ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқуға үміткерлерді анықтау қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижелер көрсеткен келесі тұлғалар ММХҚИ-дағы қабылдау емтихандарын тапсыруға іріктелді.
Бакалавриат бағдарламасы бойынша:
Магистратура бағдарламасы бойынша:
Министрліктің 2021 жылғы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті
Орналастырылған есептерге сілтемелер:
Қазақстан-Моңғолия қарым-қатынастары
Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 22 қаңтарда орнатылды.
2022 ж. тамыздан бастап Моңғолиядағы ҚР Елшісі болып Ғ.Қойшыбаев тағайындалды.
2021 ж. қыркүйекте Д.Баярхуу ҚР-дағы Моңғолияның Елшісі етіп тағайындалды.
1997 ж. мамырдан 2007 ж. қаңтарға дейін Ұлан-Батырда ҚР Дипломатиялық миссиясы әрекет етіп, ҚР Президентінің Жарлығымен (2006 ж. 2 желтоқсан) Моңғолиядағы ҚР Елшілігі етіп қайта құрылды.
ҚР аумағында Моңғолияның Елшілігі (Астана) және Моңғолияның Консулдық бекеті (Алматы) қызмет етеді.
Саяси ынтымақтастық
ҚР Президенті Н.Назарбаев Моңғолияға 2 ресми (1993 ж. қазан, 1999 ж. сәуір) және 1 мемлекеттік сапар (2008 ж. тамыз) жасады.
1998 ж. Моңғолияның Президенті Н.Багабандидің Қазақстанға ресми сапары, ал 2007 ж. Моңғолияның Президенті Н.Энхбаярдың мемлекеттік сапары өткізілді. 2017 ж. 8-11 маусымда Моңғолияның Президенті Ц.Элбэгдорж ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің мәжілісіне және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапармен келді.
2019 ж. 10-12 қазанда Моңғолияның Премьер-Министрі У.Хурэлсух Қазақстанға ресми сапар жасады. ҚР Премьер-министрі А.Маминмен келіссөздер және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен кездесу өткізілді. 7 ресми және 8 коммерциялық құжатқа қол қойылды.
2021 ж. 11-12 қазанда Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Б.Батцэцэг өзінің ресми сапары аясында Астанада болған АӨСШК-ге қатысушы елдердің министрлер кездесуіне қатысты.
2022 жылғы 12-13 қазанда Астана қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) VI Саммитіне Моңғолия Президентінің арнайы өкілі ретінде Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары С.Амарсайхан қатысты.
Сауда-экономикалық қатынастар
2022 ж. қаңтар – желтоқсан айларында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауарайналым $104,1 млн. құрап, оның ішінде экспорт $97,1 млн., ал импорт $7,0 млн.құрады.
Анықтама: өзара сауда 2021 ж. 60,9 млн. долл. құрады, оның ішінде экспорт - 58,5 млн.долл., импорт – 2,44 млн.долл.
Моңғолияға экспорттың негізгі тауарлары болып темекі өнімдері, рапс тұқымдары, нан және ұннан жасалған кондитерлік тағамдар, майлы дақылдардың дәндері мен жемістері, тамақ өнімдері (кофе, шоколад), сондай-ақ қозғалтқыштар мен машина жасау өнеркәсібінің өнімдері табылады.
Моңғолиядан келетін импортқа - ет пен ет өнімдері, пайдаланылмаған пошта маркалары, елтаңбалы қағаз, бағалы қағаздардың ұқсас түрлері, кашемир, кілемдер және жүн өнімдері кіреді.
Екіжақты Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия қызмет жасауда. Үкіметаралық комиссияның 8-мәжілісі 2020 ж. 25 қарашада онлайн түрде өткізілді.
2020 жылы әлемдік індетке байланысты тоқтатылған Алматы-Ұлан-Батыр бағыты бойынша тікелей әуе қатынастар 2022 ж. мамыр айынан бастап қайта жандандарылды.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Екі ел арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық дамып, дәстүрлі Моңғолия қазақтарының құрылтайы өтіп келуде.
Бұдан басқа, «Балдаурен» (Бурабай) балалар ойын-сауық-сауықтыру орталығына жыл сайын мектеп пен мектепке дейінгі жастағы этникалық қазақ балаларын жіберу бойынша белсенді жұмыс жүзеге асырылуда. 2018 ж. 30 бала квота бойынша Қазақстанда демалды.
2010 ж. қарашада Астанада Моңғолияның ҚР-дағы мәдениет күндері өткізілді.
2018 ж. 17 қазанда ҚР Үкіметі 2018 ж. шілдеде сел тасқындарынан зардап шеккен Моңғолияның аудандарын, соның ішінде Баян-Өлгий аймағын қалпына келтіру үшін 500 мың долл. сомасында гуманитарлық көмек бөлді.
2019 ж. 9-10 қыркүйекте А.Бабиұлы атындағы орталық кітапханада (Баян-Өлгий қаласы) ҚР Ұлттық академиялық кітапхана, «Отандастар қоры» АҚ, «Казконтент» АҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетінің орталығы ашылды.
2019 ж. 28-30 қарашада Ұлан-Батырда отандық кинофильмдер көрсетілімі ұйымдастырылып, Қазақ киносының күндері өткізілді.
2022 ж. 24 тамызда Ұлан-Батырда Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының бірлесіп жүргізген археологиялық экспедициясы нәтижесінде Моңғолияның Архангай аймағының, Номғон жазығынан Түрік қағандығының негізін қалаушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен мен жазу табылғанына орай баспасөз-конференция өтті.
2022 ж. 13 желтоқсанда Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30-жылдық мерейтойына арнайы ҚР-дың Моңғолиядағы Елшілігі ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Шарттық-құқықтық база.
1991 ж. бері Қазақстан мен Моңғолия 60 астам екіжақты шарттар мен келісімдерге қол қойды. 2022 ж. Қазақстан Республикасы және Моңғолия арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 29 жыл толды.
Қазақстан Жапония қарым-қатынастары
1992 жылы 26 қаңтарда дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.
1993 ж. Жапонияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
1996 ж. Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі ашылды.
ҚР-дың Жапониядағы Елшісі С.Есімбеков (2021 ж. мамырдан).
Жапонияның ҚР-дағы Елшісі Д.Ямада (2021 ж. сәуірден).
Саяси ынтымақтастық
Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынас тұрғысында сипатталады. 2016 ж. екіжақты қарым-қатынастар жаңа сапалы деңгейге – кеңейтілген стратегиялық серіктестікке дейін көтерілді.
ҚР Президенті Н.Назарбаев Жапонияға 5 мәрте сапар жасады. Жапония Премьер-Министрлері Қазақстанға 2 мәрте сапармен келді.
1994 ж. бері Жапонияда Қазақстанмен Парламенттік достық лигасы жұмыс істейді. 2004 ж. ҚР Парламенті Сенатында Жапониямен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі топ құрылды. Ал 2005 ж. бері ҚР Парламенті Мәжілісінде дәл осындай топ жұмыс істейді.
2021 ж. 31 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулиннің Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының Төрағасы Т.Ошимамен онлайн видеоконференция арқылы кездесуі өтті.
Жапония Семей өңірі бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы қарарының тең авторы және 1999 ж. қыркүйекте Токио қаласында бұрынғы Семей полигонының проблемалары жөніндегі ірі халықаралық конференцияны өткізудің бастамашысы болды. 1998 ж. наурыздан бастап ҚР аумағындағы ядролық сынақтардың зардаптарын зерделеуге қатысты бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Семей, Хирошима және Нагасаки қалаларының медициналық және қоғамдық мекемелері арасында тығыз байланыстар орнатылған.
2015-2017 жж. Қазақстан мен Жапония Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСТШ) күшіне енуіне қолдау көрсету жөніндегі 9-шы конференцияның тең төрағалары міндеттерін атқарды.
2022 ж. 29 сәуірде Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяшидің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті. Сапар барысында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевқа ізеттілік кездесуі және ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеубердімен екіжақты келіссөздері өтті.
2022 жылғы 27 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэнің мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты. Іс-шара соңында қазақстандық делегация басшысын Жапония Премьер-Министрі Ф.Кишида қабылдады.
2022 жылғы 1 желтоқсанда Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі мен Жапония үкіметінің шақыруымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаев бастаған қазақстандық делегация Токиодағы Орталық Азия инвестициялық форумына қатысты.
2022 жылғы 23-24 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді Токиоға "Орталық Азия + Жапония" 9-шы СІМК-не қатысу үшін сапары өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2022 жылы тауарайналым 1,9 млрд. АҚШ долл. (+71%), оның ішінде экспорт-782 млн. АҚШ долл. (+40%), импорт - 1132 млн. АҚШ (+102%).
ҚР-дың Жапонияға негізгі экспорттық тауарлары: ферроқорытпалар (87%), шикі мұнай (10%), алюминий (1%), тантал (1%).
Жапониядан ҚР-ға импортталатын негізгі тауарлар: автомобильдер (65%), жүк көлігі (4%), құрылыс техникасы (4%), автошиналар (3%), медициналық жабдықтар (2%).
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректері бойынша Жапония 1993 жылдан бері 7,9 миллиард доллардан астам инвестициямен жалпы ТШИ ағыны бойынша Қазақстандағы 10-шы ірі шетелдік инвестор болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметі бойынша, Жапониядан ҚР-ға ТШИ ағыны 2021 жылы $239 млн (-18%), 2022 жылдың 3-тоқсанында $226 млн (33+%) құрады. 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 62 жапондық компания тіркелген.
Қазақстан мен Жапонияның Үкіметтік және жеке секторларының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясы (ҮАК) қызмет етеді.
2018 ж. 27 маусымда Астанада комиссияның 7-ші отырысы өтті.
Бірлескен комиссияның құрамында екі елдің іскер топтарының өкілдерін біріктіретін Қазақстан-Жапон Іскерлік кеңесі бір мезгілде жұмыс істейді.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2020 ж. 12 қазанда Токиода Жапонияның саяси, мәдени және қоғамдық топтарының, сондай-ақ дипломатиялық корпустың қатысуымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының жапон тіліндегі алғаш рет жарық көрген шығармаларының тұсау кесері өтті.
2020 жылдың желтоқсанында Жапонияда "Әл-Фараби орталығының" салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара ғалым және философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын тойлаудың маңызды оқиғасы болды.
2021 ж. 15 наурызда Жапония Үкіметінің атынан 3,7 млн. АҚШ долл. көлемінде гуманитарлық грант беру жөнінде келісімге қол қойылды.
2021 ж. 15 сәуірде Жапониядағы қазақтар қауымдастығы құрылды.
2022 ж. 19 маусымында Токиодағы Akasaka Kumin Center концерттік залында Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан мен Жапония арасында дипломатиялық қатынас орнатуының 30 жылдығына арналған «Жібек жолы – мәдениет пен достық көпірі» атты қазақ ұлттық музыкасының концерт өтті.
2022 ж. 22-25 қыркүйекте «Kazakh Tourism» ҰК өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының туристік компаниялары Жапониядағы «JATA-2022» ірі туристік көрмесіне қатысты.
Шарт-құқықтық база
Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 28 қаңтарда орнатылды.
1993 жылы Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
1996 жылы Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігі ашылды.
Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев (2018 жылғы сәуірден бастап).
Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ку Хонг Сок
(2020 жылғы мамырдан бастап).
Саяси ынтымақтастық
Қазақстан мен Корея Республикасы кеңейтілген стратегиялық серіктестікке қол жеткізіп, оны белсенді дамыту үстінде.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Корея Республикасына бес мәрте сапар жасады.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Корея Республикасында мемлекеттік сапармен 2021 жылғы 16-17 тамызда болды.
Корея Республикасының Президенттері Қазақстанға 6 мәрте сапарларымен келді.
2022 жыл қаңтарда екі елдің басшылары Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына орай құттықтау хаттармен алмасты.
Екі елдің парламенттері арасында екіжақты Достық және ынтымақтастық тобы құрылып, өз жұмысын жалғастыруда.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2022 ж. қорытындысы бойынша екіжақты тауарайналым 6,1 млрд. долл. құрады (бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 3,4 есе көп). Оның ішінде, Қазақстаннан Кореяға экспорт – 4,5 млрд. долл., Кореядан Қазақстанға импорт – 1,6 млрд. долл. құрады.
Қазақстаннан Кореяға экспортталатын негізгі тауарлар: мұнай, уран, титан, ферроқорытпалар, болат, алтын және мыс.
Кореядан Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар: сым мен кабельдер, электроника, әртүрлі машина жабдықтары, шанақтар (кабиналарды қоса алғанда) және көлік, автокөліктер және т.б.
Корея Республикасы Қазақстан экономикасындағы жетекші шетелдік инвесторлардың бірі. Мәселен, 2005 ж. бастап Кореяның ҚР-ға инвестицияларының мөлшері 8,1 млрд. АҚШ долл. асты. 2022 жылдың 9 айында Кореяның Қазақстанға жалпы тікелей инвестициялар көлемі 1,1 млрд. долл. құрады.
2023 ж. ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда Оңтүстік Кореяның қатысуымен 700-ден астам заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер жұмыс істейді.
Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды механизмі болып Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Корея үкіметаралық комиссиясы табылады. Осы уақытқа дейін комиссияның 9 отырысы өткізілді (соңғысы - 2020 ж. 17 қараша).
Комиссиянының Қазақстан тарапының тең төрағасы - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М.Қарабаев, Оңтүстік Корея тарапының тең төрағасы - Сауда, индустрия және энергетика министрі Ли Чаң Яң.
Сондай-ақ, Іскерлік кеңес жұмыс істейді және оған Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры - активтерді басқару дирекциясының басшысы А.Сатқалиев, Оңтүстік Корея жағынан – «Kolon Investments Corporation» Президенті Шин Сан Хо (10 отырыс - Нұр-Сұлтан қ., 2017 жылғы шілде) тең төрағалық етеді.
Көпжақты ынтымақтастық
Қазақстан «Орталық Азия - Корея Республикасы» форумына қатысады. Форумның хатшылығы 2016 жылы құрылды. Форумның 15-ші отырысы
2022 ж. 25 қазанда Пусан қаласында сыртқы істер министрлері деңгейінде өтті.
Сонымен қатар, елдеріміз БҰҰ, ДСҰ, МАГАТЭ, АӨСШК және т.б. тәрізді халықаралық ұйымдар аясында белсенді ынтымақтастық жүргізуде.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2006 ж. бастап Каннам университетінде (Йонъин қ.) Қазақстантану бөлімі жұмыс істейді.
2021 ж. 17 тамызда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында Сеул қаласында салтанатты түрде А.Құнанбаевтың мүсіні ашылды.
2022 ж. екі ел арасындағы мәдени алмасу жылы болып жарияланды.
2022 ж. 23-26 маусымда Мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының Корея Республикасында гастрольдік сапары өтті.
2022 ж. 30 маусымда Сеулде Қазақстан кәрістерінің қоныс аудару тарихына арналған «Үміт елі» атты көрмесі ашылды.
2022 ж. 19 қазанда Тэгу қаласында қазақстандық скрипкашы Айман Мұсаходжаеваның жеке концерті өтті.
Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 30 наурызда орнатылды.
2003 ж. қарашада Сингапурда ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылып, ол 2008 ж. 11 желтоқсанда ҚР Елшілігі болып қайта құрылды.
2022 ж. 21 қазанынан бастап Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі – Асқар Сейдахметұлы Құттықадам.
2014 ж. 28 мамырдан бері резиденциясы Сингапурда орналасқан Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі – Зулкифли бин Бахарудин.
Саяси ынтымақтастық
ҚР Президенті Н.Назарбаев Сингапур Республикасына 1996 ж. (ресми сапар) және 2003 ж. (мемлекеттік сапар) барды.
Сингапурдың Премьер-Министрі Ли Куан Ю Қазақстанға 1991 ж. қыркүйекте сапармен барды.
Саяси диалогты тереңдету үшін ҚР Үкімет басшыларының (2010 ж. қазан, 2015 ж., 2018 ж. қараша) Сингапурға сапарлары, сондай-ақ Сингапурдың Премьер-Министрі, Құрметті аға министрі Го Чок Тонгтың
Қазақстанға сапары өтті (2016 ж. қыркүйек).
2016 ж. 11 шілдеде Астана қаласында бірінші Қазақстан-Сингапур арасындағы саяси консультациялар өтті және оның қарсаңында cыртқы істер министрлері деңгейінде сапарлар жасалды.
2019 ж. 1 қазанда Ереванда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес алаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Сингапур Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен кездесті.
2021 ж. 11 қаңтарда Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан мен Сингапур сыртқы саяси мекемелері арасында видеоконференц-байланыс форматында саяси консультациялар өтті.
2021 ж. 21 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ БА 76-шы сессиясы шеңберінде СР Сыртқы істер министрі В. Балакришнанмен кездесу өткізді.
2022 ж. 14-17 тамызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М. Тілеубердидің Сингапур республикасына ресми сапары аясында, Сингапур Республикасының Президенті Х.Якобпен, Қаржы Вице-премьері Л. Вонгпен, министр В. Балакришнанмен, Сыртқы істер сауда және өнеркәсіп, еңбек ресурстары министрі Тан Си Ленгпен келіссөздер жүргізілді.
2022 ж. 10-14 қазанда СР Премьер-Министр Кеңсесінің Министрі
М.Осман бастаған Сингапур делегациясының АӨСШК-нің 6-шы Саммитіне (Астана қ.) қатысу үшін ҚР-ға сапары өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2022 жылы екіжақты тауарайналым 1,9 млрд. АҚШ долл. (+65,1%), оның ішінде ҚР-дың СР-ға экспорты – 1,87 млрд. АҚШ долл. (+67,8%),
СР-дан ҚР-ға импорт – 47,1 млн. АҚШ (+0,5%) құрады.
Экспорттың негізгі тауарлары: мұнай өнімдері, қара және түрлі-түсті металдар.
Импорттың негізгі тауарлары: химиялық өнімдер, құрал жабдықтар, электроника.
ҚР Ұлттық статистика бюросына сәйкес, 2023 жылғы наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында Сингапур капиталының қатысуымен жұмыс істеп тұрған 144 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген.
2010-2022 жж. аралығында Сингапурдан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 1 млрд. АҚШ долл. құрады.
2022 ж. 3-тоқсанында СР-дан ҚР-ға шетелдік инвестициялар ағыны 310,7 млн. АҚШ долл., Қазақстан Республикасынан шетелге ағыны – 11 млн. АҚШ долларын құрады.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Жыл сайын 100-ге жуық қазақстандық студенттер Сингапурдың озық жоғары оқу орындарында білім алуда.
2012 ж. бастап Назарбаев Университеті мен Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебі арасында «ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісім жұмыс істейді. Мемлекеттік саясат мектебі Назарбаев Университетінің стратегиялық серіктесі мәртебесіне ие.
2016 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп Қазақстанда «Management Development Institute of Singapore» (MDIS) филиалын құру, білім беру саласындағы ірі жобалардың бірі болып табылады.
25 қаңтар 1992 ж. дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1992 ж. наурызда Францияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
1993 ж. шілдеде Қазақстанның Франциядағы Елшілігі ашылды.
2021 ж. маусымда Қазақстанның Страсбургтегі Бас консулдығы ашылды
2022 жылғы шілдеден бастап ҚР-дың Франциядағы Елшісі Г.Арыстанқұлова.
2020 жылғы желтоқсаннан бастап Францияның Қазақстандағы Елшісі Д.Канесс.
Жоғары деңгейдегі сапарлар:
ҚР Президенті Н.Назарбаев Францияға ресми және жұмыс сапарларымен 1992 ж. және 1994 ж., ал 1995, 1997, 2003, 2008, 2010, 2011, 2012 2015 ж., екі рет келді.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Францияға алғашқы ресми сапарымен 2022 жылдың қарашасында келді.
Француз көшбасшылары Ф.Миттеран 1993 жылы, Н.Саркози 2009 жылы, Ф. Олланд 2014 жылы, Э. Макрон 2023 жылы Қазақстанға барды.
Екі елдің үкімет басшылары деңгейінде кездесулер өтті: 2008 жылы Парижде, 2011 жылы екі рет, 2012, 2013 және 2014 жылдары; 2008 жылғы ақпанда және 2010 жылғы желтоқсанда Астанада (Ф.Филлон ЕҚЫҰ саммитінде Франция атынан қатысты).
Сыртқы саяси ведомстволар арасында байланыстар дамытуда. 2013 жылдан бастап министрлер деңгейінде 5 кездесу өтті (оның ішінде 1 - Қазақстанда, 2 – Францияда, 2 – халықаралық форумдар аясында). Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының соңғы кездесуі 2022 жылғы 20 маусымда Люксембургте ҚР-ЕО ынтымақтастық кеңесінің 19-шы отырысы аясында өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Франция арасындағы өзара сауда көлемі 4,2 млрд. АҚШ долларын (экспорт – 2,9 млрд., импорт – 1,3 млрд.) құрады, 2022 жылмен салыстырғанда (3,4 млрд.) 14,7%-ға өсті.
2005 жылдан бастап 2023 жылдың үшінші тоқсанына дейінгі кезеңде Франциядан Қазақстанға тікелей инвестицияның жалпы ағыны 18,9 млрд. долларды құрады.
Экономикалық жолдағы елдердің өзара іс-қимылының негізгі тетігі Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) болып табылады. ҮАК тең төрағалары: Қазақстан тарапынан –Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ.Шарлапаев, ал француз тарапынан - Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегаты О.Бешт.
Осы уақытқа дейін ҮАК-тің 15 отырыс өткізілді.
Сондай-ақ, Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесі жұмыс істейді. Қазақстан тарапынан тең төраға – «Визор Холдинг» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы А.Кәрібжанов, француз тарапынан – «Vicat» компаниясының президенті Г.Сидос.
Осы уақытқа дейін Іскерлік кеңестің 12-ші отырысы өтті.
1993 ж. 1 қаңтарда дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.
2005 ж. Словакияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
2006 ж. Елшінің Прагадағы тұрақты резиденциясымен Қазақстанның Братиславадағы дипломатиялық өкілдігі ашылды.
2009 ж. Қазақстанның Чехиядағы және Словакиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімі ашылды.
2019 ж. Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі ашылды.
2022 ж. маусымнан бастап Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Төлежан Барлыбаев болып табылады.
2022 ж. қыркүйектен бастап Словакияның Қазақстандағы Елшісі Роберт Кирнаг болып табылады.
2021 ж. 18 қазанда Өскемен қаласында Словак Республикасының Құрметті консулдығы ашылды.
2022 ж. 19 желтоқсанда Банска-Быстрица қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ашылды.
Саяси ынтымақтастық
Ең жоғары деңгейдегі сапарлар
Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Словак Республикасына 2007 ж. 20-21 қарашада мемлекеттік сапармен барып қайтты.
Словак Республикасының президенттері Қазақстанға үш мәрте сапармен келіп кетті (Р. Шустер – 2001 ж. 14-15 қарашада ресми сапармен; И. Гашпарович – 2010 ж. 29-31 наурызда ресми сапармен және 2010 ж. 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитіне қатысушы словак делегациясының басшысы ретінде).
Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев 1999 жылғы 18 қарашада Ыстанбұлдағы ЕҚЫҰ Саммиті шеңберінде Словакия Президенті Р. Шустермен кездесу өткізді.
Жоғары деңгейдегі байланыстар (2018-2021 жж.)
2018 ж. 15-16 қарашада Словакия Премьер-министрі П. Пеллегринидің Қазақстанға ресми сапары болып өтті.
2019 ж. 7-8 сәуірде Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрі М. Лайчак ЕҚЫҰ Төрағасы ретінде Қазақстанға сапармен келіп кетті.
2019 ж. 9 шілдеде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Б. Атамқұлов ЕҚЫҰ-ның ресми емес Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысу үшін Словакияға жұмыс сапармен барып қайтты.
2020 жылғы 7-8 қазанда ҚР Сыртқы істер министрі М. Тілеубердінің Братиславада өткен «Globsec» 15-ші халықаралық форумына қатысу шеңберінде Словакияға жұмыс сапары өтті.
2021 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Е. Қазыханның Братиславаға жұмыс сапары болып өтті.
2021 жылғы 11 қазанда СР Сыртқы және еуропалық істер министрі И. Корчоктың Қазақстанға ресми сапары болып өтті.
Парламентаралық ынтымақтастық
Словакияға:
- Қазақстан Парламенті Мәжілісі және Сенаты депутаттарының (1999-2017 жж. аралығында 6 рет);
- Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету жөніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілі ретінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ. Сұлтановтың (2015 ж. 23-24 ақпан);
- Братиславада НАТО Парламенттік ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысу үшін Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Сенаты депутаттарының (2019 ж. 31 мамыр-3 маусым) сапарлары болып өтті.
Қазақстанға:
- Словакия Халықтық Радасының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы, ЕКПА-дағы делегация мүшесі М. Керидің (2021 жылғы 22 қараша);
- Словакия Халықтық Радасының төрағалары П. Пашканың (2013 ж. 10-13 маусым), А. Данконың (2019 ж. 23-24 қыркүйек);
- Словакия Халықтық Радасы Конституциялық-құқықтық комитетінің төрағасы Р. Мадейдің (2015 ж. 24-27 сәуір);
- Қазақстандық-словак парламентаралық достық тобының басшысы П. Марчек бастаған словак парламенті депутаттарының (2017 ж. 9-10 маусым, Достық тобының қазақстандық депутаттарымен кездесті) сапарлары болып өтті.
Қазақстан Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында Словакиямен ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топтар жұмыс істейді (Сенаттағы топтың төрайымы – Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы О.Перепечина; Мәжілістегі топтың төрағасы – Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Б.Торғаев).
Словак парламентінде 16 депутаттан тұратын Әзербайжанмен, Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Түрікменстанмен және Өзбекстанмен достық тобы құрылған. Достық тобының төрайымы − Адриана Пчолинска.
Шарт-құқықтық база
Қазақстан мен Словакия арасында 26 халықаралық шартқа қол қойылған (қазіргі таңда олардың 23-і күшіне енген).
2020 жылғы 8 қазанда Братиславада Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен «Словакия Республикасының Мемлекеттік ормандары» мемлекеттік кәсіпорны арасында орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды;
2020 жылғы 7 қазанда Братиславада Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Словак Республикасының Көлік және құрылыс министрлігі арасында туризм саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды;
2020 жылғы 10 желтоқсанда Братиславада Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Словак Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасында су ресурстары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
2021 жылғы 26 ақпанда Братиславада словак экспорттаушылар кеңесі мен QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
2021 жылғы 11 қазанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Словакия Сыртқы істер министрліктері арасында дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Көпжақты ынтымақтастық
Словакия Қазақстанның Еуропалық Кеңестің қылмыстық сот төрелігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы конвенцияларына қосылуын қолдады.
Сонымен бірге Словакия Қазақстанның 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне; 2013-2017 жылдарға арналған ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетіне мүшелігіне кандидатурасын қолдады және Астанадағы «ЭКСПО 2017» көрмесіне қатысты. Словак павильоны «ауданы 400 шаршы метрден кем павильондар дизайны» номинациясы бойынша 115 қатысушының ішінен екінші орынды иеленді.
Словакия Еуропа елдерінің алғашқылары қатарында Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, сондай-ақ ҚР азаматтары үшін ЕО-ның визалық режимін ырықтандыру мәселесінде Қазақстанды қолдайды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынастар дәйекті дамуымен сипатталады және одан әрі кеңейтуге әлеуеті бар.
Қазақстан Словакияны Орталық және Шығыс Еуропадағы, жалпы Еуропалық Одақтағы маңызды саяси, сауда-экономикалық әріптес ретінде қарастырады. Словакияның дамыған өңдеу және қайта өңдеу салалары, электроника, машина жасау, химия өнеркәсібі және ақпараттық технологиялар Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудырады.
Қазақстан мен Словакия едәуір транзиттік-көліктік әлеуетке ие. Қазақстан мен Словакия аумақтары арқылы Азиядан Еуропаға құрлық жолдары өтеді. Нәтижесінде «Белдеу және жол» бастамасы аясындағы жобаларға қатысу екі мемлекет үшін өзекті болып табылады.
Өзара тиімді ынтымақтастықты белсенді дамытудың ынталандырушы алғышарттары 2017 жылғы 1 қаңтарда Словакия азаматтары үшін визасыз режимнің енгізілуі және Словакияның ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуы болып табылады.
ҚР Қаржы министрлігі МКК деректеріне сәйкес, Қазақстан мен Словакия арасындағы 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығындағы екіжақты тауар айналымы 120,2 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 1,8 млн. АҚШ долл., импорт – 118,3 млн. АҚШ долл.).
Қазақстандық экспорттың негізгі баптары: табиғи газ, тыңайтқыштар, машиналардың бөлшектері және құрылғылар.
Қазақстандық импорттың негізгі баптары: машиналар, техника, құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары, гербицидтер, дәрі-дәрмектер, азық-түлік, ағаштан жасалған қағаз массасы, баспа өнімдері, тоқыма бұйымдары, жиһаз және т.б.
2005 жылдан 2022 жылдың 2-тоқсанына дейін Қазақстанға словак тікелей инвестицияларының жалпы ағыны 21,8 млн. АҚШ долл. құрады.
2022 ж. 1 қаңтардағы ахуал бойынша Қазақстанда словак капиталының үлесімен 31 заңды тұлға, филиал мен өкілдік тіркелген («Oftum» көздің көруін лазермен түзету орталықтары, «ELTECO» электр қуатымен резервтік қамту саласындағы компаниясы, «KANTO METAL» және «CSBC» қорғаныс өнеркәсібі үшін химиялық барлау машиналарын жасау және сату саласындағы компаниялары, «CME.Slovakia» емдеу-диагностикалық технологияларды жеткізу саласындағы компаниясы, «Ish Pumps Olomouc» электр станциялары үшін сорғылар мен арматураларды жеткізушісі, «PROGAST» ет өңдеу өнеркәсібін кешенді қамтамасыз ету саласындағы компаниясы), олардың ішінде 29-ы кіші, 1 үлкен және 1-і орта, 26-ы әрекет етуде, сондай-ақ 23 бірлескен кәсіпорын тіркелген (13-і әрекет етуде).
Екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды тетігі Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия болып табылады. Қазіргі таңға дейін Комиссияның 9 отырысы өткізілген (соңғысы 2022 ж. 10-11 наурызда Братиславада өтті). Комиссияның қазақстандық тараптан тең төрағасы – Энергетика вице-министрі Т. Момышев, словак тарапынан Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы К. Галек болып табылады. Іс-шара шеңберінде Қазақстан және Словакия іскерлік топтарының қатысуымен бизнес-форум өтті.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Қазақстан мен Словакия екіжақты мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуына үлкен мән береді, сондықтан өткен жылдар белсенді шығармашылық оқиғаларға толы болды.
Әртүрлі жылдары Словакияда «Қазақстан Камератасы» ансамблі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы, Жәмилә Серкебаева өнер көрсетті.
2017 жылғы 26 сәуірде Братиславада дипломатиялық қатынастардың орнатылғанының 25 жылдығына орай «Дәуір» этно-фольклорлық ансамблінің және «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университеті оркестрінің қатысуымен гала-концерт өтті. Концертке Словакия Үкіметінің, Парламентінің, іскерлік, мәдени және журналистік топтарының, сондай-ақ дипломатиялық миссиялардың өкілдерін қосқанда 700 адам қатысты. Гала-концерт Словак филармониясының әйгілі «Редута» концерттік залында өтті.
2017 жылғы 6 желтоқсанда Братиславада гала-концерт және Kazakhstan Fashion Week Astana қазақстандық сән индустриясының көрсетілімі өтті. Ұлттық дизайнерлердің қазақ халқының мәдениеті мен рухани дәстүрлерін ашатын топтамалары көрсетілді.
Өз кезегінде, 2017 жылғы 18 шілдеде Астанадағы ЭКСПО-2017-дегі Словакияның Ұлттық күні аясында атақты словак сәнгерлерінің сән көрсетілімімен бірге көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы атақты «Лучница» словак фольклорлық-би ансамблінің концерті өтті.
Екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан мен Словакиядағы оқиғалар туралы жағымды сипатта үнемі хабарлап отырады. Тұрақты түрде тілшілердің пресс-турлары ұйымдастырылып отырады, мысалы, тек 2018 жылы «Хабар-24» телеарнасы Словакияға екі рет келіп, екіжақты қатынастар туралы бірқатар репортаждар шығарды. 2018 жылғы 10 желтоқсанда Братиславада словак қоғамының беделді өкілдерінің басын қосқан «Қазақстан-Словакия: өзара түсіністік пен әріптестіктің 25 жылдығы» кітабының тұсауы кесілген конференция өтті. Іс-шара барысында қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырған Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының презентациясы өтті.
2020 жылдың 30 қаңтарда Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Братиславадағы Словакия ғылым академиясының Орталық кітапханасында Қазақстан Ұлттық Академиялық кітапханасының Абай шығармалары мен оның өмірі мен қызметіне арналған 200-ден астам басылымды сыйға беру салтанатты рәсімі, сондай-ақ Абай шығармашылығына арналған «дөңгелек үстел» өтті.
2020 жылғы 5 қазанда Братиславада онлайн-форматта Словак жұртшылығының үлкен қызығушылығын тудырған Абайдың «Қара сөздерінің» словак тіліне алғашқы аудармасының тұсаукесері өтті.
2021 жылғы 17 наурызда Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясымен және британдық Hertforshire Press баспасымен бірлесіп, словак тіліндегі Қазақстан туралы алғашқы кітаптардың бірі – «101 zážitkov z Kazachstanu» («Қазақстаннан 101 әсер») жаңа кітабының онлайн тұсаукесері өткізілді.
Білім саласындағы байланыстар белсенді дамуда. Жоғары оқу орындары арасындағы сәтті ынтымақтастықтың негізін 2009 жылғы 2 қарашада екі елдің білім министрліктері арасында қол қойылған тиісті меморандум қалады.
Қолданыстағы келісімдер және университеттер арасындағы байланыстар екі елдің университеттерінде магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуіне, докторлық диссертацияларды бірлесіп ғылыми басқаруға, студенттер және профессорлық-оқытушылық құрам алмасуға мүмкіндік береді. Осылайша, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ Кирилл және Мефодий университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға, Братиславадағы Словак техникалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Прешов университетімен, Нитра қаласындағы Словак ауылшаруашылық университетімен және Кирилл және Мефодий университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің Нитрадағы Константин Философ университетімен ынтымақтастық туралы келісімі бар. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Братиславадағы Коменски университетімен, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Жилина университетімен ынтымақтастық туралы келісім жасасты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің A. Дубчек атындағы Тренчан университетімен келісімі бар.
2020 жылғы 11 қыркүйекте Братиславада Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы мен Словакия ғылым академиясының ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Қазақстан тарапынан құжатқа ҚР ҰҒА президенті М. Жұрынов, Словакиямен − САН Президенті П. Шайгалик қол қойды. Келісім жасасу Қазақстан мен Словакияның ғылыми топтары арасындағы, оның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, түрлі бағыттар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуге, PhD деңгейінде оқытуға және постдокторантура жұмысында Қазақстандық ғылыми топтар өкілдеріне мүмкіндік береді.
2021 жылғы 10 ақпанда онлайн-режимде ҚР Туризм және қонақжайлылық Халықаралық университеті мен Братиславадағы Словак экономика университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Университет арасында Erasmus + International Credit Mobility бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы келісім бар. Й. Шафарика Кошице қаласында және Көкшетау университетінде. Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық Абай.
Қазақстан Республикасы мен Австралия арасындағы қатынастар
Дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 22 маусымда орнатылды. Аустралия Елшілігі Қазақстан Республикасында 1995 жылдан 1999 жылға дейін жұмыс істеді.
1996 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Аустралиядағы консулдығы жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 қарашадағы Жарлығымен Сидней қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылды.
2019 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Бас консулы қызметін Марат Қалижанов атқарады.
2019 жылғы маусымнан бастап Аустралияның Қазақстандағы Елшісі болып (резиденциясы Мәскеу қаласында) Грэм Михан (Graeme Meehan) тағайындалды.
Саяси ынтымақтастық
1996 ж. желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Аустралияға алғашқы ресми сапары болып, оның барысында саяси диалогтың негізі қаланды және екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтары белгіленді.
Елдер арасындағы алғашқы екіжақты саяси байланыстар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Терещенконың 1993 жылғы шілдеде Канберраға жасаған сапары кезінде, сондай-ақ 1994 жылғы сәуірде Аустралия Генерал-губернаторы Б. Хейденнің Қазақстанға сапары кезінде орнатылды.
2017 ж. 26 мамырда Астанада екі елдің сыртқы істер министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғалары деңгейіндегі қазақстан-аустралиялық саяси консультациялары өтті. Мәжіліс барысында терроризммен күрес, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.
2021 ж. 14 сәуірде Қазақстан мен Аустралия сыртқы саяси мекемелері арасында видеоконференц-байланыс форматында саяси консультациялар өтті. Іс-шара барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
ҚР мен Аустралия арасындағы тауарайналым 2022 ж. 69 млн. АҚШ долл. құрап, оның ішінде экспорт-12 млн., ал импорт – 57 млн. көрсетті.
Экспорттың негізгі өнімі – азаматтық жолаушыларға арналған ұшақтар, сульфаттар, ашудастар, хромның триоксиді, мырыш, ферроқорытпалар, қара металл бұйымдары, табиғи құм, электр станциялар мен т.б.
Аустралиядан импорт тау-кен өндірісіндегі арнайы жабдықтар (фронтальды шелек тиегіштер, самосвалдар, көлік құралдарына арналған шиналар және дөңгелек тыстары, сұрыптау жабдықтары, домкраттар, көтергіштер, тиегіштер), сорғылар, осьтік желдеткіштер, тежеу құрылғылары, есту құрылғылары, медициналық құралдар, сүт майлары және т.б. құралған.
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасына австралиялық тікелей инвестиция 54,3 млн. АҚШ. құрады. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында тікелей инвестицияның жалпы көлемі 4,6 млн. АҚШ долл. болды.
Қазақстанда Аустралияның қатысуымен 68 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер қызмет атқаруда. Аустралиялық «Orica-Kazakhstan», «Kazakhstan Potash Corporation», «Rio Tinto», «Iluka Resources», «ALS Minerals», «Austmine» және басқалары сияқты компаниялар Қазақстанның тау-кен саласында табысты жұмыс істейді.
Шарттық-құқықтық база
1997 жылғы 7 мамырда ҚР Үкіметі мен Аустралия Үкіметі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім 2004 ж. күшіне енді.