Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібі

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының

пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі

ведомствоаралық комиссия отырысының

2022 жылғы 6 сәуірдегі хаттамасымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан

2020  жылғы 11  мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі

өту тәртібі

 

1. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша шектеулер енгізіледі, келесі адамдарды қоспағанда:

1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары), сондай-ақ шет мемлекеттердің дипломатиялық және қызметтік паспорттары иелері - визалық талаптарды сақтай отырып, егерде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп қарастырылмаған болса;

2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстанға жіберілген ресми делегация және халықаралық ұйымдардың делегация мүшелері;

3) Қазақстан Республикасында аккедиттелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері  (ерлі-зайыптылар, олардың ата-аналары мен балалары);

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы «С1», «С10» санатындағы визасы немесе қазақ ұлтына тиесілігі туралы белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттары (паспорт, жеке бас куәлігі, туу туралы куәлік және нотариалды куәландырылған аудармасымен бар т.б.) бар  болғанда этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері  (ерлі-зайыптылар, ата-аналары мен балалары);

5) поезд және локомотивтік бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процестеріне, жүктерді және халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын поездарды қабылдау, тапсыру және алып жүру операцияларына қатысатындар;

6) қазақстандық әуекомпаниялардың қызметкерлері (мәртебесін растаған жағдайда) және олардың отбасы мүшелері  (ерлі-зайыптылар, ата-аналары мен балалары);

7) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарда және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарда қызметтік міндеттерін атқаратын және куәландырылған атаулы тізімінде бар персоналдар;

8) шет мемлекеттердің Үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері, мәртебесі расталған кезде;

9) бұрын шет мемлекетке шығып кеткен Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ адамның куәлігімен құжаттаған азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына қайтып оралған кезде;

10) жедел әдістермен емделуге ғана келетін (еріп келетіндер екі ересек адамнан аспайтын), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізім негізінде) жазбаша шақыруы барлар;

11) туыстығын растайтын құжаттары болған кезде отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (ерлі-зайыптылар, ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) жерлеуге бара жатқандар, сондай-ақ олармен бірге еріп жүретін ерлі-зайыптылар мен кәмелеттік жасқа толмаған балалар, және қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін (мәйітін) жерлеу орнына бірге келетіндер;

12) емдеу орнынан ауыр науқастығын растайтын құжаттары болған кезде ауыр науқастанған отбасы мүшелерін және жақын туыстарын күтіп-бағу үшін келетіндер (ерлі-зайыптылар, ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері), сондай-ақ олармен бірге еріп жүретін ерлі-зайыптылар мен кәмелеттік жасқа толмаған балалар;

13) Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар және олардың отбасы мүшелері (ерлі-зайыптылар, ата-аналары мен балалары);

14) Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері және туыстары болып табылатын адамдар - туыстық байланыс фактісі расталған жағдайда (ерлі-зайыптылар, ата-аналары мен балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері);

15) Қазақстан Республикасы аумағындағы оқу орындарында білім алып жүргендер (оқушылар, студенттер, тыңдаушылар, курсанттар), сондай-ақ олар оқу визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарды ресімдеу, қазақстандық оқу орындарының шақырулары болған кезде емтихандар (тестілер) тапсыру үшін Қазақстан Республикасына келген жағдайда. Осы тармақшада көрсетілген мақсаттар бойынша келетін шетелдік азамат кәмелетке толмаған болса, оны ата-аналарының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) алып келуге рұқсат етіледі;

16) осы тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат берілген, адамдарды тасымалдауды және эвакуациялық рейстерді жүзеге асыратын жүргізушілер;

17) әрбір жеке жағдай үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары төрағалығымен арнайы құрылған Ведомствоаралық комиссия бекітетін тізімге сәйкес әлеуметтік маңызы бар компаниялардың қызметкерлері (мамандары);

18) Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын - ауыл шаруашылық қызметін жүзеге асыруды растайтын құжаттарды ұсынған кезде (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен құжаттардың тізбесі мен үлгілеріне сәйкес), сондай-ақ келісімшарттар шеңберінде автомобиль және арнайы көлік берумен айналысатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін, тиісті санаттағы жүргізуші куәліктері бар және ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жүк иелері болған кезде халықаралық жүк тасымалдайтын (бір жүк көлігінде 2 жүргізушіден аспайтын) жүргізушілер;

19) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шешімі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тиісті хаты негізінде - экстрадициялау тәртібімен берілетін шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан іздестірілуде жүргендер және сотталғандар, сондай-ақ оларды қабылдап алуды – беруді жүзеге асыратын айдау мекемесінің қызметкерлері;

20) теңіз (өзен) кемелерінің экипаж құрамына қатысы және мәртебесін дәлелдейтін тиісті құжаттары бар болған жағдайда, Қазақстан Республикасына теңіз кемелерінің экипажынан тыс аусымға баратындар;

21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының шақыруымен медициналық жәрдем көрсету мақсатында, сондай-ақ шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың гуманитарлық көмегі шеңберінде Қазақстанға келетін медициналық персонал;

22) Ресей Федерациясы, Кырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасымен шекарасымен құрлықтық өткізу пункттері арқылы кіретін адамдар.

2. Визалық талаптар сақталған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп көзделмеген болса - Қазақстан Республикасының аумағына халықаралық әуежайлар арқылы шетел азаматтарының кіруіне/транзитпен өтуіне рұқсат берілсін.

3. Ақтау және Құрық теңіз порттарында жолаушыларды тасымалдауға рұқсат берілсін.

4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келісім бойынша (сондай-ақ, жұмыс тәртібінде) шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар ресми өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік жол жүрудің мүмкіндігін анықтауға рұқсат берілсін.

5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша (сондай-ақ, жұмыс тәртібінде) Қазақстан Республикасында аккредитацияланған шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдар ресми өтініш жасаған кезде шетелдік дипломатиялық, консулдық өкілдіктер және халықаралық ұйымдар қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық, консулдық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдар шақыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына кіру/шығу мүмкіндігін анықтауға рұқсат берілсін.

6. Қазақстандық өткізу пункттерінде орналасқан көліктік логистикалық орталықтарына баратын халықаралық жүк тасымалдаушы жүргізуші – Қытай Халық Республикасы азаматтарына 24-сағаттық визасыз кіріп-шығуға рұқсат берілсін.

Дата публикации
19 октября 2020
Дата обновления
06 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 апреля 2024
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім
Ақпарат
25 апреля 2024
2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
Ақпарат
22 апреля 2024
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2023 жылғы 13 ақпанда Мәскеуде жасалған хаттама

Социальные медиа

Facebook
YouTube
Telegram
Twitter
Instagram

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары