Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Министрлік туралы
Комитеттер
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Консулдық туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
Қазақстан-Польша қатынастары туралы
12 мая 2026

Қазақстан-Польша қатынастары туралы
(анықтама)

1992 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1994 жылғы наурызда Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігі ашылды.

2025 жылғы сәуірден бастап Н.Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

2024 жылғы қыркүйектен бастап М.Лабенда Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі болып табылады.

Жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарлар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Польшаға үш рет сапар жасады (1997 жылғы қарашадағы ресми сапар, 2002 жылғы мамырдағы ресми сапар және 2016 жылғы 23 тамыздағы мемлекеттік сапар).

Польша Президенттері Қазақстанға үш рет сапармен келді (1999 жылғы қазанда А.Квасьневскийдің ресми сапары, 2007 жылғы наурызда Л.Качиньскийдің ресми сапары және 2017 жылғы 6-8 қыркүйектегі А.Дуданың мемлекеттік сапары).

Президенттер Қ.Тоқаев пен А.Дуданың халықаралық алаңдардағы кездесулері: 2019 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында; 2022 жылғы 4 ақпанда Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсімінде; 2022 жылғы 20 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында; 2023 жылғы 1 желтоқсанда Дубайда БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптарының 28-конференциясы аясында өтті.

Сыртқы саяси ведомстволар басшылары деңгейіндегі кездесулер:

Екіжақты қатынастар жылдарында Польша Республикасының сыртқы саяси ведомствосының басшылары Қазақстан Республикасына 1998, 2002, 2010 (екі рет) және 2022 жылдары сапар жасады. Атап айтқанда, 2022 жылғы 1-2 маусымда ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы – Польша Республикасының Сыртқы істер министрі З.Раудың Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті.

Қазақстан Республикасы СІМ-нің Польшаға сапарлары:

- 2012 жылғы 21-22 маусымда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың Польшаға жұмыс сапары өтті.

- 2019 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Б.Атамқұловтың Варшаваға жұмыс сапары өтті.

- 2022 жылғы 1-2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің жұмысына қатысу үшін Польшадағы Лодзь қаласына сапармен барды.

- 2025 жылғы 22-23 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Варшаваға жұмыс сапарын жасады.

- 2023-2025 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиялары аясында Польша сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен – министр З.Раумен (2023 жылғы 21 қыркүйек) және министр Р.Сикорскиймен (2024 жылғы 24 қыркүйек және 2025 жылғы 26 қыркүйек) келіссөздер жүргізді.

Парламентаралық ынтымақтастық

Парламентаралық ынтымақтастық екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше үлес қосуда. Польша парламентінде Сейм мен Сенат депутаттарынан тұратын «Қазақстан – Польша» парламентаралық ынтымақтастық тобы жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Парламентінде Польша бойынша ынтымақтастық топтары жұмыс істейді.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында өзара сауда көлемі 302,2 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 155,8 млн доллар, импорт – 146,4 млн доллар), бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,2%-ға артық (247,3 млн доллар, экспорт – 109,8 млн доллар, импорт – 137,5 млн доллар).

2025 жылы өзара сауда көлемі 1,21 млрд АҚШ долларын құрады (+7,8%), оның ішінде экспорт – 550,2 млн доллар (+12,8%), импорт – 667 млн доллар (+2,7%).

2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,12 млрд АҚШ долларын құрады (-8%), оның ішінде экспорт – 488 млн доллар (-8%), импорт – 639,1 млн доллар (-9%).

2005 жылдан бастап 2025 жылдың 9 айына дейін тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 609,07 млн долларды құрады.

Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі тетігі Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) болып табылады. ҮАК тең төрағалары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Исетов және Польша Экономикалық даму және технологиялар министрінің орынбасары М.Барановский. Қазіргі уақытқа дейін ҮАК-тың 10 отырысы өткізілді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2016 жылғы 6 маусымнан бастап білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім қолданыста. Қазіргі уақытта Польшада 2 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда. Варшава университетінде қазақ тілі оқытылады. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен 2023 жылғы қаңтардан бастап Польшада Қазақстаннан шыққан азаматтарға арналған тегін қазақ тілі курстары өткізілуде.

Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы ынтымақтастық
12 мая 2026

Қазақстан-Болгария қатынастары туралы

(анықтама)

1992 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1994 жылы Болгарияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2004 жылы Қазақстанның Дипломатиялық миссиясы ашылып, 2019 жылғы 18 шілдеде Елшілік болып қайта құрылды.

2022 жылғы 9 желтоқсаннан бастап В.Темірбаев Қазақстанның Болгария Республикасындағы Елшісі болып табылады.

2025 жылғы 18 желтоқсаннан бастап Г.Воденски Болгарияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі болып тағайындалды.

 

  1. Саяси ынтымақтастық

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

Қазақстан Республикасының Президенті Болгарияға 1 рет сапар жасады (1999 жылғы 15-16 қыркүйекте Н.Назарбаевтың ресми сапары).

Болгария Республикасы Президенттері Қазақстанға 4 рет сапармен келді (1994 жылғы 23-31 шілдеде Ж.Желевтің ресми сапары; 2003 жылғы 25-27 қыркүйекте Г.Пырвановтың ресми сапары; 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Г.Пырвановтың ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапары; 2025 жылғы 9 маусымда Р.Радевтің ресми сапары).

Болгария Республикасы вице-президенттері Қазақстанға 4 рет келді (2006 жылғы 10-11 қаңтарда А.Мариннің Қазақстан Республикасы Президентінің инаугурациясына қатысуы үшін сапары; 2016 жылғы 27-31 тамызда М.Попованың «Ядролық қарудан азат әлем құру» конференциясына қатысуы және 2018 жылғы 12-13 қарашада Астана клубының IV отырысына қатысуы; 2019 жылғы 7-9 қазанда И.Йотованың жұмыс сапары).

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында Р.Радевпен кездесу өткізді.

 

  1. Парламентаралық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымында Болгариямен достық тобы құрылды (жетекшісі – Е.Абил, жетекші орынбасары – Е.Саиров). 2025 жылғы 23 мамырда Болгария Республикасы Халық жиналысының 51-шақырылымында да Қазақстанмен достық тобы құрылды (төрағасы – Е.Анисова).

 

  • Негізгі шарттар мен келісімдер

Дипломатиялық және консулдық қатынастар орнату туралы хаттама (Осло қ., 1992 жылғы 5 маусым).

Достық қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту туралы декларация (София қ., 1999 жылғы 15 қыркүйек).

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция (Алматы қ., 1997 жылғы 13 қараша).

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісім (София қ., 1999 жылғы 15 қыркүйек).

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Болгария Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (Астана қ., 2011 жылғы 3 қазан).

 

  1. Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2024 жылғы екіжақты тауар айналымы 379,3 млн АҚШ долларын құрады (3,9 есеге өсу): экспорт – 303,6 млн доллар (11,1 есеге өсу), импорт – 75,7 млн доллар (+5,5%).

2025 жылғы тауар айналымы 346 млн АҚШ долларын құрады (-8,8%), экспорт – 278,6 млн доллар (-8,2%), импорт – 67,4 млн доллар (-11,6%).

2005 жылдан бастап 2025 жылдың I тоқсанына дейін Болгариядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 77,7 млн долларға жетті, ал тікелей инвестициялардың жалпы кетуі 13,8 млн долларды құрады.

Экономикалық саладағы өзара іс-қимылдың маңызды тетігі Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін ҮАК-тың 5 отырысы өткізілді (бірінші және екінші – 2004 жылға дейін, үшінші – 2014 жылы, төртінші – 2016 жылы, бесінші – 2025 жылы).

Меморандумдар негізінде Алматы және Варна (2004 жылғы 24 маусым), Орал және Благоевград (2016 жылғы 17 маусым), Қарағанды және Несебр (2016 жылғы 5 шілде), Павлодар және Бургас (2022 жылғы 22 қыркүйек), Астана және София (2025 жылғы 9 маусым), Шымкент және Пловдив (2025 жылғы 9 маусым) қалалары әкімшіліктері арасында ынтымақтастық орнатылды.

 

  1. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2015 жылғы 10 қарашадағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім осы саладағы өзара іс-қимылдың негізі болып табылады.

Болгарияда 3 қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді.

София орталық кітапханасында (2017 жылы) және «Әулие Кирилл мен Мефодий» ұлттық кітапханасында (2022 жылы) қазақ әдебиетінің бұрыштары ашылды.

Қазақстан астанасының 20 жылдығына орай София көшелерінің біріне «Астана» атауы берілді. 2018 жылғы 28 желтоқсанда салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2020 жылы А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Свети Влас қаласында Абайдың барельефі ресми түрде ашылды, ал Варна қаласының қауымдық кеңесі қалалық көшелердің біріне «Абай» атауын беру туралы шешім қабылдады.

1995 жылы Қазақстанда Павлодар қаласында Болгар этномәдени орталығы құрылды. Қазақстан Республикасының аумағында көптеген этномәдени қоғамдық бірлестіктер тіркелген: Ақтөбе облысындағы «Вяра», Астанадағы «Злата», Павлодар облысындағы «Славяне», Атырау облысындағы «Возрождение».

Павлодар облысында Қ.Б.Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің болгар бөлімшесі табысты жұмыс істеуде.

Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасының жоғары оқу орындары бірлескен ынтымақтастық ұйымдастыруда, соның арқасында София, Варна, Пловдив, Бургас, Благоевград, Русе және Стара-Загора қалаларындағы болгар жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттер (59) білім алуда.

 

Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы ынтымақтастық
12 мая 2026

Қазақстан-Солтүстік Македония қатынастары туралы
(анықтама)

1995 жылғы 1 маусымда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2014 жылғы желтоқсанда Солтүстік Македония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2024 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Скопьедегі Елшілігі ашылды.

2024 жылғы мамырдан бастап С.Буршаков Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Елшісі болып табылады.

2024 жылғы желтоқсаннан бастап В.Крстич-Андреевска Солтүстік Македония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі болып табылады.

 

Саяси ынтымақтастық

Жоғары және жоғары деңгейдегі байланыстар:

Қазақстан Республикасының Президенті Скопьеге сапар жасамаған.

Солтүстік Македония Республикасы Президенттері Қазақстан Республикасына үш рет сапармен келді (Г.Иванов 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен және 2012 жылғы 1-3 шілдеде мемлекеттік сапармен; Солтүстік Македония Республикасының Президенті Г.Силяновска-Давкова 2025 жылғы 28-30 мамырда Астана халықаралық форумына қатысу үшін жұмыс сапарымен келді).

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Түркия Президенті Р.Эрдоганның инаугурациясы рәсімі аясында Солтүстік Македония Республикасының Президенті Г.Ивановпен кездесу өткізді (2014 жылғы 28 тамыз).

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммиті аясында Солтүстік Македония Республикасының Президенті Г.Силяновска-Давковамен келіссөздер өткізді (2024 жылғы 13 қараша).

Солтүстік Македония Республикасының бұрынғы Президенті Г.Иванов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысты (2025 жылғы 17-18 қыркүйек).

2013 жылғы 22-24 мамырда Солтүстік Македония Республикасының Премьер-министрі Н.Груевски 6-Астана экономикалық форумы (АЭФ) мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция жұмысына қатысты.

2025 жылғы 4 шілдеде Скопьеде Қазақстан Елшілігінің ресми ашылуы және Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 30 жылдығына арналған іс-шара Солтүстік Македония Республикасының Президенті мен СІМ басшысының қатысуымен өтті.

 

СІМ деңгейіндегі байланыстар:

2008 жылғы 17 қазанда Астанада өткен «Ортақ әлем: әралуандылық арқылы прогресс» конференциясына Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі А.Милошоски қатысты.

2010 жылғы шілдеде Алматыдағы ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі аясында және 2011 жылғы наурызда Женевада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі А.Милошоскимен кездесу өткізді.

2021 жылғы 8-11 қыркүйекте Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Б.Османидің Қазақстанға ресми сапары өтті.
2022 жылғы 1-2 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Солтүстік Македонияға ресми сапары өтті.

2023 жылғы 11 тамызда ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Б.Османи Қазақстан Республикасына келді.

Екі елдің сыртқы істер министрлерінің кездесулері сондай-ақ 2023 жылғы қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында, 2023 жылғы қарашада Скопьедегі ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі аясында, сондай-ақ 2024 жылғы наурызда Анталия дипломатиялық форумы шеңберінде өтті.

2025 жылғы 9 маусымда Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Т.Муцунскидің Астанаға жұмыс сапары өтті.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

Солтүстік Македония Республикасы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Парламентімен және Орталық Азияның басқа елдерімен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік тобы жұмыс істейді (топ жетекшісі – Н.Коняновски, Социалистер партиясы).

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «Орталық және Шығыс Еуропа» өңірі елдерімен ынтымақтастық жөніндегі топ құрылды (12 депутаттан тұратын топтың жетекшісі – А.Лукин).

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасы – Солтүстік Македония Республикасы» парламентаралық ынтымақтастық тобы құрылды (23 депутаттан тұратын топтың жетекшісі – Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Н.Сабильянов).

 

Сауда-экономикалық қатынастар

2025 жылы Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы тауар айналымы 3,7 млн АҚШ долларын құрады (-50,5%), оның ішінде экспорт – 66,3 мың доллар (-78%), импорт – 3,63 млн доллар (-49,3%).

2024 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 7,4 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 300,9 мың доллар – ферроқорытпалар, құрылыс конструкциялары, гофрленген металдан жасалған панельдер; импорт – 7,1 млн доллар – дәрі-дәрмек 4,7 млн доллардан астам, темекі шамамен 1 млн доллар).

ф Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құрылды. ҮАК-тың бірінші отырысы 2022 жылғы 3 қарашада Скопьеде өтті.

 

 

 

Қазақстан Республикасы мен Албания Республикасы арасындағы ынтымақтастық
12 мая 2026

Қазақстан-Албания қатынастары туралы
(анықтама)

 

1993 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Албания Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2024 жылы Қазақстан Республикасының Албаниядағы Елшілігі ашылды.

2024 жылғы 16 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Албаниядағы Елшісі (резиденциясы Тирана қаласында) Искандер Айсариев болып табылады.

2023 жылғы қазаннан бастап Албанияның Қазақстандағы қоса атқарушы Елшісі (резиденциясы Анкара қаласында) Блера Кадзадеш болып табылады.


Саяси ынтымақтастық

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

2014 жылғы 23-25 мамырда Албания Премьер-Министрі Э.Раманың Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтті.

2018 жылғы 20-22 қарашада Албания Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатидің Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтті.

2023 жылғы 6-8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Токаевтың шақыруымен Албания Президентінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтті.

2024 жылғы 26 ақпанда Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 55-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Албанияның Сыртқы істер министрі И.Хасанимен кездесті.

2024 жылғы 23 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Албанияның Сыртқы істер министрі И.Хасанимен кездесті.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымында Албаниямен достық тобы құрылды (жетекшісі – С.В.Имашева, жетекші орынбасары – К.В.Авершин).

2025 жылғы 11 мамырдағы сайлауда сайланған Албанияның Халық жиналысы – Парламентінің XXXII шақырылымында (Кувенд – алб. Kuvendi i Shqipërisë) Қазақстанмен ұқсас достық тобы әзірге құрылмаған.


Негізгі шарттар мен келісімдер

  1. Екі сыртқы саяси ведомство арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама (2018 жылғы 20-22 қарашада Албания Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатидің сапары аясында қол қойылды);
  2. Сауда палаталары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум (2018 жылғы 20 қарашада Д.Бушатидің Астанаға сапары аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Тирана Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды);
  3. Визалық талаптардан өзара босату туралы үкіметаралық келісім (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 қаулысы). Ұлттық паспорт иелері үшін 90 күнге дейін визасыз режим қолданылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2025 жылы Қазақстан мен Албания арасындағы тауар айналымы 3,72 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 226,4 мың доллар, импорт – 3,49 млн доллар.

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2025 жылғы 19-21 қазанда Тиранада Албаниядағы Қазақстан мәдениетінің күндері өткізілді. Атап айтқанда, қазақстандық «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі мен танымал орындаушы ADAM-ның (Қазақстанның Ізгі ниет елшісі) қатысуымен ашық форматтағы салтанатты концерт өтті.

Мәдениет күндері «Agimi» арт-орталығында (Тирана қ.) қазақстандық кино көрсетілімдерімен жалғасты. Бағдарламаға «Қазақфильм» киностудиясының «Мың Бала: Дала жауынгерлері» (реж. А.Сатаев), «Операция Набат» (реж. Р.Сүлейменов) және «Әмре» (Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы өмірбаяндық драма) фильмдері енді.

Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы ынтымақтастық
12 мая 2026

Қазақстан мен Сингапур арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 30 наурызда орнатылды.

2003 ж. қарашада Сингапурда ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылып, ол 2008 ж. 11 желтоқсанда ҚР Елшілігі болып қайта құрылды.

2023 ж. 21 қазанда Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстанның Сингапурдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2014 ж. 28 мамырдан бастап резиденциясы Сингапурда орналасқан Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі Зулкифли бин Бахарудин болып табылады.

2024 жылдан бастап Талғат Чиникеев ҚР-дағы Сингапурдың Құрметті консулы болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

Жоғары деңгейдегі саяси диалог екі ел арасындағы тұрақты достық қатынастардың негізі болып табылады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың СР (1996 және 2003 жж.) және Сингапурдың Бірінші Премьер - Министрі Ли Куан Ю Қазақстанға (1991 ж. қыркүйек - аға министр лауазымында) ресми сапарлары саяси диалогтың негізін қалап, екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын анықтады.

2023 жылғы 21-23 мамырда Сингапур Президенті Халима Якоб ел тарихында Қазақстан мен Орталық Азияға алғашқы сапарын жасап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

2024 жылғы 22-24 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға мемлекеттік сапарымен барды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2025 жылы Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы тауар айналымы 954 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 814 млн доллар, импорт – 140 млн доллар.

2024 жылғы сәуір айынан бастап Сингапур Республикасында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның АСЕАН елдері, Австралия және Жаңа Зеландия бойынша ресми өкілі жұмыс істеуде.

Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2022 жылы Қазақстан–Сингапур іскерлік кеңесі (KSBC) құрылды.

Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы ынтымақтастық
12 мая 2026

Жалпы мәліметтер

1991 жылы 27 желтоқсанда Вьетнам Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады.

1992 жылы 29 маусымда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2008 ж. Вьетнамның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

2013 жылы Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігі ашылды.

Қанат Қобыландыұлы Тумыш - Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі.

2026 жылдың мамыр айында Вьетнамның Қазақстандағы Елшісі тағайындалмаған.

2025 жылы 6 мамырда стратегиялық серіктестік орнатылды.

 

Саяси ынтымақтастық

Вьетнам Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. Қазақстан мен Вьетнам арасында өзара сенім мен қолдауға негізделген достық қарым-қатынастар орнатылды.

1994 ж. ақпанда Вьетнамның Сыртқы істер министрі Нгуен Ман Камның Қазақстанға сапармен келді.

1994 ж. маусымда Вьетнам Премьер-Министрі Во Ван Киет Қазақстанға ресми сапармен келді.

2009 ж. 17 сәуірде Боао Азия форумы аясында (Хайнань аралы, Қытай) Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев Вьетнам Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунгпен кездесті.

2009 ж. 14-15 қыркүйекте Вьетнам Премьер-Министрі Нгуен Тан Дунг Астанаға ресми сапармен келді.

2011 жылғы 30 қазан - 1 қараша аралығында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Вьетнамға ресми сапармен барды.

2012 ж. 10-11 қыркүйекте Вьетнам Президенті Чыонг Тан Шанг Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

2015 ж. 29-30 мамырда Вьетнам Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунг ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапармен келді.

2022 ж. 17-18 тамызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Б. Тілеуберді Вьетнамға ресми сапармен келді.

2022 ж. 12-13 қазанда Вьетнамның Вице-президенті Во Тхи Ань Суан ханым АӨСШК 6-шы Саммитіне қатысу мақсатында Астанаға келді.

2023 ж. 20-22 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапарымен келді.

2025 ж. 5-7 мамыр аралығында Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламның Қазақстанға мемлекеттік сапары.

Қазақстан мен Вьетнамның сыртқы саяси ведомстволары арасында тұрақты негізде сімаралық саяси консультациялар өткізіледі. Соңғы саяси консультациялар 2025 ж. наурызда Астана қ. өтті.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

Екі елдің парламенттері арасындағы ынтымақтастық белсенді дамып келеді.

2015 ж. 27-31 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қ.Жақыповтың Вьетнамға ресми сапары өтті.

2017 ж. 16-18 қазанда Вьетнам Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганның Қазақстанға ресми сапары өтті.

2018 ж. 9 қазанда Анталияда (Түркия) Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 3-ші кездесуі аясында және 2019 жылғы 8 сәуірде Дохада (Катар) Парламентаралық одақтың 140-шы Ассамблеясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин мен Вьетнам Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Нгуен Тхи Ким Нган арасындағы кездесулер өтті.

2019 ж.23-24 қыркүйек Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-ші кездесуіне қатысу үшін Вьетнам Ұлттық Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Тонг Тхи Фонг ханым Нұр-Сұлтанға келді.

2019 ж. 13-15 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулиннің Ветнамға ресми сапары өтті.

2023 ж. 14-17 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Т.Адамбеков пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.Шиповских Халықаралық парламентшілер одағының жас парламентарийлерінің 9-шы Дүниежүзілік конференциясына қатысу үшін Ханойға сапармен келді.

2023 ж. 24-28 қыркүйекте ВКП Орталық Комитетінің мүшесі, ВСР Ұлттық Жиналысы Төрағасының орынбасары Нгуен Хак Диннің Астана және Алматы қалаларына сапары өтті.

2024 ж. 14-16 қарашада ВКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, Орталық теориялық кеңестің төрағасы, Хо Ши Мин ұлттық саяси академиясының директоры Нгуен Суан Тханның жұмыс сапары өтті.

Қазақстан Парламенті мен Вьетнам Ұлттық Ассамблеясында парламентаралық ынтымақтастықты дамыту үшін достық топтары құрылды.

 

Көлік және логистика

2022 ж. қазан айынан бастап тұрақты тікелей әуе қатынасы қайта жанданды. Қазақстандық және вьетнамдық әуе компаниялары екі бағытта да тұрақты және чартерлік рейстерді орындайды.

ҚР төлқұжат иелеріне Вьетнамға кіру үшін виза қажет емес.

 

Білім саласындағы ынтымақтастық

Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандық және вьетнамдық студенттер екі елдің жоғары оқу орындарында алмасу бойынша білім ала алады.

Шарт-құқықтық база

Дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдан астам уақыт ішінде кең ауқымды қарым-қатынастар аясында серіктестіктің одан әрі нығаюына ықпал ететін елеулі шарттық-құқықтық база құрылды. Барлығы 60-тан астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық шарттар мен келісімдерге қол қойылды.

 

Қазақстан Республикасы мен Малайзия арасындағы ынтымақтастық
12 мая 2026

Екіжақты ынтымақтастық Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін Малайзия 1991 жылғы 31 желтоқсанда мойындаған уақыттан басталды.
Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 16 наурызда орнатылды.

Осы жылдар ішінде Қазақстан мен Малайзия арасында сындарлы және сенімді диалог орнады. Қазақстан-Малайзия қатынастары дамудың серпінді сипатына ие, ал көпжақты ынтымақтастық өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде жалғасуда.

1996 жылы Қазақстан Куала-Лумпур қаласында өз Елшілігін ашты, ол Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі алғашқы шетелдік өкілдік болды. Сол жылы Малайзияның Қазақстандағы Елшілігі де ашылды.

1996 жылдан бастап Астана мен Путраджая бауырлас қалалар болып табылады.

2021 жылғы ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Болат Болатұлы Сүгірбаев тағайындалды.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Малайзияның Қазақстандағы Елшісі Мохд Адли бин Абдуллах болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

Екі ел арасындағы кооперацияның негізі мен басымдықтары достық және өзара тиімді байланыстарды дамытудың іргелі базасына айналған жоғары және биік деңгейдегі тұрақты саяси диалог арқасында қаланды. Мемлекет басшылары мен Үкімет өкілдерінің екіжақты ресми сапарлары Қазақстан мен Малайзияның ынтымақтастығын одан әрі дамытуға өз үлесін қосты.

Қазақстан Республикасының Президенті Малайзияға 3 рет сапар жасады: 1996 жылы – ресми сапармен, 2006 және 2012 жылдары – мемлекеттік сапарлармен.

Малайзия Премьер-министрлері Қазақстанға 4 рет сапармен келді: М.Мохамад – 1996 жылы, Н.Разак – 2011 және 2014 жылдары, А.Ибрагим – 2024 жылы.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы 53%-ға артып, 221 млн АҚШ долларын құрады (2022 жылы – 144,8 млн доллар, 2023 жылы – 246,5 млн доллар, 2024 жылы – 144 млн доллар).

Оның ішінде экспорт – 15,7 млн доллар (4 есеге өсті), импорт – 205,9 млн доллар (+46%).

Малайзияның «AirAsia X» әуе компаниясы «Куала-Лумпур – Алматы – Куала-Лумпур» бағыты бойынша тікелей рейстерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы мен Таиланд Корольдігі арасындағы ынтымақтастық
12 мая 2026

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТАИЛАНД КОРОЛЬДІГІ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан-Таиланд қатынастары

Қазақстан Республикасы мен Таиланд Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 6 шілдеде орнатылды.

ҚР-дың Бангкок қаласындағы дипломатиялық миссиясы 1997 жылы ашылды (2012 жылы Елшілік болып қайта ұйымдастырылды).

2025 жылғы тамыздан бастап Таиландтағы ҚР Елшісі – Марғүлан Баймұхан.

Таиланд Корольдігінің ҚР-дағы Елшілігі 2012 жылы ашылды.

2025 жылғы ақпаннан бастап Таиландтың ҚР-дағы Елшісі – Пияпин Нийомреркс.

2025 жылғы қаңтарда Пхукет қаласында ҚР Консулдығы ашылды.

Саяси ынтымақтастық

Жоғары деңгейдегі байланыстар

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1993 жылғы шілдеде Таиланд Корольдігіне ресми сапар жасады.

Жоғары дәрежелі байланыстар

Таиланд ханшайымы Маха Чакри Сириндорн Қазақстанға 2005 жылғы 17-20 сәуірде ресми сапармен, сондай-ақ 2015 жылғы 6 сәуірде және 2016 жылғы 10 сәуірде жеке сапарлармен келді.

2006 жылғы маусымда Таиланд Премьер-Министрі Т. Чинават 2-ші СВМДА Саммитіне қатысу аясында Қазақстанға ресми сапар жасады.

Министрлік деңгейдегі байланыстар

2004 жылғы қазан – КТ Сыртқы істер министрі С.Сатиратайдың ҚР-ға сапары.

2005 жылғы мамыр – ҚР Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаевтың Таиландқа сапары (БҰҰ АТМӘЭК-ның 61-сессиясы).

2005 жылғы мамыр – Таиланд Премьер-Министрінің орынбасары С.Сатиратаяның Қазақстанға сапары.

2010 жылғы шілде – Таиланд Сыртқы істер министрі К.Пиромияның Астанада өткен ЕҚЫҰ СІМК-ге қатысуы.

2017 жылғы тамыз – Таиланд Премьер-Министрінің орынбасарлары Т.Патимапракорн мен П.Джунтонгтың Қазақстанға сапары (ЭКСПО-2017 аясындағы Таиланд мәдениет күні).

2018–2019 жж. – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б.Тілеубердінің Бангкоктағы БҰҰ АТМӘЭК-ның 74 және 75-сессияларына қатысуы.

2022 жылғы 12–13 қазан – Таиланд Премьер-Министрінің арнайы өкілі – Сыртқы істер вице-министрі В.Исарабхакдидің Астанаға сапары (6-шы АӨСШК Саммиті).

2024 жылғы 23 ақпан – КТ Сыртқы істер министрінің орынбасары Д. Сангманидің ҚР-ға сапары.

2024 жылғы 23 сәуір – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Таиландқа ресми сапары.

2024 жылғы 14 тамыз – Таиландтың вице-премьер-министрі және сауда министрі П.Вечаячайдың Қазақстанға сапары

2024 жылғы 26–28 қыркүйек – КТ Ауыл шаруашылығы және кооперативтер министрі Н.Пиньесинваттың Қазақстанға сапары.

2025 жылғы 28–30 маусым – Таиланд Премьер-Министрі жанындағы Сауда өкілі (министр дәрежесінде) У.Пандейдің Қазақстанға сапары (Астана халықаралық форумы).

2026 жылғы 16 қаңтар – ҚР Сыртқы істер министрі Е. Көшербаев пен КТ Сыртқы істер министрі С.Пуангкеткео арасындағы телефон арқылы сөйлесу.

Парламентаралық ынтымақтастық

2016 жылғы 2–4 қараша және 2018 жылғы 3–5 мамыр – ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Г. Исімбаеваның Таиландқа сапарлары (АФПНР Атқару комитетінің сессиялары).

2017 жылғы 20–23 наурыз – ҚР парламенттік делегациясының (депутаттар А.Н. Жаилганова және Ш.А. Утемисова) Таиландқа сапары (АФПНР өңірлік конференциясы).

2019 жылғы 13–15 ақпан – ҚР Сенатының депутаты А.С. Куртаевтың Бангкокта өткен Азия парламенттік ассамблеясының Әлеуметтік және мәдени істер жөніндегі тұрақты комитеті отырысына қатысуы.

2019 жылғы 24 қыркүйек – КТ парламенттік делегациясының Сенат Төрағасы П. Вичитчолчаемнің басшылығымен Астанада өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысуы.

2022 жылғы 13–18 мамыр – Таиланд Өкілдер палатасының Ғылыми-техникалық зерттеулер және инновациялар комитетінің төрағасы А. Асвахем бастаған 5 депутаттың Алматы және Астана қалаларына танысу сапары.

2024 жылғы 3 мамыр – Астанада ҚР Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті (төрағасы А. Лукин) мен Таиланд Сенатының Қарулы күштер және мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (төрағасы Бунсранг Ниумпрадит) арасындағы кездесу.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2025 жылы Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 255,1 млн АҚШ долларын құрады, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6%-ға жоғары (236,5 млн АҚШ долл.).

Қазақстанның Таиландқа экспорты – 38,6 млн АҚШ долл.

Таиландтан Қазақстанға импорт – 216,5 млн АҚШ долл.

Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық бірлескен комиссия (МПК) жұмыс істейді: ҚР тарапынан – Туризм және спорт министрлігі, КТ тарапынан – Сыртқы істер министрлігі.

Отырыстар: 1-ші – 2002 жылғы 21-22 қазан (Астана); 2-ші – 2012 жылғы 21–22 маусым (Бангкок); 3-ші – 2017 жылғы 21-22 маусым (Астана).

Туризм

2016 жылғы 4–5 тамыз – Таиланд Туризм және спорт министрі К. Ваттанаврангкулдың Қазақстанға жұмыс сапары.

2017 жылғы 16 шілде – К. Ваттанаврангкулдың ҚР-ға сапары (ЭКСПО-2017).

2024 жылғы 24 ақпан – Таиланд Туризм және спорт министрінің Алматыға сапары (туризмді ілгерілету).

2019 жылғы қазаннан бастап – Таиланд азаматтары үшін ҚР-да 30 күндік визасыз режим енгізілді (COVID-19 кезеңінде уақытша тоқтатылды); ұқсас режим Қазақстан азаматтары үшін де қолданылды.

Пандемиядан кейін – Қазақстан Таиланд тарапынан әуежайда келу визасын (30 күнге дейін) алу құқығы бар елдер тізіміне енгізілді.

2023 жыл – 2024 жылғы 31 тамыз – Қазақстан азаматтары үшін 30 күндік уақытша визасыз режим қолданылды.

2024 жылғы 23 сәуір – ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім және туризм министрліктері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2024 жылғы 15 шілде – Таиланд 60 күндік визасыз режимді 57 елден 93 елге дейін кеңейтті (оның ішінде Қазақстан).

2021 жылғы 31 қазан – Air Astana әуекомпаниясы Алматы–Пхукет бағыты бойынша алғаш рет әуе қатынасын ашты; 2022 жылғы 29 қазаннан бастап Алматы–Бангкок рейсі қайта жанданды.

2025 жылғы 1 желтоқсан – Thai Air Asia X Алматы–Бангкок бағытын ашты.

2025 жылғы 16 желтоқсан – SCAT әуе компаниясы Шымкент–Бангкок бағытын ашты.

Қазақстан мен Таиланд арасында аптасына 23 тұрақты рейс орындалады.

2025 жылы 200 мыңнан астам қазақстандық турист Таиландқа барды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2015 жылғы 9–11 маусым – Дүниежүзілік буддистер бауырластығының Бас хатшысы П. Тхайарри және Чулалонгкорн университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі вице-ректоры С. Чотико Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне қатысты.

2018 жылғы қазан – Дүниежүзілік буддистер қауымдастығы Президентінің кеңесшісі Т. Сучарикула және Дүниежүзілік бейбітшілік елшісі кеңсесінің Бас хатшысы П. Товивич VI Съезге қатысты.

2019 жылғы тамыз және 2021 жылғы қазан – Т. Сучарикула Съезд Хатшылығының XVIII және XIX отырыстарына қатысты.

2023 жылғы 11 қазан – Дүниежүзілік буддистер бауырластығының Бас хатшысы Монтиан Тананарт Съезд Хатшылығының XXI отырысына қатысты.

2024 жылғы 8–9 қазан – Дүниежүзілік буддистер бауырластығы Съезд Хатшылығының кезекті отырысына қатысты.

2025 жылғы 16–18 қыркүйек – Дүниежүзілік буддистер бауырластығының Президенті П. Тайарри және Дүниежүзілік буддистік жастар ұйымының Бас хатшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне қатысты.


Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастық
12 мая 2026

Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 28 қаңтарда орнатылды.

1993 ж. қаңтардан бастап Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі жұмыс істейді.

1995 ж. ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігі жұмыс істейді.

2026 ж. сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшісі – Исенали Әсет Жеңісұлы.

2026 ж. мамырдан бастап Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі – Юн Ки Хон.

 

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының Президенттері Кореяға 6 рет сапар жасады: 1995, 2003, 2010, 2012, 2016, 2021 ж.

Корея Президенттері Қазақстанға 7 рет сапар жасады: 2004, 2009, 2011, 2012, 2014, 2019, 2024 ж.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Парламентінде Корея Республикасымен ынтымақтастық бойынша тобы құрылған.

Корея Ұлттық Ассамблеясында 22-ші Ұлттық жиналыстың құрамында Парламенттік топ жұмыс істейді.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағаларының Кореяға сапарлары: 2021 және 2023 ж.

Корея Ұлттық Ассамблеясы Спикерлерінің Қазақстан Республикасына сапарлары: 2018, 2019 және 2024 ж.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2005 ж. бастап Корея Қазақстан экономикасына – 11,8 млрд. АҚШ долл. инвестиция салды (9-орын).

Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 1 026 кәсіпорын жұмыс істейді.

 

2025 ж. екіжақты тауар айналымы 3,17 млрд. АҚШ долл. құрады, оның ішінде экспорт 0,93 млрд., импорт – 2,25 млрд.

 

Экспорттың негізгі тауарлары: минералдық өнімдер мен металлдар, және олардан жасалған бұйымдар.

 

Импорттың негізгі тауарлары: машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар және аппараттар, сондай-ақ химия және оған байланысты салалар өнімдері.

 

Қазіргі уақытта екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және энергетикалық салаларда ынтымақтастықты жүзеге асырудың негізгі тетігі – Қазақстан-Корея үкіметаралық сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық комиссиясы болып табылады.

Қазіргі уақытқа дейін тараптар ҮАК-тың 10 отырысын өткізді, соңғысы
2024 ж. наурызда Астана қаласында болды.

 

Қазақстан мен Корея арасында аптасына 20 тікелей рейс орындалады.

Рейстерді «Air Astana», «SCAT Airlines», «Asiana Airlines» және «Eastar Jet» жүзеге асырады.

 

Әскери және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастық

Кореяның Қазақстандағы Елшілігі жанындағы әскери атташенің аппараты 2016 ж. бастап жұмыс істейді, Қазақстанның Кореядағы Елшілігі жанындағы әскери атташенің аппараты 2023 ж. бастап жұмыс істейді.

Әскери-техникалық ынтымақтастық комитеті жұмыс істейді.

Комитеттің 3 отырысы өтті, соңғысы 2023 ж. қарашада Астана қаласында болды.

 

Мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара әрекеттесу

Мәдени ынтымақтастық комиссиясы жұмыс істейді.

Комиссияның 4 отырысы өтіп, соңғысы 2022 ж. маусымда Астана қаласында болды.

2004 жылдан бері Кореяның Хангук шетел тілдері университетінде қазақ тілі оқытылады.

2021 жылы Сеул қаласында Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылды.

 

 

Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы арасындағы ынтымақтастық
12 мая 2026

Қазақстан – Шри-Ланка қатынастары туралы

 

1992 ж. 29 маусымда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

Хат-хабар Коломбо қаласындағы ҚР Елшілігі мен Мәскеу қаласындағы Шри-Ланка Елшілігі арқылы жүзеге асырылады.

2025 ж. 24 шілдеден бастап ҚР-дың Шри-Ланкадағы Елшісі С.Викторов.

2026 ж. 4 наурыздан бастап Шри-Ланканың РФ-дағы және ҚР-дағы қоса атқарушы Елшісі - Шобини Гунасекера ханым (Мәскеу қ.).

 

Саяси ынтымақтастық

Аса жоғары деңгейдегі байланыстар:

2011 ж.: Санкт-Петербургте өткен Халықаралық экономикалық форум шеңберінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Шри-Ланка Президенті М.Раджапаксамен кездесуі.

2012 ж.: Шри-Ланка Президенті М.Раджапаксаның ҚР-ға ресми сапары. Оның қорытындысы бойынша Туризм саласындағы келісімге қол қойылды.

2023 ж.: «Berlin Global Dialogue» форумы алаңында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Шри-Ланка Президенті Р.Викремесингхемен кездесуі өтті.

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

2012 ж.: Шри-Ланка Сыртқы істер министрі Гамини Лакшман Пейристің ҚР-ға жұмыс сапары. Оның қорытындысы бойынша Сыртқы саясат ведомстволары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2021 ж.: Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясы алаңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Шри-Ланка Сыртқы істер министрі Г.Пейриспен кездесуі.

2024 ж. Нижний Новгородта өткен БРИКС Министрлік кездесулер алаңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Шри-Ланка Сыртқы істер министрі А.Сабримен кездесуі.

Басқа деңгейдегі байланыстар:

2012 ж.: Коломбода сыртқыісминаралық консультациялар өтті. Қазақстан делегациясын Азия және Африка департаментінің директоры, ал Шри-Ланка делегациясын Сыртқы істер министрлігінің Хатшысы басқарды.

2016 ж.: ЭКСПО-2017 комиссары Р.Жошыбаевтың Шри-Ланкаға сапары.

2024 ж.: Астанада ҚР СІМ мен Шри-Ланка СІМ арасындағы саяси консультациялардың екінші раунды өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Бақаев, ал Шри-Ланка делегациясын
Шри-Ланка Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары А.Виджевардане басқарды.

 

Парламентаралық және партияаралық ынтымақтастық

2014 ж.: Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясының 8-ші Бас Ассамблеясына қатысу үшін Б.Байбек бастаған «НұрОтан» партиясы делегациясының сапары өтті. Іс-шара шеңберінде Шри-Ланка Президенті, Шри-Ланка Бостандығы партиясының төрағасы М.Раджапаксамен кездесуі өткізілді.  

2017 ж.: Халық және даму мәселелері жөніндегі парламентарийлердің Азия форумының 12-ші Бас ассамблеясына қатысу үшін ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттарының Шри-Ланкаға сапары. 

 

Көпжақты ынтымақтастық

2014 ж.: Шри-Ланка Президентінің Арнайы өкілі Н.С.де Сильваның
ҚР-ға сапары.

2015 ж.: Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-қимыл жөніндегі конференциясына қатысу үшін Дін істері және қоғамдық тәртіп министрінің орынбасары Ч.Перераның Астанаға сапары.

2020 ж.: Азия кеңесінің аға лауазымды адамдарының комитетінің кезекті отырысына Шри-Ланка Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Дж.Коломбаж онлайн форматында қатысты.

2021 ж.: Азия кеңесінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 6-отырысына Дж.Коломбаж онлайн форматында қатысты.

2022 ж.: Астанада өткен Азия кеңесінің 6-шы мерейтойлық Саммитіне
Шри-Ланка Мемлекеттік сыртқы істер министрі Тарака Баласурия қатысты.   

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2026 ж. қаңтар-наурыз айларында Қазақстан мен Шри-Ланка арасындағы тауар айналымы 2,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2025 ж. тиісті кезеңмен салыстырғанда 15,5%-ға артық.

2025 ж. өзара сауда 10,3 млн. долларды (2024 ж. көрсеткішпен салыстырғанда 11,47%-ға өсті) құрап, оның ішінде экспорт (+23,04 есе өсті), импорт (+0,4%-ға өсті) болды.

Экспорттың негізгі тауарлары: электрлік оқшаулағыштар (үлесі 99,5%), төсек-орын, асхана, дәретхана және ас үй зығырлары (үлесі 0,15%), тұрмыстық қажеттіліктерге арналған бұйымдар және олардың алюминийден жасалған бөліктері (үлесі 0,11%), саквояждар, чемодандар, кейстер, портфельдер, футлярлар, әйелдер сөмкелері (0,06% үлесімен), тоқылған жейделер, фуфайкалар (0,06% үлесімен), тоқылған бас киімдер (0,05% үлесімен), қағаздан, картоннан жасалған жапсырмалар мен жапсырмалар (0,04% үлесімен).

Импорттың негізгі тауарлары: шай (үлесі 44,7%), құрама құрылыс конструкциялары (үлесі 11,7%), жейделер, тоқылған фуфайкалар (үлесі 5,6%), қағаздан, картоннан жасалған жапсырмалар (үлесі 3,2%), текстильді тоқыма киімдері (үлесі 3%), трикотаж тоқылған киімдері (үлесі 2,9%), тоқылған әйелдер іш киімі (үлесі 2,4%) және т.б.

 

Туризм саласындағы ынтымақтастық

2026 ж. 24-26 сәуірде Алматыда өткен «KITF-2026» 24-ші Халықаралық туристік жәрмеңкеге Шри-Ланка туристік компаниялары қатысты.

Шри-Ланка 2025 жылы 9821 қазақстандық турист келген сүйікті туристік бағыттардың біріне айналды. 2026 жылғы қаңтар-наурыз аралығында қазақстандық туристердің саны 3579-ға жетті.

2025 ж. 25 желтоқсан мен 2026 ж. 19 ақпан кезеңінде Қазақстанның ұлттық тасымалдаушысы – «Air Astana» АҚ аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Коломбо-Алматы бағыты бойынша маусымдық чартерлік рейстерді орындады. Бұл туристік ағынның ұлғаюына елеулі үлес қосты.

Қазіргі таңда Шри-Ланка Үкіметі ҚР азаматтары үшін кіру визаларын тегін ресімдеу мүмкіндігін қарастыруда. Мәселен, болу елі СІМ-нің ақпаратына сәйкес 40 елдің азаматтарына консулдық алымдарды төлемей елге визамен кіруге рұқсат етіледі (эл. визалар). Қазақстаннан басқа, елдер тізіміне Ресей, Германия, Нидерланд, Аустралия, Үндістан, Қытай, Жапония, Канада, Испания және басқалары кірді. Бұл тізбе Шри-Ланка Парламентінде келісудің соңғы кезеңінен өтуде. Мұндай жаңалықтар дамуы Шри-Ланка Үкіметінің ірі өңірлік державалармен қарым-қатынастарға басымдық бере отырып, Қазақстанмен байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екендігін айғақтайды.

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2004 ж. Оңтүстік-Шығыс Азияда өткен жойқын цунамиге байланысты Қазақстан Шри-Ланкаға гуманитарлық жүк жіберді.

2013 ж. маусымда ҚР Премьер-Министрінің атына 30 жылдық соғыс кезінде Шри-Ланканың солтүстік өңірлерінен күштеп шығарылған мұсылман отбасыларына гуманитарлық көмек көрсету туралы Шри-Ланка Премьер-министрі мен Индустрия және сауда министрінің өтініші келіп түсті.
ҚР Үкіметінің (20.12.2013 ж. №1358) қаулысына сәйкес 200 мың АҚШ доллары сомасына ақшалай баламада өтеусіз негізде Қазақстан гуманитарлық көмек бөлді.

2018 ж. 2 шілдеде Астана қаласында өткен Жібек жолы қалалары әкімдерінің форумына Коломбо қаласының мэрі қатысты.

2019 ж. 3-4 қыркүйекте Астанада өткен Азия жазушыларының бірінші форумына Шри-Ланкадан әлемге белгілі жазушылар А.Феррей мен П.Джаясекара қатысты.

 

ҚР СІМ

Социальные сети
Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты