Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Босния және Герцеговина арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1996 ж. 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы және Босния мен Герцеговина арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

БмГ-да ҚР Елшілігі жоқ, қызметін қоса атқаруды Загребте (Хорватия) орналасқан ҚР Елшілігі жүзеге асырады.

Қазақстанда БмГ-ның Елшілігі жоқ, қызметін қоса атқару функцияларын Мәскеуде (Ресей Федерациясы) орналасқан БмГ Елшілігі жүзеге асырады.

2018 жылғы 13 тамыздан бастап БмГ-да ҚР Құрметті Консулдығы жұмыс істейді. Құрметті Консул кәсіпкер Амель Диздаревич болып табылады.

Жоғары деңгейдегі байланыстар

ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Президент Қ.Тоқаев Босния мен Герцеговинаға сапарларды жасаған жоқ.

Босния мен Герцеговина Төралқасының төрағалары (мемлекет басшылары) Қазақстанға үш рет барды (жұмыс сапарымен Н.Радманович – 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу үшін, Б. Изетбегович-жұмыс сапарымен 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте ИЫҰ-ның Ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысу үшін, Ж.Цвиянович жұмыс сапарымен 2023 жылғы 7-11 маусымда Астана Халықаралық форумына қатысу үшін).

2023 жылғы 9 маусымда ҚР Президенті Қ.Тоқаев Босния мен Герцеговина Төралқасының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізді. Келіссөздер сенімді түрде өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық

Босния мен Герцеговинаға сапарлар:

- ҚР Парламенті Мәжілісі спикерінің орынбасары С.Дьяченко ҚР Президентінің 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ҚР өтінімін ілгерілету жөніндегі арнайы өкілі ретінде (2015 ж. 5 наурыз).

- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Бердалин ЕҚЫҰ миссиясы шеңберінде сайлауды байқауға қатысу үшін (2 қазан 2022 ж.).

ҚР-на сапарлар:

- Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесіне БмГ Б.Изетбегович парламенттік Скупщина халықтар палатасының төрағасы (22-25 қыркүйек 2019). Сапар барысында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында БмГ-нің тұңғыш президенті А.Изетбегович туралы кітаптың көрмесі мен тұсаукесері өтті.      

Көпжақты форматта 2019 жылғы 22 ақпанда ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин мен БмГ парламенттік Скупщина Өкілдері палатасының спикері Б.Криштомен кездесті.

ҚР Парламентінде БмГ-мен ынтымақтастық тобы құрылды. БмГ Парламенттік Скупщинасында Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі топ жоқ.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР ҚМ МКК деректеріне сәйкес, Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы өзара тауар айналымы 2023 жылы 3,27 млн. АҚШ долларды құрады (экспорт – 237,4 мың, импорт – 3 млн 33 мың). 2022 жылы екіжақты тауар айналымының көрсеткіштері 2,135 млн. болып қалыптасты (экспорт – 596 мың, импорт – 1 млн 539 мың). Экспортта турбореактивті және турбовинтті қозғалтқыштар басым. Импорт негізінен дәрі-дәрмектерден, жиһаздардан және ұсақ жабдықтардан тұрады.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2020 ж. желтоқсанда Босния және Герцеговина астанасында "Сараево Ескі қаласы" Тарихи ауданында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың мүсіні орнатылды, Абайдың таңдамалы шығармалар жинағының, сондай-ақ Жақыпбек Алтаевтың "Әл – Фараби - Шығыстан келген ұлы ойшыл" кітабының тұсаукесері ҚР Құрметті консулдығы мен "Бүркіт" іскерлік ынтымақтастық қауымдастығының қолдауымен Босния тілінде алғаш рет аударылып, басылып шықты.

2021 жылғы 14-15 желтоқсанда Сараево қаласында Босния мен Герцеговинадағы ҚР Құрметті консулдығының қатысуымен Елшіліктің ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтті.   ҚР Елшісі Төлежан Барлыбаев Сараево қаласының балалар кітапханасына барып, Тәуелсіздік күніне арнайы шығарылған Босниялық тілге аударылған "Алдар көсе" қазақ ертегілерінің кітаптарын жас оқырмандарға сыйға тартты.

2023 жылғы 13 ақпанда Сараевода ҚР Құрметті консулы А.Диздаревич пен Босниялық мүсінші, БмГ қолданбалы өнер Жоғары мектебінің профессоры, Халықаралық наградалардың лауреаты, Абай мүсінінің авторы Стиепо Гавричтің - II дәрежелі "Достық" ордендерімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

2023 жылғы 20 қазанда Босния мен Герцеговина астанасында Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Босния мен Герцеговинадағы ҚР Құрметті консулдығының қатысуымен Республика күніне орай танымал TURAN этно-фольклорлық ансамблінің мерекелік концерті өтті.

Дата публикации
15 февраля 2023
Дата обновления
12 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 апреля 2025
Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама).

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы