Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы қатынастар

Қазақстан Жапония қарым-қатынастары

 

1992 жылы 26 қаңтарда дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1993 ж. Жапонияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

1996 ж. Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі ашылды.

ҚР-дың Жапониядағы Елшісі С.Есімбеков (2021 ж. мамырдан).

Жапонияның ҚР-дағы Елшісі Д.Ямада (2021 ж. сәуірден).

 

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынас тұрғысында сипатталады. 2016 ж. екіжақты қарым-қатынастар жаңа сапалы деңгейге – кеңейтілген стратегиялық серіктестікке дейін көтерілді.

ҚР Президенті Н.Назарбаев Жапонияға 5 мәрте сапар жасады. Жапония Премьер-Министрлері Қазақстанға 2 мәрте сапармен келді.

1994 ж. бері Жапонияда Қазақстанмен Парламенттік достық лигасы жұмыс істейді. 2004 ж. ҚР Парламенті Сенатында Жапониямен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі топ құрылды. Ал 2005 ж. бері ҚР Парламенті Мәжілісінде дәл осындай топ жұмыс істейді.

           2021 ж. 31 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулиннің Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының Төрағасы Т.Ошимамен онлайн видеоконференция арқылы кездесуі өтті.

Жапония Семей өңірі бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы қарарының тең авторы және 1999 ж. қыркүйекте Токио қаласында бұрынғы Семей полигонының проблемалары жөніндегі ірі халықаралық конференцияны өткізудің бастамашысы болды. 1998 ж. наурыздан бастап ҚР аумағындағы ядролық сынақтардың зардаптарын зерделеуге қатысты бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Семей, Хирошима және Нагасаки қалаларының медициналық және қоғамдық мекемелері арасында тығыз байланыстар орнатылған.

2015-2017 жж. Қазақстан мен Жапония Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСТШ) күшіне енуіне қолдау көрсету жөніндегі 9-шы конференцияның тең төрағалары міндеттерін атқарды.

2022 ж. 29 сәуірде Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяшидің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті. Сапар барысында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевқа ізеттілік кездесуі және ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеубердімен екіжақты келіссөздері өтті.

2022 жылғы 27 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэнің мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты. Іс-шара соңында қазақстандық делегация басшысын Жапония Премьер-Министрі Ф.Кишида қабылдады.

2022 жылғы 1 желтоқсанда Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі мен Жапония үкіметінің шақыруымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаев бастаған қазақстандық делегация Токиодағы Орталық Азия инвестициялық форумына қатысты.

2022 жылғы 23-24 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді Токиоға "Орталық Азия + Жапония" 9-шы СІМК-не қатысу үшін сапары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2022 жылы тауарайналым 1,9 млрд. АҚШ долл. (+71%), оның ішінде экспорт-782 млн. АҚШ долл. (+40%), импорт - 1132 млн. АҚШ (+102%).

ҚР-дың Жапонияға негізгі экспорттық тауарлары: ферроқорытпалар (87%), шикі мұнай (10%), алюминий (1%), тантал (1%).

Жапониядан ҚР-ға импортталатын негізгі тауарлар: автомобильдер (65%), жүк көлігі (4%), құрылыс техникасы (4%), автошиналар (3%), медициналық жабдықтар (2%).

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректері бойынша Жапония 1993 жылдан бері 7,9 миллиард доллардан астам инвестициямен жалпы ТШИ ағыны бойынша Қазақстандағы 10-шы ірі шетелдік инвестор болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметі бойынша, Жапониядан ҚР-ға ТШИ ағыны 2021 жылы $239 млн (-18%), 2022 жылдың 3-тоқсанында $226 млн (33+%) құрады. 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 62 жапондық компания тіркелген.

Қазақстан мен Жапонияның Үкіметтік және жеке секторларының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясы (ҮАК) қызмет етеді.

2018 ж. 27 маусымда Астанада комиссияның 7-ші отырысы өтті.

Бірлескен комиссияның құрамында екі елдің іскер топтарының өкілдерін біріктіретін Қазақстан-Жапон Іскерлік кеңесі бір мезгілде жұмыс істейді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2020 ж. 12 қазанда Токиода Жапонияның саяси, мәдени және қоғамдық топтарының, сондай-ақ дипломатиялық корпустың қатысуымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының жапон тіліндегі алғаш рет жарық көрген шығармаларының тұсау кесері өтті.

           2020 жылдың желтоқсанында Жапонияда "Әл-Фараби орталығының" салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара ғалым және философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын тойлаудың маңызды оқиғасы болды.      

           2021 ж. 15 наурызда Жапония Үкіметінің атынан 3,7 млн. АҚШ долл. көлемінде гуманитарлық грант беру жөнінде келісімге қол қойылды.

2021 ж. 15 сәуірде Жапониядағы қазақтар қауымдастығы құрылды.

2022 ж. 19 маусымында Токиодағы Akasaka Kumin Center концерттік залында Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан мен Жапония арасында дипломатиялық қатынас орнатуының 30 жылдығына арналған «Жібек жолы – мәдениет пен достық көпірі» атты қазақ ұлттық музыкасының концерт өтті.

2022 ж. 22-25 қыркүйекте «Kazakh Tourism» ҰК өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының туристік компаниялары Жапониядағы «JATA-2022» ірі туристік көрмесіне қатысты.

Шарт-құқықтық база

  • Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция (2009 ж. желтоқсанда күшіне еніп, 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданыста);
  • Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы келісім (2011 ж. 6 мамырда күшіне енді);
  • Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім (2015 ж. 25 қазанда күшіне енді);
  • 2016 ж. 7 қарашада Астанада ҚР мен Жапонияның дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін 2017 ж. 1 қаңтардан бастап визалық талаптардан босату туралы вербалдық ноталар алмасу рәсімі өтті.
Дата публикации
18 марта 2022
Дата обновления
27 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 апреля 2024
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім
Ақпарат
25 апреля 2024
2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
Ақпарат
22 апреля 2024
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2023 жылғы 13 ақпанда Мәскеуде жасалған хаттама

Социальные медиа

Facebook
YouTube
Telegram
Twitter
Instagram

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары