Қазақстан - Еуропалық одақ қатынастары
Жалпы мәлімет
1993 ж. 2 ақпанда – дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1993 ж. желтоқсанда – Брюссельде Еуропалық Одақ жанындағы Қазақстан Республикасының өкілдігі ашылды.
1994 ж. қарашада – Қазақстан Республикасында Еуропалық Одақтың өкілдігі ашылды (2007 ж. Астана қаласына көшірілді).
2021 ж. 19 сәуірден бастап Қазақстанның ЕО жанындағы Өкілдігінің Басшысы және Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Баймұхан Марғұлан Бақытұлы болып табылады.
2021 ж. қыркүйектен бастап ЕО-ның Қазақстандағы Өкілдігінің Басшысы Кестутис Янкаускас болып табылады (Литва Республикасы).
Саяси ынтымақтастық
Еуропалық Одақ – Қазақстанның басты саяси және экономикалық серіктесінің бірі.
ҚР-ЕО екіжақты құрылымдары:
Сарапшылық деңгейде 3 Кіші комитет жұмыс атқарады:
Жоғарғы деңгейдегі байланыс
Қазақстан Республикасының Президенттері Брюссельге 10 рет сапар жасады: 5 ресми сапар – Н.Назарбаев (1993, 2000, 2002, 2010 жж.), Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге алғашқы ресми сапар 2021ж. 25-26 қарашада өтті; және 5 жұмыс сапар – Н. Назарбаев (2006, 2010, 2014, 2016, 2018 гг.).
Мемлекет басшысы 2022 ж. қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ БА аясында Еуропалық Кеңестің Президенті Ш.Мишельмен және Еуропалық Комиссияның Президенті У. фон дер Ляйенмен кездесулер, сондай-ақ 2023 ж. маусымда Чолпон-Атада өткен ОА-ЕО саммиті аясында Ш.Мишельмен кездесу өткізді.
Еуропалық Кеңестің Президенттері Қазақстанға 3 рет сапар жасады: Х. Ван Ромпей (2010 ж.), Д.Туск (2019 ж.) және Ш. Мишель (2022 ж.).
Еуропалық Комиссияның Президенті Қазақстанға 1 сапар жасады: Ж. Баррозу (2013 ж.).
Жоғарғы деңгейдегі байланыс (2010-2021 ж.)
Қазақстанға ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі К.Эштон (2010, 2012, 2013 жж.), Ф.Могерини (2015 ж.) және Ж. Боррелл (2022 ж.), Еуропалық Комиссияның атқарушы Вице-президенті В. Домбровскис (2023 ж. мамыр), Еуропалық Комиссияның мекемеаралық қатынастар мен болжамдау жөніндегі Вице-президенті М. Шевчович (2023 ж. маусым), Еуропалық Комиссияның еуропалық тұрмыс дәстүрін ілгерілету жөніндегі Вице-президенті М. Схинас (2024 ж. қаңтар) және Ауыл шаруашылығы жөніндегі Еуропалық Комиссар Я. Войчеховский (2023 ж. мамыр) сапар жасады.
Бельгияға : ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов (2012 ж.), Сыртқы істер министрлері Е.Қазыхан (2011, 2012 жж.), Е. Ыдырысов (2013, 2016 жж.), Қ.Абдрахманов (2018 ж.), М.Тілеуберді (2020 ж., 2021 ж. мамыр және 2022 ж. қаңтар, 2022 ж. маусым - Люксембург), М.Нұртілеу (2023 ж. мамыр, 2023 ж. қазан - Люксембург), ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Т. Сүлейменов (2022 ж. наурыз), ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Е.Қазыхан (2021 ж. маусым, 2022 ж. наурыз, 2024 ж. қаңтар), ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі Э.Әзімова (2021 ж. шілде, 2022 ж. наурыз, қазан), ҚР Әділет министрі М. Бекетаев (2021 ж. қыркүйек), ҚР Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов (2021 ж. қазан), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскембаев (2022 ж. қараша), Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Қаржы министрі Е. Жамаубаев (2023 ж. наурыз), Ішкі істер министрі Е. Сәденов (2023 ж. қазан) сапар жасады.
Негізгі келісімшарттар
Қазақстан – Еуропалық Одақ қарым-қатынастарының алғашқы құқықтық бекітілуі 1995 ж. 23 қаңтарда ҚР мен ЕО арасындағы Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімі (ӘЫК) жүзеге асырылды (1999 ж. 1 шілде күшке енді).
Қазақстан мен ЕО ӘЫҚ-ға қол қойылғаннан кейін маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге ұшырағандықтан, аталған өзгерістерді көрсетуге арналған жаңа базалық келісім жасасу туралы шешім қабылданды.
2011 ж. маусым – 2014 ж. қазан аралығында, Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімі бойынша келіссөздер жүргізілді (халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, сауда, инвестициялар, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инновациялар, мәдениет, спорт және туризм мәселелерін қоса алғанда, өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтиды).
2015 ж. 21 желтоқсанда КӘЫК-не қол қойылды
2016 ж. 25 наурызда ҚР Президенті КӘЫК-ті ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды.
2016 ж. 1 мамырда ЕО құзыретіне кіретін КӘЫК-тің жекелеген ережелерін уақытша қолдану басталды.
2017 ж. 12 желтоқсанда Еуропалық Парламент КӘЫК-ті жасасуға басым көпшілік дауыспен келісім берді.
Келісім 2020 ж. 1 наурызда толық күшіне енді.
2022 ж. 7 қарашада ҚР – ЕО арасындағы шикізат, аккумуляторлық батареялар мен жасыл сутектің тұрақты құн тізбектері жөніндегі стратегиялық әріптестік туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференция (COP27) аясында ҚР Премьер-Министрі А. Смайылов пен Еуропалық комиссия Президенті У. фон дер Ляйен қол қойды.
2023 жылғы 19 мамырда Алматыда өткен ЕО-ОА екінші экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі А.Смайылов пен ЕК Атқарушы вице-президенті В.Домбровскистің қатысуымен «ҚР-ЕО ынтымақтастық құралы» (Cooperation Facility) қаржылық келісіміне қол қойылды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Еуропалық Одақ Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. Қазақстандық сыртқы сауда мен жинақталған шетелдік инвестициялардың жартысына жуығы ЕО үлесіне тиесілі.
2023 жылғы қаңтар-қарашада тауар айналымы 37,7 млрд. долл. (+ 3,2%), экспорт - 28,1 млрд. долл. (-6,4%), импорт - 9,6 млрд. долл. (+ 32,3%) құрады.
2022 ж. тауар айналымы 40 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылға қарағанда 27,6%-ға жоғары (28,9 млрд. АҚШ). Экспорт – 32,4 млрд. АҚШ долларын, импорт – 7,6 млрд. АҚШ долларын құрады.
Анықтама: ҚР-нан ЕО елдеріне экспортталатын негізгі тауарлар: шикі мұнай, мұнай өнімдері, уран, сутегі, инертті газдар және өзге де бейметалдар, ферроқорытпалар, зығыр тұқымдары, титан және одан жасалатын бұйымдар, таралмаған мақта талшығы, мыстан жасалған мыс және катодтар, табиғи газ болып табылады.
ЕО елдерінен ҚР-на импорттың негізгі тауарлары: бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар, құбырларға арналған арматура, қара металдардан жасалған есептеу машиналары, құбырлар, түтіктер және тігіссіз профильдер, ыдыс жуатын машиналар, сыйымдылықтарды толтыруға және тығындауға арналған жабдықтар, тауарларды буып-түю, қара металдардан жасалған өзге де бұйымдар, вакциналар, қан сарысулары, қан, автомобильдерге арналған шанақтар болып табылады.
2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЕО-дан тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) ағыны 5,2 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 4,1%-ға төмен. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 23%-ға жоғары, ЕО елдерінен ТШИ-дің негізгі үлесі Нидерландыға, Бельгияға, Францияға, Германияға, Италияға, Кипрге және Люксембургке тиесілі.
Сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетуде ҚР Премьер-Министрі мен Астанадағы ЕО елшілерінің қатысуымен экономикалық және іскерлік мәселелер бойынша кездесулер маңызды рөл атқарады (11 отырыс өтті).