Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 30 наурызда орнатылды.

2003 ж. қарашада Сингапурда ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылып, ол 2008 ж. 11 желтоқсанда ҚР Елшілігі болып қайта құрылды.

2022 ж. 21 қазанынан бастап Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі –  Асқар Сейдахметұлы Құттықадам.

2014 ж. 28 мамырдан бері резиденциясы Сингапурда орналасқан Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі – Зулкифли бин Бахарудин.

 

Саяси ынтымақтастық

ҚР Президенті Н.Назарбаев Сингапур Республикасына 1996 ж. (ресми сапар) және 2003 ж. (мемлекеттік сапар) барды.

Сингапурдың Премьер-Министрі Ли Куан Ю Қазақстанға 1991 ж. қыркүйекте сапармен барды.         

Саяси диалогты тереңдету үшін ҚР Үкімет басшыларының (2010 ж. қазан, 2015 ж., 2018 ж. қараша) Сингапурға сапарлары, сондай-ақ Сингапурдың Премьер-Министрі, Құрметті аға министрі Го Чок Тонгтың
Қазақстанға сапары өтті (2016 ж. қыркүйек).

2016 ж. 11 шілдеде Астана қаласында бірінші Қазақстан-Сингапур арасындағы саяси консультациялар өтті және оның қарсаңында cыртқы істер министрлері деңгейінде сапарлар жасалды.

2019 ж. 1 қазанда Ереванда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес алаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Сингапур Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен кездесті.

2021 ж. 11 қаңтарда Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан мен Сингапур сыртқы саяси мекемелері арасында видеоконференц-байланыс форматында саяси консультациялар өтті.

2021 ж. 21 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ БА 76-шы сессиясы шеңберінде СР Сыртқы істер министрі В. Балакришнанмен кездесу өткізді.

2022 ж. 14-17 тамызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М. Тілеубердидің Сингапур республикасына ресми сапары  аясында, Сингапур Республикасының Президенті Х.Якобпен, Қаржы Вице-премьері Л. Вонгпен, министр В. Балакришнанмен, Сыртқы істер сауда және өнеркәсіп, еңбек ресурстары министрі Тан Си Ленгпен келіссөздер жүргізілді.

2022 ж. 10-14 қазанда СР Премьер-Министр Кеңсесінің Министрі
М.Осман бастаған Сингапур делегациясының АӨСШК-нің 6-шы Саммитіне (Астана қ.) қатысу үшін ҚР-ға сапары өтті.

 

 

 

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2022 жылы екіжақты тауарайналым 1,9 млрд. АҚШ долл. (+65,1%), оның ішінде ҚР-дың СР-ға экспорты – 1,87 млрд. АҚШ долл. (+67,8%),
СР-дан ҚР-ға импорт – 47,1 млн. АҚШ (+0,5%) құрады.

Экспорттың негізгі тауарлары: мұнай өнімдері, қара және түрлі-түсті металдар.

Импорттың негізгі тауарлары: химиялық өнімдер, құрал жабдықтар, электроника.

ҚР Ұлттық статистика бюросына сәйкес, 2023 жылғы наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында Сингапур капиталының қатысуымен жұмыс істеп тұрған 144 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген.

2010-2022 жж. аралығында Сингапурдан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 1 млрд. АҚШ долл. құрады.

2022 ж. 3-тоқсанында СР-дан ҚР-ға шетелдік инвестициялар ағыны 310,7 млн. АҚШ долл., Қазақстан Республикасынан шетелге ағыны – 11 млн. АҚШ долларын құрады.

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Жыл сайын 100-ге жуық қазақстандық студенттер Сингапурдың озық жоғары оқу орындарында білім алуда.

2012 ж. бастап Назарбаев Университеті мен Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебі арасында «ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісім жұмыс істейді. Мемлекеттік саясат мектебі Назарбаев Университетінің стратегиялық серіктесі мәртебесіне ие.

2016 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп Қазақстанда «Management Development Institute of Singapore» (MDIS) филиалын құру, білім беру саласындағы ірі жобалардың бірі болып табылады.

 

Дата публикации
18 марта 2022
Дата обновления
27 июля 2023
Тип

Сейчас читают

21 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
Ақпарат
02 апреля 2025
Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы