Меню

Страницы

Статья

Шенген аймағына кіру ережелеріндегі жаңа талаптар туралы

2025 жылғы 12 қазанда қысқа мерзімді сапарларға келетін ЕО азаматтары болып табылмайтын үшінші елдердің азаматтарын тіркеуге арналған жаңа EES жүйесінің (кіру/шығу жүйесі) пилоттық жобасы күшіне енді. Бұл жүйе қысқа мерзімді виза қажет ететін немесе визадан босатылған үшінші елдердің азаматтарына қолданылады. Кіруге рұқсат берілмеген жағдайлар да осы жүйеде тіркелетін болады.

Электрондық тіркеу процесі барысында жол жүру құжаты мен жеке деректерді, сондай-ақ кіру және шығу күндері жинақталып, электрондық түрде тіркейледі және сақталады. Жеке деректерді жинау мен сақтау шарттары кіру/шығу жүйесін (EES) белгілейтін (ЕО) 2017/2226 Регламентінде көрсетілген. EES жүйесі азаматтарға қатысты келесі мәліметтерді тіркейді:

  • жол жүру құжатындағы толық мәліметтер;
  • ЕО елдеріне кіру және шығу күні мен орны (ESS пайдаланылатын елдерде);
  • бет әлпеттің суреті мен саусақ іздері (яғни биометриялық деректер);
  • қажет болған жағдайда, кіруден бас тарту туралы ақпарат.

Визасыз ЕО елдеріне келетін үшінші ел азаматтарының және жеңілдетілген транзиттік құжат иелерінің саусақ іздері EES жүйесінде сақталады. Шенген аймағына кіру үшін виза қажет азаматтардың саусақ іздері Визалық ақпараттық жүйеде (VIS) сақталады.

Жүйе, сондай-ақ, қажеттілігіне байланысты қосымша жеке ақпаратты Визалық ақпараттық жүйеден (VIS) және Еуропалық туристік ақпарат және рұқсат беру жүйесінен (ETIAS) алады. Бұл мәліметтерге сапарға рұқсат статусы және (қажет болған жағдайда) отбасы мүшесі статусы жатады.

Қазіргі таңда EES жүйесі ЕО елдерінде (Кипр мен Ирландияны қоспағанда), сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцарияда қолданылады.

Маңызды: егер биометриялық деректерді ұсынудан бас тартылса, EES арқылы ЕО елдеріне кіруге рұқсат берілмейді.

Дата публикации
15 июня 2026
Дата обновления
15 июня 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
15 июня 2026
Шенген аймағына кіру ережелеріндегі жаңа талаптар туралы
15 июня 2026
АҚШ, Канада және Мексика мемлекеттерінде өтетін алдағы футболдан әлем чемпионатына қатысты
05 июня 2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадрлық резервіне қосылған адамдардың тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты