғы 11 мамырдағы мемлекеттік сапары,
Д.Грибаускайтенің 2010 жылғы 1 желтоқсандағы ЕҚЫҰ Астана Саммитінің жұмысына қатысуы, Д.Грибаускайтенің 2011 жылғы 6 қазандағы ресми сапары).

2022 жылы 20 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында (АҚШ) БҰҰ-ның
77-ші Бас Ассамблеясының алаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЛР Президенті Гитанас Науседа екіжақты кездесу өткізді.

Жоғары деңгейдегі сапарлар:

1993 жылғы шілдеде ҚР Премьер-Министрі С.Терещенко Литвада болды.

ЛР Премьер-Министрі А. Шляжявичюс Қазақстанға 3 рет келді (1994 ж. қыркүйекте, 1995 ж. қыркүйекте және 1995 ж. желтоқсанда).

2000 жылғы қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Ахметовтің Литваға сапары өтті.

2000 жылғы мамырда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Вильнюске сапары өтті.

2006 жылғы қаңтарда Литва СІМ басшысы А.Валенис ресми сапармен ҚР-да болды. 2007 жылдың сәуір және қыркүйек айларында Литва СІМ басшысы А.Вайтекунас ҚР-да болды.

2008 жылғы мамырда ЛР Премьер-министрі Г.Киркилас Қазақстанға келді.

2014 жылғы қаңтарда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Литваға ресми сапары өтті.

2015 жылғы мамырда ЛР Премьер-министрі А.Буткявичюс Астана қаласына ресми сапармен келді.

2021 жылғы 21 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның 76-шы
Бас Ассамблеясы аясында Қазақстан мен Литва СІМ басшылары М.Тілеуберді мен Г. Ландсбергистің кездесуі өтті.

2022 жылғы 5-7 желтоқсанда ЛР Сыртқы істер министрі Г.Ландсбергис Қазақстанға ресми сапармен келді.

Парламентаралық ынтымақтастық

Литваға сапарлары:

2001 жылғы ақпанда ҚР Парламентінің Төрағасы Ж.Тұяқбайдың ресми сапары өтті.

2022 жылғы 27-29 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісі комитетінің төрағасы А.Құспан және ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Н.Нұрсипатов жұмыс сапарымен Вильнюс қаласына барды.

Қазақстанға сапарлары:

2018 жылғы 26 қарашада ЛР Сеймі (парламенті) спикерінің орынбасары Р.Жемайтайтис «Астана – жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» халықаралық парламенттік конференциясына қатысты.

ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінде және Литваның Сеймінде парламентаралық достық пен ынтымақтастық топтары жұмыс істейді.

2021 жылғы 17 мамырда Елшіліктің бастамасымен бейнеконференция байланысы форматында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Литва Сеймінің парламентаралық ынтымақтастық топтарының отырысы өтті.

2022 жылғы 28 ақпан - 2 наурыз аралығында Литва Сеймінің Вице-спикері Й.Ярутис бастаған парламенттік делегациясының Астана мен Қарағанды қалаларына сапары өтті.

2023 жылғы 18-20 наурызда Литва Сеймінің Вице-спикері Ю.Сабатаускас және «Қазақстан-Литва» парламентаралық достық тобының төрағасы Э.Пупинис Қазақстандағы парламенттік сайлаудың бақылаушылары ретінде Астана қаласына келді.

Негізгі шарттар мен келісімдер

Негізгі құжат Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы шарт болып табылады (Алматы, 07.11.1993 ж.).

ҚР мен ЛР үкіметтері арасында екі ел арасындағы экономикалық өзара
іс-қимылды реттейтін негізгі келісімдер жасалды (сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, қосарланған салық салуды болдырмау).

Бірқатар үкіметаралық құжаттар көлік-логистикалық саладағы ынтымақтастықты реттейді (жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау, әуе және теміржол қатынастары).

Мәдени-гуманитарлық қатынастар «Білім, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы» үкіметаралық келісімге негізделеді.

Құқықтық мәселелер ҚР мен ЛР арасындағы «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы» шартпен реттеледі.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2017 жылдан бастап Литва Қазақстанның ЕО елдеріндегі ең ірі сауда серіктестерінің ондығына және әлемдегі ең ірі серіктестерінің отыздығына кіреді. Литва статистикасы бойынша Қазақстан Литваның 15-ші ірі сауда серіктесі болып табылады.

2023 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы 61,9%-ға төмендеп, 223,6 млн долларды құрады (2022 жылы – 585,9 млн доллар). Қазақстанның экспорты осы кезеңде 80%-ға төмендеп, 92,9 млн долларды құрады (2022 жылы 446,3 млн доллар). Елімізге импорт 130,7 млн доллар құрады.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 176 заңды тұлға жұмыс істейді (БК – 41, шетелдің қатысуымен – 135). Шағын бизнес -
128 компания (автомобиль саудасы, логистика, құрылыс, сақтандыру, өңдеу өнеркәсібі, жылжымайтын мүлік және т.б.).

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) ынтымақтастықты жандандырудың маңызды тетігі болып табылады.
Осы уақытқа дейін ҮАК-тің 13 отырысы өткізілді (соңғысы - 2021 жылғы
6 қыркүйекте бейнеконференция режимінде).

Комиссияның тең төрағалары: Қазақстан тарапынан – ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі К.Төребаев, литвалық тараптан – ЛР Экономика және инновациялар министрі А.Армонайте. Қазақстан-Литва ҮАК құрамында автомобиль көлігі және туризм жөніндегі жұмыс топтары жұмыс істейді.

2019 жылдың күзінде Балтық-Қазақстан экономикалық қауымдастығы (Рига қ.) Литвада филиал құрды.

2022 жылғы 15 маусымда «Kazlogistics» Қазақстанның көлік Одағы мен Литва өнеркәсіпшілері Конфедерациясы (ЛӨК) арасында Қазақстан-Литва Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларында тәжірибе алмасу белсенді жүзеге асырылуда.

Қазақстан мен Литваның жетекші жоғары оқу орындары арасында тығыз байланыстар мен стратегиялық әріптестік орнатылған. Жыл сайын 200-ге жуық қазақстандық студент Литва университеттерінде оқудан және тағылымдамадан өтеді (Литваның 4 жоғары оқу орны «Болашақ» бағдарламасына енгізілген, бұдан басқа литва университеттері қазақстандық студенттер үшін әртүрлі оқу гранттарын ұсынады).

Литвалық профессорлар, соның ішінде Литваның бұрынғы Білім министрі Д.Павалкис ҚР үш ірі медициналық ЖОО-да (Астана, Алматы, Қарағанды) ректор және проректор қызметтерін атқарды.

Литва денсаулық туралы ғылымдар университеті мен Вильнюс университеті қазақстандық білім беру жүйесіне озық медициналық стандарттар трансфертіне белсенді қатысуда.

2019 жылдан бастап елшілік Қазақстан авторларының литва тіліндегі кітаптарымен («Абай жолы», «Мұғалімнің оралуы», қазақ ертегілерінің жинағы және т.б.) «Vilnius Book Fair» халықаралық кітап көрмесіне қатысып келеді.

2019 жылдың көктемінде ҚР Елшілігі «Литвадағы қазақстандық көктем» I мәдени фестивалін ұйымдастырды, оның аясында елордада және Литваның басқа да ірі қалаларында қазақстандық кино күндері, концерттер, Наурыз мейрамын тойлау, көркем көрмелер өтті.

Спорттағы байланыстар белсенді дамуда. 2017 жылдан бастап Литвада «қазақша күрес» Еуропалық федерациясы тіркелген. 2021 жылдың тамыз айында Литва астанасында елімізде және өңірде алғашқы «тоғызқұмалақ» ойын федерациясы ашылды. Осы ойын бойынша мастер-класстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады, оның барысында литвалық оқушылар мен студенттер ойын негіздерін үйренеді.

Екі елдің жақындасуының маңызды факторы – тарихи жад. Литвада Қазақстанның қарапайым тұрғындары соғыстан кейінгі жаппай депортациялау жылдарында Литва отбасыларын құтқаруда қандай рөл атқарғанын жылулықпен еске алады.

2006 жылдан бастап Қазақстанға жер аударылған литвалықтардың жерлеу орындарында жөндеу-жинау жұмыстарын жүргізетін «Сібір миссиясы» Литва жастар экспедициясы келеді (ҚР-ға КСРО жылдары 20 мың литвалық жер аударылды). 2019 жылдың 17 қыркүйегінде Жезқазған қаласында (Ұлытау обл.) Кеңгір көтерілісінің 65 жылдығына арналған мемориал ашылды.

2017 жылдың қыркүйек айында Қарағандыда «Литва ауласы» Литва мәдениет және бизнес орталығы ашылды, онда Литва асханасы, сурет галереясы және конференц-зал жұмыс істейді.

2021 жылғы 6 желтоқсанда ҚР Елшілігі Литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» (авторы Е. Әбіл) кітабының тұсаукесерін өткізді.

2021 жылы ең ірі үш қалада – Вильнюсте, Қаунаста және Клайпедада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын және Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар мәдени іс-шаралар өтті.

2023 жылғы 8 тамызда Вильнюсте «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі мен Литваның «CPMA» жобаларды басқару орталық агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2023 жылғы 19 қыркүйекте ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы мен Литва Ғылым академиясы (ЛҒА) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Дата публикации
15 февраля 2023
Дата обновления
13 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 апреля 2024
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім
Ақпарат
25 апреля 2024
2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
Ақпарат
22 апреля 2024
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2023 жылғы 13 ақпанда Мәскеуде жасалған хаттама

Социальные медиа

Facebook
YouTube
Telegram
Twitter
Instagram

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары