Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Ватикан арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Ватикан арасындағы қатынастар

Жалпы ақпарат

17.10.1992 ж.

-

дипломатиялық қатынастар орнатылды

2001 ж.

-

Нұр-Сұлтан қаласында Апостолдық Нунциатура ашылды

ҚР Ватикандағы Елші

-

Әлібек Әсетұлы Бақаев (04.12.2020 бастап)

ҚР Апостолдық нунций

-

архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликат

(10.10. 2016 бастап)

         

Саяси ынтымақтастық

Жоғарғы деңгейдегі байланыстар

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаев

24.09.1998 ж.

-

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ватиканға алғашқы ресми сапары. Сапар барысында Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қарым-қатынастар туралы келісімге қол қойылды

6.02.2003 ж.

-

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Италияға ресми сапары аясындағы Рим Папасы Иоанн Павел II және Ватиканның Мемлекеттік хатшысы А. Соданомен кездесуі (Ватикан)

6.11.2009 ж.

-

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ватиканға ресми сапары. Сапар барысында Рим Папасы Бенедикт XVI және Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы Кардинал Т. Бертонмен кездесулері өтті

Рим Папасының Қазақстанға сапарлары

2001 ж.
22-25 қыркүйек

-

Рим Папасы Иоанн Павел II-ның Қазақстанға мемлекеттік пасторлық сапары. Папа Мемлекет Басшысымен, Қазақстан жастарымен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесіп, Құдай Анасының кафедралды соборында салтанатты литургия мен Қасиетті мессаны қызмет етті

Жоғары деңгейдегі байланыстар

2010 ж.
29 қараша – 4 желтоқсан

 

-

Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы кардинал Т. Бертоне Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстанның жоғары басшылығымен келіссөздер барысында ол Ватиканның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметін одан әрі қолдайтынына сенім білдірілді. Мемлекеттік хатшы этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы қазақстандық саясаттың жетістіктерін жоғары бағалай отырып, осы саладағы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді

2012 ж.
6 наурыз

-

Ислам Ынтымақтастық Ұйымында қазақстандық төрағалық шеңберінде Қазақстанның Швейцариядағы және Ватикандағы Елшілігінің бастамасы бойынша ИЫҰ-ға мүше елдердің Қасиетті Тақ жанында аккредиттелген елшілерінің Мемлекеттермен байланыс жөніндегі хатшысы (Ватиканның Сыртқы істер министрі) Д.Мамбертимен кездесуі өтті. Кездесу барысында елшілер Ватикан мен Израиль арасындағы болашақ келісімнің мәтінінде Палестина тарапының заңды аумақтық және заңды құқықтарын сақтау туралы өтінішін қамтыған ИЫҰ-ның хатын ресми түрде табыстады. Өз кезегінде Д. Мамберти Ватиканның Палестина халқының жаулап алынған аумақтарды өзін-өзі анықтауға және босатуға заңды құқықтарын қолдаудағы тұрақты ұстанымын растады

2012 ж.
5-9 қыркүйек

-

Папалық Легат, Кардиналдар алқасының деканы А. Соданоның Қазақстанға ресми сапары өтті. Бұл сапар Астана мен Ватикан арасындағы жоғары қарым-қатынастардың және толық өзара түсіністіктің дәлелі болды

2018 ж.
6 маусым

-

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Ватиканғы іссапармен барды. Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролинмен кездесу барысында тараптар жаһандық қауіпсіздікті нығайту және діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты жалғастыру мәселелерінде екі мемлекеттің ұстанымдарының жақындығын атап өтті

6.11.2021 ж.

-

ҚР Парламент Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы М. Әшімбаевтің Ватиканға ресми сапары өтті. Рим Папасы Францискпен кездесу барысында М. Әшімбаев ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың атынан VII Съезге шақыруды табыс етіп, алдағы форумда пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік және рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі талқыланатынын жеткізді. Өз кезегінде Рим Папасы шақыру үшін алғысын білдіріп, бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ, сапар аясында Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Кардинал П. Парольинмен және Дінаралық диалог жөніндегі Папа кеңесінің президенті Кардинал М. Аюсо Гиксотпен кездесулер өтті

 

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі

2003 ж.

-

Бірінші Съезде Қасиетті Тақтың делегациясын Евангелизм жөніндегі қауымның төрағасы кардинал Йозеф Томко (Ватикан) басқарды.

2006 ж.

-

Екінші Съезде Қасиетті Тақтың делегациясын Папалық Әділет және бейбітшілік кеңесінің құрметті төрағасы кардинал Роджер Этчегерай басқарды

2009 ж.

-

Үшінші Съезде Қасиетті Тақтың делегациясын Папалық дінаралық диалог кеңесінің президенті кардинал Жан-Луи Торан басқарды

2012 ж.

-

Төртінші Съезде Қасиетті Тақтың делегациясын Ватикан қала-мемлекеті істері жөніндегі Папалық комиссияның Құрметті Президенті, Ватикан қала-мемлекетінің губернаторы кардинал Джованни Лайоло басқарды

2015 ж.

-

Бесінші Съезде Қасиетті Тақтың делегациясын Папа дінаралық диалог кеңесінің президенті кардинал Жан-Луи Торан басқарды

2018 ж.

-

Алтыншы Съезде Қасиетті Тақтың делегациясын Папалық заң мәтіндерін түсіндіру кеңесінің президенті кардинал Франциско Коккопалмерио басқарды. Іс-шара барысында Ватиканның Папалық Кеңесіне дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің бірінші премиясы табыс етілді.

Негізгі шарттар мен келісімдер

  1. ҚР мен Ватикан арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Нота, 15.02.92 ж.
  2. Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісім, 24.09.98 ж. (18.10.12 ж. ратификацияланған).
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қасиетті Тақтың Мемлекеттік Хатшылығы арасындағы Қасиетті Тақтың дипломатиялық паспорттарының иелерін Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босату туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім, 31.01.13 ж. (19.09.13 ж. күшіне енді).

 

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
15 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
25 апреля 2024
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім
Ақпарат
25 апреля 2024
2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
Ақпарат
22 апреля 2024
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2023 жылғы 13 ақпанда Мәскеуде жасалған хаттама

Социальные медиа

Facebook
YouTube
Telegram
Twitter
Instagram

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары