Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Министрлік туралы
Комитеттер
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Консулдық туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Дипломатиялық сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялау шеңберінде ҚР СІМ конкурстық комиссиясының оң тұжырымына ие болған кандидаттар тізімі
02 августа 2023

Дюсенов Бауыржан Болатулы

 

Конкурстык комиссиясының оң тұжырымына ие болған кандидаттардың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Кадрлар басқармасына келуін сұраймыз (ҚР СІМ ғимараты, 402 каб., тел.: 72-04-47)

АӨСШК
27 июля 2023

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК)

 

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум болып табылады.

АӨСШК шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етті.

Басты мақсаты – АӨСШК мүше мемлекеттер арасында сенім мен ізгі ниет атмосферасын құру.

АӨСШК сенім шаралары каталогында бес өлшем бойынша: экономикалық, экологиялық, адами, әскери-саяси және жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес саласындағы сенім шаралары айқындалған.

АӨСШК Хатшылығы – Кеңестің әкімшілік органы, Қазақстан Республикасының Астана қаласында орналасқан.

Хатшылықтың штатына мүше мемлекеттер жіберетін Бас хатшы, Атқарушы директордың орынбасары және кәсіби персонал кіреді.

АӨСШК мүше мемлекеттер: Ауғанстан, Әзербайжан, Бангладеш, Бахрейн, Вьетнам, Мысыр, Израиль, Үндістан, Иран, Ирак, Иордания, Қазақстан, Камбоджа, Катар, Корея Республикасы, Кувейт, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Шри-Ланка.

АӨСШК байқаушы мемлекеттері: Беларусь, Индонезия, Лаос, Малайзия, Түркіменстан, Филиппин, Украина, АҚШ, Жапония.

АӨСШК байқаушы ұйымдары: БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ, ТүркПА, ХКҰ.

Төрағалары: Қазақстан (2002-2010 жж.), Түркия (2010-2014 жж.), Қытай (2014-2018 жж.), Тәжікстан (2018-2020 жж.), Қазақстан (2020-2022 жж.), (2022-2024 жж.).

Негізгі кездесулер: Бірінші министрлік кездесу (1999), Бірінші Саммит (2002), Екінші министрлік кездесу (2004), Екінші Саммит (2006), Үшінші министрлік кездесу (2008), Үшінші Саммит (2010), Төртінші министрлік кездесу (2012), Төртінші Саммит (2014), Бесінші министрлік кездесу (2016), Бесінші Саммит (2019), Алтыншы министрлік кездесу (2021), Алтыншы Саммит (2022 ).

Құрылтай құжаттары: АӨСШК-ке мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін қағидаттар декларациясы (1999 жылы АӨСШК Сыртқы істер министрлері қол қойған) және Алматы актісі (2002 жылы АӨСШК мемлекет және үкімет басшылары қол қойған).

Негізгі құжаттар: Сенім шараларының каталогы (2021 ж жаңартылды), Рәсім ережелері (2004 жылы қабылданды, 2014 жылы түзетулер енгізілді), АӨСШК Хатшылығы туралы келісім және оның қосымшасы – Қаржылық ережелер (2006 ж.қол қойылды, ҚР 2007 ж. ақпанда ратификациялады), АӨСШК рәмізі туралы ереже, АӨСШК сыртқы байланыстары туралы Ереже (2007 ж. қабылданды), Хатшылықтың ҚР аумағында болу шарттары туралы Келісім (2007 ж. қол қойылды, Қазақстан 2008 ж. наурызда ратификациялады), АӨСШК Хатшылығы туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы Хаттама (2008 ж. қол қойылды), Хатшылықтың, оның персоналының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы АӨСШК мемлекеттерінің өкілдері (2010 жылы қол қойылған, Қазақстан 2011 жылғы 28 қарашада ратификациялаған), АӨСШК сенім шараларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізудің жалпы қағидалары (2021 ж. 23 маусым), Талдау орталықтарының форумы туралы ереже (2021 ж. 7 қазан), Ақылмандар кеңесі туралы ереже (2021 ж. 12 қазан), АӨСШК Қоры туралы ереже (2022 ж. 13 қазан), БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі АӨСШК іс-қимыл жоспары (2022 ж. 13 қазан), АӨСШК көшбасшыларының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі және оларды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемесі (2022 ж. 13 қазан).

Саяси декларациялар: Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы диалогқа жәрдемдесу туралы Декларация (2002 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Екінші кездесуінің Декларациясы (2004 ж.), Мемлекет немесе Үкімет басшыларының Екінші Саммитінің Декларациясы (2006 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Үшінші кездесуінің Декларациясы (2008 ж.), Мемлекет немесе Үкімет басшыларының Үшінші Саммитінің Декларациясы (2010 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Төртінші кездесуінің Декларациясы (2012 ж.), «Жаңа Азия үшін диалогты, сенім мен үйлестіруді нығайту, бейбітшілік, тұрақтылық және ынтымақтастық» АӨСШК Төртінші Саммитінің Декларациясы (2014 ж.), Сыртқы істер министрлерінің «Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды диалог арқылы ілгерілету» Бесінші кездесуінің Декларациясы (2016 ж.), «АӨСШК қауіпсіз және одан да өркендеген өңірінің ортақ көрінісі» АӨСШК Бесінші Саммитінің Декларациясы (2019 ж.), АӨСШК трансформациясы жөніндегі Астана мәлімдемесі (2022 ж.) .

Ресми мерекесі: 5 қазан (АӨСШК күні).

Жұмыс тілдері: ағылшын және орыс. Қол қою немесе қабылдау үшін ресми құжаттардың тілі ағылшын тілі болып табылады.

«Инвестициялық преференциялар беруге өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2023 жылғы 16 наурыздағы № 11-1-4/110 бұйрығы
25 июля 2023

3. «Инвестициялық преференциялар беруге өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы  ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2023 жылғы 16 наурыздағы № 11-1-4/110 бұйрығы. ҚР Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 наурызда № 32094 – КИ болып тіркелді;

Сілтеме арқылы жүктей аласыз http://10.61.42.188/rus/docs/V1500012780

Өзгерістер енгізу негіздері:

- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 13) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына, 19, 20 және 21-баптарына және 23-бабының 2-тармағына сәйкес келтіру.

- 2022 жылғы 14 шілдедегі «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті және білім беруді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 14-бабына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, «Мемлекеттік қызмет стандарты» деген сөздер «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне» ауыстырылды.

- ҚР Премьер – Министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі С.М. Жұманғариннің а. ж. 10 қаңтардағы № Б-22 хаттамалық тапсырмасының 3-тармағын және Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысының 2023 жылғы 26 қаңтардағы хаттамасының 9-тармағын орындау мақсатында.

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 қағидаларының 24-тармағына сәйкес келтіру.

- «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру.

4. «Инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығы. ҚР Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 наурызда № 32096 – КИ болып тіркелді;

Сілтеме арқылы жүктей аласыз http://10.61.42.188/rus/docs/V2100022396

Өзгерістер енгізу негіздері:

- «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес келтіру мақсатында (ҚР Еңбек және салық кодекстерінің қабылданған күнін алып тастау бөлігінде);

- «Нұр-сұлтан қаласы – ҚР астанасын Астана қаласы – ҚР астанасы деп қайта атау туралы» ҚР Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес келтіру мақсатында (Нұр-сұлтан қаласын Астана қаласы деп қайта атау бөлігінде) ;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі ( Салық кодексі)» 117-бабына сәйкес келтіру мақсатында (өсімпұлды алып тастау бөлігінде).

2020 жылғы 18 желтоқсанда жасалған Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім
25 июля 2023

2020 жылғы 18 желтоқсанда жасалған Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім. 2023 жылғы 6 тамызда күшіне енеді.

2021 жылғы 12 қарашада қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісім
25 июля 2023

2021 жылғы 12 қарашада қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісім. 2023 жылғы 12 шілдеде күшіне енді.

Сыртқы саясаты
Қазақстан Республикасы мен Бангладеш Халық Республикасы арасындағы қатынастар
25 июля 2023

Қазақстан Республикасы мен Бангладеш Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 5 наурызда орнатылды.

2021 ж. сәуірден бастап Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев (2022 ж. 23 наурызда Дакка қаласында сенім грамоталарын тапсырды) Бангладештегі ҚР Елшісі болып табылады.

2020 ж. қазанда Бангладештің Ресейдегі Елшісі Камрул Ахсан БХР-дың ҚР-дағы Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды (2022 ж. 19 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында сенім грамоталарын тапсырды).

 

Саяси ынтымақтастық

Ең жоғары деңгейдегі байланыстар

2017 ж. 9-12 қыркүйекте Бангладеш Президенті Абдул Хамид Нұр-сұлтан қаласында өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының бірінші саммитіне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми жабылу салтанатына қатысу үшін Қазақстанға сапармен барды.

 

Жоғары деңгейдегі байланыстар

2008 ж. 17 қазанда Бангладеш мұсылман және батыс елдерінің Сыртқы істер министрлерінің «Жалпы әлем: әртүрлілік арқылы прогресс» конференциясының жұмысына БХР Сыртқы істер министрі И.Чоудхури қатысты.

2011 ж. 28-30 маусымда БХР Сыртқы істер министрі Дипу Мони Қазақстанда өткен ИЫҰ СІМК-нің 38-ші сессиясына қатысты.

2011 ж. 29 қыркүйек-1 қазан аралығында Астана қаласында ИЫҰ Денсаулық сақтау министрлерінің 3-ші Ислам конференциясы өтіп, оның жұмысына денсаулық сақтау істері жөніндегі Премьер-министрінің кеңесшісі (министр дәрежесінде) Саид Мудассир Али қатысты.

2012 ж. 12 қыркүйекте БХР Сыртқы істер министрі Д.Мони Астанада өткен АӨСШК мүше мемлекеттерінің 4-ші СІМК-іне қатысып, оның шеңберінде ҚР СІМ басшысы Е.Қазыхановпен кездесу ұйымдастырылды.

2014 ж. 2-5 мамырда Астана қаласында өткен Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы отырысы өтіп, оған Бангладештің Қаржы министрі А.Мұхит қатысты.

2014 ж. 21-23 мамырда Астана қаласында өткен VIІ АЭФ және ІІ ЖАК-қа Бангладештің Мемлекеттік қаржы министрі М.Маннан, Мемлекеттік банкінің басқарма төрағасы А.Рахман, сондай-ақ, Бангладеш бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты (2006 ж.) М.Юнус қатысты.

БХР Азық-түлік министрі М.Камрул Ислам азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ынтымақтастық ұйымы Бас Ассамблеясының (АҚИҰ) инаугурациялық сессиясына және ИЫҰ Ауыл шаруашылығы министрлерінің 7-ші конференциясына (Астана қ., 26-28 сәуір 2016 ж.) қатысты. Бангладештік тарап АҚИҰ Жарғысына қол қойып, ұйымға қосылды.

2018 ж. 4-5 мамырда Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов бастаған Қазақстанның ресми делегациясы Даккада орын алған ИЫҰ СІМК-інің 45-ші сессиясына қатысты.

2020 ж. 24 қыркүйекте БХР Сыртқы істер министрі А.Момен бейнеконференция форматында өткен АӨСШК СІМК-не қатысты.

БХР Президенті А.Хамидке сенім грамотасын тапсыру шеңберінде 2020 ж. 18-19 қарашада ҚР Елшісі (қоса атқарушы) Е.Әлімбаевтың Даккаға сапары ұйымдастырылды.

2021 ж. 25 ақпанда бейнеконференция форматында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ҚР-БХР бірлескен жұмыс тобының алғашқы кездесуі өтті.

2021 ж. 11-12 қазанда БХР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Шаббир Ахмед Чоудхури бастаған Бангладеш делегациясы Нұр-Сұлтан қаласында өткен АӨСШК 6-шы СІМК-іне қатысты.

2022 ж. 22-23 наурызда ҚР Елшісі (қоса атқарушы) Н.Жалғасбаевтың Даккаға сапары орын алып, БХР Президенті А.Хамидке сенім грамотасын табыстады.

2022 ж. 12-13 қазанда БХР Сыртқы істер министрі А.Момен бастаған Бангладеш делегациясы Астана қаласында өткен АӨСШК-тің 6-шы саммитіне қатысты.

Екіжақты қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту мақсатында 2014 ж. ҚР Бангладештегі құрметті консулы ретінде Ахмед Шаян Фазлур Рахман тағайындалды.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2022 ж. жалпы тауар айналымы 51,612 млн. (+39,5%), БХР-дан импорт - 46,046 (+36,36%), экспорт - 2,56 млн. АҚШ (+100%).

ҚР импортының негізгі Бангладеш тауарлары - киім, теңіз өнімдері, дәрілік заттар, жол жабдықтары, темекі шикізаты.

Қазақстандық экспорттың негізгі тауарлары - қара металдар, асбест, пластмассадан жасалған бұйымдар.

Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат (2023 ж. шілде айы бойынша)
21 июля 2023

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 582 Жарлығымен бекітілген Заң шығару жұмысының 2021-2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары (Қазақстан Республикасы Парламентінің жетінші шақырылымы) және ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бекітілген заң жобалары жоқ, сонымен қатар өз бастамасы бойынша заң жобаларын әзірлеу көзделмеген.

Сонымен қатар, Министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеуде. 

2023 жылғы 3 ақпанда Заң жобаның реттеушілік саясатының консультативтік құжаты «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында келесі сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14399666 орналастырылды, 2023 жылғы 24 ақпанда жария талқылау аяқталды.

Жоғарыда аталған Заң жобаның реттеушілік саясатының консультативтік құжаты Заң шығару жұмысы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында қарастырылып, қабылданды (2023 жылғы 12 маусымдағы № 625 Хаттама).

2023 жылғы 29 маусымда аталған Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына ішкі конкурс жариялау шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің конкурстық комиссиясының жоғары бағасына ие болған кандидаттар ТІЗІМІ
21 июля 2023

1. Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары – Аубеков Азамат Аусадыкович;

2. Азия-Тынық мұхиты өңірі департаменті директорының орынбасары – Ашимов Ерик Сарсебекович.

Сақтандыру мәртебесін алу және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі үшін шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған ақпарат
19 июля 2023

Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат (2023 ж. шілде айы бойынша)
17 июля 2023

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 582 Жарлығымен бекітілген Заң шығару жұмысының 2021-2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары (Қазақстан Республикасы Парламентінің жетінші шақырылымы) және ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бекітілген заң жобалары жоқ, сонымен қатар өз бастамасы бойынша заң жобаларын әзірлеу көзделмеген.

Сонымен қатар, Министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеуде. 

2023 жылғы 3 ақпанда Заң жобаның реттеушілік саясатының консультативтік құжаты «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында келесі сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14399666 орналастырылды, 2023 жылғы 24 ақпанда жария талқылау аяқталды.

Жоғарыда аталған Заң жобаның реттеушілік саясатының консультативтік құжаты Заң шығару жұмысы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында қарастырылып, қабылданды (2023 жылғы 12 маусымдағы № 625 Хаттама).

2023 жылғы 29 маусымда аталған Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

 

Социальные сети
Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты