Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы қатынастар

Қазақстан-Моңғолия қарым-қатынастары

 

Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 22 қаңтарда орнатылды.

2022 ж. тамыздан бастап Моңғолиядағы ҚР Елшісі болып Ғ.Қойшыбаев тағайындалды.

2021 ж. қыркүйекте Д.Баярхуу ҚР-дағы Моңғолияның Елшісі етіп тағайындалды.

1997 ж. мамырдан 2007 ж. қаңтарға дейін Ұлан-Батырда ҚР Дипломатиялық миссиясы әрекет етіп, ҚР Президентінің Жарлығымен             (2006 ж. 2 желтоқсан) Моңғолиядағы ҚР Елшілігі етіп қайта құрылды.

ҚР аумағында Моңғолияның Елшілігі (Астана) және Моңғолияның Консулдық бекеті (Алматы) қызмет етеді.

 

Саяси ынтымақтастық

ҚР Президенті Н.Назарбаев Моңғолияға 2 ресми (1993 ж. қазан, 1999 ж. сәуір) және 1 мемлекеттік сапар (2008 ж. тамыз) жасады.  

1998 ж. Моңғолияның Президенті Н.Багабандидің Қазақстанға ресми сапары, ал 2007 ж. Моңғолияның Президенті Н.Энхбаярдың мемлекеттік сапары өткізілді. 2017 ж. 8-11 маусымда Моңғолияның Президенті Ц.Элбэгдорж ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің мәжілісіне және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапармен келді.

2019 ж. 10-12 қазанда Моңғолияның Премьер-Министрі У.Хурэлсух Қазақстанға ресми сапар жасады. ҚР Премьер-министрі А.Маминмен келіссөздер және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен кездесу өткізілді. 7 ресми және 8 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

2021 ж. 11-12 қазанда Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Б.Батцэцэг өзінің ресми сапары аясында Астанада болған АӨСШК-ге қатысушы елдердің министрлер кездесуіне қатысты.

2022 жылғы 12-13 қазанда Астана қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) VI Саммитіне Моңғолия Президентінің арнайы өкілі ретінде Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары С.Амарсайхан қатысты.

 

Сауда-экономикалық қатынастар

2022 ж. қаңтар – желтоқсан айларында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауарайналым $104,1 млн. құрап, оның ішінде экспорт $97,1 млн., ал импорт $7,0 млн.құрады.  

Анықтама: өзара сауда 2021 ж. 60,9 млн. долл. құрады, оның ішінде экспорт - 58,5 млн.долл., импорт – 2,44 млн.долл. 

Моңғолияға экспорттың негізгі тауарлары болып темекі өнімдері, рапс тұқымдары, нан және ұннан жасалған кондитерлік тағамдар, майлы дақылдардың дәндері мен жемістері, тамақ өнімдері (кофе, шоколад),                  сондай-ақ қозғалтқыштар мен машина жасау өнеркәсібінің өнімдері табылады.

Моңғолиядан келетін импортқа - ет пен ет өнімдері, пайдаланылмаған пошта маркалары, елтаңбалы қағаз, бағалы қағаздардың ұқсас түрлері, кашемир, кілемдер және жүн өнімдері кіреді.

Екіжақты Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия қызмет жасауда. Үкіметаралық комиссияның 8-мәжілісі 2020 ж. 25 қарашада онлайн түрде өткізілді.

2020 жылы әлемдік індетке байланысты тоқтатылған Алматы-Ұлан-Батыр бағыты бойынша тікелей әуе қатынастар 2022 ж. мамыр айынан бастап қайта жандандарылды.

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Екі ел арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық дамып, дәстүрлі Моңғолия қазақтарының  құрылтайы өтіп келуде.

Бұдан басқа, «Балдаурен» (Бурабай) балалар ойын-сауық-сауықтыру орталығына жыл сайын мектеп пен мектепке дейінгі жастағы этникалық қазақ балаларын жіберу бойынша белсенді жұмыс жүзеге асырылуда.                         2018 ж. 30 бала квота бойынша Қазақстанда демалды.

2010 ж. қарашада Астанада Моңғолияның ҚР-дағы мәдениет күндері өткізілді.

2018 ж. 17 қазанда ҚР Үкіметі 2018 ж. шілдеде сел тасқындарынан зардап шеккен Моңғолияның аудандарын, соның ішінде Баян-Өлгий аймағын қалпына келтіру үшін 500 мың долл. сомасында гуманитарлық көмек бөлді.

2019 ж. 9-10 қыркүйекте А.Бабиұлы атындағы орталық кітапханада (Баян-Өлгий қаласы) ҚР Ұлттық академиялық кітапхана, «Отандастар қоры» АҚ, «Казконтент» АҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетінің орталығы ашылды.  

2019 ж. 28-30 қарашада Ұлан-Батырда отандық кинофильмдер көрсетілімі ұйымдастырылып, Қазақ киносының күндері өткізілді.

2022 ж. 24 тамызда Ұлан-Батырда Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының бірлесіп жүргізген археологиялық экспедициясы нәтижесінде Моңғолияның Архангай аймағының, Номғон жазығынан  Түрік қағандығының негізін қалаушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен мен жазу табылғанына орай баспасөз-конференция өтті.

2022 ж. 13 желтоқсанда Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың  30-жылдық мерейтойына арнайы                   ҚР-дың Моңғолиядағы Елшілігі ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

 

Шарттық-құқықтық база.

1991 ж. бері Қазақстан мен Моңғолия 60 астам екіжақты шарттар мен келісімдерге қол қойды. 2022 ж. Қазақстан Республикасы және Моңғолия арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 29 жыл толды.

Дата публикации
18 марта 2022
Дата обновления
27 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
01 апреля 2026
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім
Мақалалар
01 апреля 2026
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Союз-5» ғарыш зымыран кешені мен «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарын жүргізу жөнінде Қазақстан-Ресей мемлекетаралық комиссиясын құру туралы келісім
31 марта 2026
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесі мүшелерін аккредиттеу үшін өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты