Жалпы мәліметтер
Ресми атауы – Қытай Халық Республикасы.
Аумағы – 9,59 млн. км2 (Ресей Федерациясы мен Канададан кейінгі 3-ші орын). 14 елмен шектеседі. Құрлық шекарасының ұзындығы – 22,8 мың км. Континентальды бөлігі Сары, Шығыс Қытай және Оңтүстік Қытай теңіздерінің суларымен жуылады, жағалау ұзындығы 18 мың км-ден асады.
Әкімшілік бөлініс – 23 өлке, 5 автономиялық аудан (Шыңжаң-Ұйғыр, Тибет, Ішкі Моңғолия, Гуанси-Чжуан, Нинся-Хуэй автономиялық аудандары), 4 орталық бағынысты қала (Бейжің, Тяньцзинь, Шанхай, Чунцин) және 2 арнайы әкімшілік аудан (Сянган және Аомэнь).
Астанасы – Бейжің қаласы (1949 ж. 27 қыркүйектен бастап, халқы - 21,89 млн. адам).
Халық тығыздығы – 1,41 млрд. Адам (Сянган, Аомэнь АӘА және Тайваньды санамағанда). Сянган АӘА (Гонконг) халқы – 7,33 млн. адам, Аомэнь АӘА (Макао) – 683,2 мың адам және Тайвань – 23,3 млн. адам.
ҚХР-да 56 ұлт тұрады. Ханьдар (қытайлар) халықтың 91,11% құрайды. 1 миллионнан астам адамнан тұратын негізгі 18 ұлттық азшылық: чжуандар, дунгандар, маньчжурлар, ұйғырлар, миао, и, туцзя, тибеттіктер, моңғолдар, дундар, буй, яо, бай, корейлер, хандар, ли, қазақтар және дайлар.
Дін – Қытай – 4 негізгі дін танылатын және сақталатын зайырлы мемлекет. Олар – буддизм (қытайлық, тибеттік және пали буддизмі), даосизм, ислам (суннизм) және христиандық (католицизм және протестантизм).
Ұлттық мерекелер – Қытайдың Жаңа жылы (ай күнтізбесінің 1-ші күні), ҚХР-дың құрылған күні (1 қазан).
Мемлекеттік тіл – қытай тілі («путунхуа» диалектісі – нормативтік жалпы мемлекеттік тіл), БҰҰ-ның алты ресми тілінің бірі.
Ақша бірлігі – юань (RMB).
Мемлекеттік құрылым
Қытай – «жұмысшы табы басқаратын (ҚКП арқылы) және жұмысшылар мен крестьяндар одағына негізделген халықтың демократиялық диктатурасының социалистік мемлекеті». Басқару нысаны – бір партиялы парламенттік республика.
ҚХР мемлекеттік органдарының құрамына – Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы (БХӨЖ) және әртүрлі сатылардағы халық өкілдерінің жергілікті жиналыстары (ХӨЖЖ), ҚХР Төрағасы, Мемлекеттік кеңес (МК) және әртүрлі сатылардағы жергілікті халық үкіметтері, Орталық әскери кеңес (ОӘК), мемлекеттік сот органдары және мемлекеттік құқықтық қадағалау органдары кіреді.
Мемлекет басшысы – ҚХР Төрағасы, ОӘК төрағасы (2013 жылғы наурыздан бастап), ҚКП ОК Бас хатшысы, ҚКП ОК Әскери кеңесінің (ӘК) Төрағасы (2012 жылғы қарашадан бастап) – Си Цзиньпин. 2018 ж. және 2023 ж. наурызда ҚХР және ҚХР ОӘК төрағасы лауазымына, сондай-ақ 2017 ж. және 2022 ж. қазанда ҚКП ОК Бас хатшысы және ҚКП ОК ӘК төрағасы лауазымына қайта сайланды.
Заң шығарушы билік – Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы (БХӨЖ). БХӨЖ Тұрақты комитетінің төрағасы - Чжао Лэцзи (2023 жылдың наурызынан бастап).
Атқарушы билік мемлекеттік кеңеске (Мемлекеттік кеңес) тиесілі. Мемлекеттік кеңестің Премьері - Ли Цян (2023 жылдың наурызынан бастап).
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің құрамында Премьердің 4 орынбасары бар (2023 жылғы наурыздан бастап): Дин Сюэсян, Хэ Лифэн, Чжан Гоцин, Лю Гочжу.
Саяси партиялар
Қытайда 8 саяси партия жұмыс істейді. Жетекші және басқарушы партия – Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП), 1921 жылы 1 шілдеде құрылған, әлемдегі ең ірі партия болып табылады (2022 жылдың маусымында партия мүшелерінің саны 96,71 млн.)
Партияның жоғары басқарушы органдары – ҚКП Бүкілқытайлық съезі (5 жылда 1 рет шақырылады) және ҚКП Орталық Комитеті (ҚКП ОК пленумы жылына кемінде 1 рет шақырылады).