Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Филиппин Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстандық-филиппиндік қатынастар

 

Филиппин Республикасы Қазақстанның тәуелсіздігін 1992 ж. 22 қаңтарда таныды.

Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 25 наурызда орнатылды.

2020 ж. 22 мамырда ҚР-дың Индонезиядағы Елшісі Д. Сарекенов ҚР-дың Филиппиндердегі Елшісі міндетін қоса атқарушы болып тағайындалды (өз міндетін атқаруды 2021 ж. 28 маусымда ресми түрде бастады).

И.Байлен орналасу жері Мәскеу болып табылатын Филиппиндердің ҚР-дағы елшісі болып тағайындалды.

Саяси ынтымақтастық

Аса жоғары деңгейдегі кездесулер:

2003 ж. 10-12 қараша – ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Манилаға алғашқы мемлекеттік сапары (2003 ж. 11 қарашада сапар барысында ҚР мен Филиппиндер арасындағы достық және ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияға, дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің визасыз сапарлары туралы үкіметаралық келісімге, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды).

Жоғары деңгейдегі кездесулер:

2008 ж. 12-13 қараша – ҚР Парламенті Сенатының Спикері Қ. Тоқаевтың Филиппиндердің Президенті Г. Арройомен Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысы шеңберіндегі кездесуі;

2011 ж. 28-30 маусым – Филиппиндердің Сыртқы істер хатшысының орынбасары Р. Сергиустың Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің Астанадағы 38-ші кеңесіне қатысу мақсатындағы сапары;

2012 ж. 2-5 мамыр – ҚР Қаржы вице-министрі Р. Даленов бастаған қазақстандық делегацияның Азия Даму Банкінің (АДБ) Басқарушылар кеңесінің 45-ші жыл сайынғы отырысына қатысу мақсатындағы Манилаға сапары;

2014 ж. 1 қазан – Маниладағы бірінші қазақстандық-филиппиндік саяси консультациялар (қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Мусинов, филиппиндік делегацияны Филиппиндердің Сыртқы істер хатшысының орынбасары Л. Росарио бастады).

2021 ж. 24 қыркүйек – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М. Тілеубердінің Филиппиндердің Сыртқы істер хатшысы Теодоро Локсинмен БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының жиектеріндегі Нью-Йорктегі кездесуі.

Парламентаралық ынтымақтастық:

2019 ж. 23-24 қыркүйекте Филиппиндердің Конгресі Өкілдер палатасының вице-спикері Ранео Абу Астанада өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV отырысына қатысты.

Көпжақты ынтымақтастық:

2012 ж. 27-29 тамыз – АСПХК Тұрақты комитетінің тең төрағасы Хосе де Венецияның және Филиппиндердің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушылардың Шарттың қолданысын қарастыру бойынша 2010 жылғы конференциясының төрағасы Л. Кабактуланның «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияның жұмысына қатысу мақсатындағы Астана, Семей және Курчатовқа сапарлары;

2012 ж. 12 қыркүйек – Филиппиндердің Түркиядағы Елшісі М. Аларилланың және Филиппиндердің Сыртқы істер департаментінің Еуропалық істер жөніндегі офисінің директоры К. Мангунайдың АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің мерейтойлық сессиясына және 4-ші кеңесуіне қатысу мақсатындағы  Астанаға сапарлары;

2013 ж. 21-25 мамыр – ҚР-дың Филиппиндердегі Құрметті Консулы Д. Уи бастаған филиппиндік бизнес делегацияның V Астаналық экономикалық форумның жұмысына қатысу мақсатындағы сапары;

2017 ж. 20-21 наурыз – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М. Сәрсембаевтың Азиялық сайлау органдары ассамблеясының отырысына қатысу мақсатындағы Манилаға сапары.

2022 ж. 31 наурызда Елші Д. Сарекенов ФР Қаржы департаментінің ассистент-хатшысы (хатшының орынбасары деңгейі) және БҰҰ Жасыл климаттық қоры Атқарушы кеңесінің баламалы мүшесі Паола Шерина Альвареспен кездесті.

Экономикалық ынтымақтастық

2022 ж. тауарайналым $27,09 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде ҚР-дан ФР-на экспорт – $5,9 (+58,8%) ФР-дан ҚР-ға импорт –$27,04  мың (+25,4%).

Дата публикации
02 декабря 2021
Дата обновления
27 июля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 апреля 2025
Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Ақпарат
03 марта 2025
Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама).

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы