Қажымұқан Мұңайтпасов (1871-1948 жж.)

Қажымұқан Мұңайтпасов (1871-1948 жж.)

Қажымұқан Мұңайтпасов – аты аңызға айналған қазақ балуан (батыр), француз және еркін күрестен халықаралық жарыстардың бірқатар дүркін жүлдегері. Қазақ күрес мектебін бүкіл әлемге танытқан тұңғыш қазақ.

Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы сәуір айында Ақмола облысының Жадық (Қараөткел) ауылында дүниеге келген.

Қажымұқан әр түрлі күрес түрлерінен шеберлігін көрсетті. Ол сол кезде белгілі болған барлық әлемдік спорт ареналарын бағындырды. Жалпы әлемнің 54 елінде ауыр салмақтылар арасында 48 медаль мен награда жеңіп алды. Біздің ұлы балуан әлемнің ең атақты балуандарымен күрес кілеміне қалай шыққанын тарих есіне алады. Олардың ішінде Иван Шемякин, Иван Поддубный, Алекс Аберг, Иван Заикин, Пол Понс және Джордж Лурихті атап өткеннің өзі жеткілікті.

Қажымұқан бірнеше жыл бойы атақты Петербург күресі мектебінде классикалық күрес өнері бойынша тәлім алды.

1908 жылы Кельнде алғаш рет әлем чемпионы атағын алып, бұл атаққа лайық екенін көптеген жылдар бойы бірнеше рет дәлелдеді.

Қажымұқанға 1909 жылы Ригада өткен әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін кең танымалдылық келіп, атақ-даңққа ие болды. 1910 жылы Варшавада өткен халықаралық чемпионатта кіші алтын медальді жеңіп алды. 1914 жылы Парижде әлем чемпионы атанды.

Қажымұқан «Японец Ямогата-Муханура», «Муканов-Муханура» деген бүркеншік атпен шықты. Стамбулдағы түрік балуанын жеңгені үшін «Қажы» атағын алып, өмір бойына Қажымұқан деп атанды.

Қажымұқан Жапония мен Қытайдағы джиу-джицу ұлттық күресінің әлемге әйгілі балуандарымен де күрескен.

Қажымұқан Қазақстанда спорттық күрестің, оның ішінде ұлттық күрес – қазақша күрестің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты.

Қажымұқан туралы халық арасында аңыздар тараған. Қажымұқан шын мәнінде алып тұлға еді. Бойы 195 сантиметр, салмағы 150 кг-дан асатын Кажымұқан ­- білікті балуан ғана емес, сонымен қатар жан-жақты және талантты адам болды. Дауыстың тамаша тембріне ие болған ол, халық әндерін керемет орындап, асқан шеберлікпен домбырада да ойнап, цирк қойылымдарымен де өнер көрсеткен болатын.

Оның бір үйір қасқырмен шайқасы туралы аңыз да бар, онда ол бір уақытта алты қасқырды жеңіп шыққан.

Аты аңызға айналған қазақ батырының есімімен Қазақстанда көшелер, алаңдар, спорт сарайлары мен мектептер аталған. Қажымұқан туралы деректі және көркем фильмдер жарық көрді. Қажымұқанның құрметіне Түркістан облысының Темірлан ауылында мемориалдық үй-мұражайы ашылды.