Меню

Страницы

Статья

АҚШ, Канада және Мексика мемлекеттерінде өтетін алдағы футболдан әлем чемпионатына қатысты

Құрметті Қазақстан Республикасы азамматарының назарына!

АҚШ, Канада және Мексика мемлекеттерінде өтетін әлем чемпионаты кезеңінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауларыңызды және жеке қауіпсіздік мәселелеріне мұқият қарауларыңызды сұраймыз. Атап айтқанда, жеке басты куәландыратын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін әрдайым өзіңізбен бірге алып жүру, жергілікті құқық қорғау органдары мен іс-шара ұйымдастырушыларының талаптарын сақтау, ресми іс-шаралар аймақтарынан тыс адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, ресми көлік қызметтерін пайдалану, жеке заттарды қараусыз қалдырмау, жергілікті билік органдары мен төтенше жағдай қызметтерінің хабарламаларын қадағалау, төтенше жағдай туындаған жағдайда шұғыл көмек қызметтеріне дереу хабарласу қажет.

Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінің байланыс нөмірлері:

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі (Вашингтон қ., Колумбия округі):

Тел.: +1(202) 232-5488.

Шұғыл байланыс: +1(202) 595-6467 және +1(771) 222-2324.

E-mail: consuldc@mfa.kz.

Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы:

Тел.: +1(646) 370-6331.

Шұғыл байланыс: +1(332) 207-9632.

E-mail: consul.newyork@mfa.kz.

Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы:

Тел.: +1(650) 741-8894.

Шұғыл байланыс: +1(650) 741-8894.

E-mail: qazconsulsf@gmail.com.    

Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі (Оттава қ.):

Тел.: +1(613) 695-8623.

Жедел байланыс: +1(343) 573-3877.

E-mail: k.mukashev@mfa.kz.

Қазақстан Республикасының Торонто қаласындағы консулдығы:

Тел.: +1(416) 221-0111.

Жедел байланыс: +1(437) 808-8824, +1(647) 409-5755.

E-mail: toronto@mfa.kz.

Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі (Мехико қ.):

Тел.: +52(555) 202-6888.

Жедел байланыс: +7(701) 950-9494.

E-mail: ye.rakhymkul@mfa.kz.

Құжаттарыңыз жоғалған, құқық қорғау органды  тарапынан ұсталған, өміріңізге немесе денсаулығыңызға қауіп төнген немесе өзге де төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының жақын орналасқан шетелдік мекемесіне дереу хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

Сонымен қатар, Әлем чемпионаты кезеңінде Қазақстан Республикасы азаматтары үшін келесі визалық талаптар қолданылады:

АҚШ аумағына кіру үшін:

тек Америка Құрама Штаттарының визасы талап етіледі.

 

Канада аумағына кіру үшін:

тек Канаданың визасы талап етіледі.

 

Мексика аумағына кіру үшін:

кез келген шетелдегі Мексиканың консулдық мекемелерінде рәсімделген визасы, немесе төменде көрсетілген құжаттардың бірі болған жағдайда кіруге болады:

 

а) Канадада, Америка Құрама Штаттарында, Жапонияда, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде, Шенген келісіміне қатысушы кез келген мемлекетте немесе Тынық мұхиты альянсына мүше елдердің бірінде тұрақты тұру құқығын растайтын құжат;

 

ә) Канада, Америка Құрама Штаттары, Жапония, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі немесе Шенген кеңістігіне қатысушы кез келген мемлекеттің қолданыстағы визасы;

 

б) Мексика мақұлдаған АТЭС іскер саяхатшысының картасы (APEC Business Travel Card, ABTC);

 

в) Теңіз экипажының мүшесі болып табылған тұлғаның теңізші куәлігі (теңізші кітапшасы);

 

г) Әуе кемесі экипажы мүшесінің мәртебесін растайтын құжат.

 

 

Дата публикации
15 июня 2026
Дата обновления
15 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
РФ кіру үшін міндетті жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы