Хорватияның Саборда Қазақстанның саяси жаңғыруы мен экономикалық реформаларының бағытын қолдайды

Хорватияның Саборда Қазақстанның саяси жаңғыруы мен экономикалық реформаларының бағытын қолдайды

Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Сабордың депутаты – Еуропалық істер жөніндегі комитеттің төрағасы және Қазақстан-Хорватия парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшесі Домагой Хайдуковичпен (Domagoj Hajduković) кездесуде жалпыұлттық референдумның қорытындылары, саяси жаңғырту мен экономикалық реформаларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдар егжей-тегжейлі талқыланды.

Хорват депутаты екіжақты қарым-қатынастардағы сенім мен өзара түсіністіктің, Қазақстандағы демократиялық үдерістер мен азаматтық қоғамның қарышты дамуының ерекше маңыздылығын атап өтіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформалар пакетіне қатысты нақты қолдауды атап өтті.

Дипломатиялық қатынастардың орнауының алдағы 30 жылдығы аясында Қазақстан мен Хорватияның парламентаралық өзара іс-қимылын жандандыру, көлік-логистика, туризм, мәдени-гуманитарлық және спорт салаларындағы нақты жобаларды іске асыру, сондай-ақ қазақ-хорват тауар айналымының құрылымын әртараптандыру мен деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар креативті бірлескен шаралар бойынша қағидатты уағдаластыққа қол жеткізілді.