Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
a.bakaev@mfa.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Әлібек Әсетұлы Бақаев
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Общая информация, образование

1981 жылы 9 ақпанда Алматы қаласында туылған.

2002 ж. – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Синхронды аудармашы» мамандығы бойынша бітірген.

2001 ж. – Рупрехт және Карл атындағы Гейдельберг университеті, ГФР

2011 ж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын саясаттану мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2011 ж. – Дюк Университеті, АҚШ

Карьера

2002 ж. – «ТрансОйл» СК» компаниясының бас маманы.

2002-2003 жж. – «Zamandastar» коммерциялық компанияның директоры.

2004 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің референті.

2004-2008 жж. – ҚР Германиядағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.

2008-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің халықаралық мәселелер бойынша кеңесшісі, Протокол басшысы.

2009-2012 жж. – Экономикалық даму және сауда министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің және Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.

2012-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы, директорының орынбасары, директоры.

2019-2022 жж. – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Княздігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоаны, Родос және Мальта Госпитальерлерінің Егеменді Әскери ордені жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2022-2023 жж. – Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі , Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2023 ж. тамыз айынан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.

Социальные медиа

Facebook
YouTube
Telegram
Twitter
Instagram

Меню подвал

Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Парламентінің сайты