Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
a.rakhmetullin@mfa.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Ақан Ақасұлы Рахметуллин
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары
Общая информация, образование

1967 жылы 2 ақпанда Алматыда туған. 1991 жылы Алматы энергетикалық институтын бітірді.

 
Карьера

Өзінің дипломатиялық мансабын 1993 жылы референт лауазымынан бастаған. Қазақстанның Пәкістандағы, Аустриядағы елшіліктерінде, Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде жұмыс істеп, онда БҰҰ Бас Ассамблеясының Үшінші комитетінің, БҰҰ түрлі органдарына сайлаудың мәселелерін жүргізді, сондай-ақ Қазақстанның Вена қаласындағы ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде қызмет атқарды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде Ұйымның екінші өлшемінің (экология және экономика мәселелері) жұмысын үйлестірді.

ҚР СІМ-нің Алматыдағы өкілдігінің кеңесшісі болып, Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік етті. Орталық аппаратта Көпжақты ынтымақтастық департаментін басқарды.

2019-2021 жылдары Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі, ал 2021-2022 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

2022 жылы ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет ақтарды.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін 2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі болды.

І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

Ағылшын және урду тілдерін еркін меңгерген.

Социальные медиа

Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы