Қазақстан Республикасы көптеген интеграциялық процестердің бастамашы және белсеңді қатысушысы болып табылады. Еуразиялық интеграция туралы идеясы алғашқы рет 1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жария етті. Басында сол кезде революциялық болып көрілген бұл бастама бір мағыналы емес қабылданды. Бірақ кезі жеткенде ол үлкен қолдау мен даму тапты.
Нәтижесінде – бірінші кезеңде Кеден одағы құрылды, сосын Бірыңғай экономикалық кеңістік, ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Беларусь, Қазақстан және Ресей негізін салушылар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастады. Осы жылда да Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасы ЕАЭО-ның толық құқықты мүшелері болды.
XX-ғасырдың ортасында қалыптасуы басталған Еуропалық одақ қатарында ЕАЭО әлемде толық экономикалық одақтың екінші үлгісі болып табылды.
ЕАЭО саяси бірлестік болып табылмайды. Одақ туралы шартты әзірлеу барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер оның саясиландыру және ұлттық егемендігін тигізетін мәселелерді Одақтың құзыретіне беруден саналы бас тартты. ЕАЭО шеңберінде тек экономикалық ынтымақтастық мәселелері қарастырылады, сондай-ақ егеменді теңдігі, оның мүше мемлекеттердің тең құқықтығы мен ұлттық мүдделерін ескеру қағидасы қамтамасыз етілді.
ЕАЭО өңірлік экономикалық интеграция халықаралық ұйымы, оның негізінде мемлекеттердің Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар болып табылады.
ЕАЭО шеңберінде тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күштің еркін қозғалысы, 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарт пен ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттармен анықталған экономика салаларындағы үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясатын жүргізуі қамтамасыз етіледі.
Одақтың негізгі мақсаттары мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесіне орай олардың экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдай жасау; Одақ шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға ұмтылу, сондай-ақ жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.