Батина, Загреб, 2025 жылғы 9 мамыр – Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Елшілігінің қызметкерлері гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, Батина шайқасында қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне және Загреб қалалық зиратындағы халық қаһармандары мен партизандар мемориалында фашизм құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Батина ауылындағы мемориалдық кешен Югославия аумағындағы Екінші дүниежүзілік соғыстың ең ірі шайқастарының бірінде қаза тапқан екі мыңнан астам кеңес жауынгерлері мен офицерлері жерленген бауырластар зиратының орнында салынған. Бұл шайқастарға қатысқан отыздан астам жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Олардың қатарында Батина шайқасы кезінде 315-атқыштар дивизиясының 22-атқыштар ротасын басқарған Қарағанды облысының тумасы Хамит Сәдуов бар. 1944 жылғы 19 қарашада оның рота фашистердің шабуылдарын қиян-кескі ұрыста ерлікпен тойтарыс беріп, 230 жау солдаты мен офицерін жойды. Ерлігі мен батылдығы үшін қазақстандық жауынгерге қайтыс болғаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді.
Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Д.Батрашев Хорватия антифашистер одағының мүшелеріне және «Еске алу» қауымдастығының басшылығына фашизмге қарсы күресте жанын қиғандарға құрмет көрсету және олардың ерлігін мәңгі есте сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.