Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Министрлік туралы
Комитеттер
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Консулдық туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
Сақтандыру мәртебесін алу және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі үшін шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған ақпарат
19 июля 2023

Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат (2023 ж. шілде айы бойынша)
17 июля 2023

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 582 Жарлығымен бекітілген Заң шығару жұмысының 2021-2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары (Қазақстан Республикасы Парламентінің жетінші шақырылымы) және ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бекітілген заң жобалары жоқ, сонымен қатар өз бастамасы бойынша заң жобаларын әзірлеу көзделмеген.

Сонымен қатар, Министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеуде. 

2023 жылғы 3 ақпанда Заң жобаның реттеушілік саясатының консультативтік құжаты «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында келесі сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14399666 орналастырылды, 2023 жылғы 24 ақпанда жария талқылау аяқталды.

Жоғарыда аталған Заң жобаның реттеушілік саясатының консультативтік құжаты Заң шығару жұмысы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында қарастырылып, қабылданды (2023 жылғы 12 маусымдағы № 625 Хаттама).

2023 жылғы 29 маусымда аталған Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Дипломатиялық сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды
13 июля 2023

Кәсіпорын негізгі қызметінің мәні дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген функцияларды іске асыруға жәрдемдесетін саладағы қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңгерлік немесе экономикалық), кәсіпорын бейініне сәйкес қызмет саласындағы басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес өткізілуде.

Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.

Сондай-ақ тиісті саланың тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 15 күнтізбелік күн, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

 

                        Конкурсты өткізу уақыты: 2023 жылғы 1 тамыз.

                       Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.

 

010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй, анықтама үшін телефон: (8-7172) 72-08-08, электрондық пошта: m.aliyev@mfa.gov.kz

Құжаттар 2023 жылғы 28 шілдеге дейін қабылданады

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтермен алмасу тәртібі туралы келісім
04 июля 2023

2021 жылғы 21 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтермен алмасу тәртібі туралы келісім. 2023 жылғы 19 маусымда күшіне енді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Оман бірлескен комиссиясын құру туралы келісім
04 июля 2023

2023 жылғы 1 ақпанда Масқатта жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Оман бірлескен комиссиясын құру туралы келісім. 2023 жылғы 7 шілдеде күшіне енеді.

Иран Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу туралы меморандум
04 июля 2023

2022 жылғы 16 қырқүйекте Самарқандта жасалған Иран Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу туралы меморандум. 2023 жылғы 2 шілдеде күшіне енеді

Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді колданудың ерекшеліктері туралы келісім
04 июля 2023

2022 жылғы 19 сәуірде Мәскеуде жасалған Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді колданудың ерекшеліктері туралы келісім. 2023 жылғы 19 маусымда күшіне енді (Келісімнің 4-бабы 1-тармағының «д» тармақшасы 2028 жылғы 19 маусымда күшіне енеді).

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына ішкі конкурс жариялау шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің конкурстық комиссиясының жоғары бағасына ие болған кандидаттар ТІЗІМІ
30 июня 2023

1. Америка департаментінің директоры – Руслан Аманболұлы Уразалин;
2. Америка департаменті директорының орынбасары – Игбаева Меруерт Асылхановна;
3. Халықаралық қауіпсіздік департаменті Қарусыздану және таратпау басқармасының бірінші хатшысы – Жекен Дана Оразалықызы;
4. Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті Құжат айналымы бақылау және талдау басқармасының бірінші хатшысы – Мисалимова Жулдыз Жанибековна.

«Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №11-1-4/1 бұйрығына түсіндірме
26 июня 2023

Қағидалардың атауы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 178-бабына сәйкес толықтырылды. Мәселен, бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік береді.

Осыған байланысты қағида қағаз түрінде ҚР шет елдердегі мекемелері арқылы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру тәртібімен толықтырылды. Бұл жаңа мемлекеттік қызмет («Шетелде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру») Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілді.

Сонымен қатар, «Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі алынып тасталды.

«Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімі он бес күнтізбелік күнге дейін қысқартылды.

Қағидалар тыңдауды өткізу бөлігінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарының талаптарына сәйкес келтірілді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тиісті (әр қызмет бойынша нормалар жеке болады) күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруіне мүмкіндік беру үшін өткізілетін тыңдаудың уақыты, күні мен орны туралы хабарлайды. Жүргізілген тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметті көрсетеді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану бөлігінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының, сондай-ақ «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының талаптарына сәйкес келтірілді.

Мемлекеттік қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының
13) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсына алады.

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» Заңының 19-1-бабы  
2-тармақтың 6)-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында, өтініш  берушінің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі талап етіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өзінің келісімін бермеген жағдайда, бұл көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

Өзгерістермен мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://10.61.42.188/kaz/docs/V2000020857

Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат (2023 ж. маусым айы бойынша)
26 июня 2023

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 582 Жарлығымен бекітілген Заң шығару жұмысының 2021-2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары (Қазақстан Республикасы Парламентінің жетінші шақырылымы) және ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бекітілген заң жобалары жоқ, сонымен қатар өз бастамасы бойынша заң жобаларын әзірлеу көзделмеген.

Сонымен қатар, Министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеуде. 

2023 жылғы 3 ақпанда Заң жобаның реттеушілік саясатының консультативтік құжаты «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында келесі сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14399666 орналастырылды, 2023 жылғы 24 ақпанда жария талқылау аяқталды.

Жоғарыда аталған Заң жобаның реттеушілік саясатының консультативтік құжаты Заң шығару жұмысы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында қарастырылып, қабылданды (2023 жылғы 12 маусымдағы № 625 Хаттама).

Социальные сети
Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты