Хорватиядағы Қазақстан Елшісінің іскер топтар өкілдерімен кездесуі туралы

Хорватиядағы Қазақстан Елшісінің іскер топтар өкілдерімен кездесуі туралы

Ү.ж. 11 қазанда Загреб қаласында Елші Төлежан Барлыбаев Хорватияның ірі машина жасау және металл өңдеу холдингі "Джуро Жакович" АҚ басшылығымен кездесті.

Келіссөздер барысында дипломат Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында экономика мен бизнес ортаны, әлеуметтік саланы және еңбек нарығын дамыту бойынша қойылған міндеттер туралы хабардар етті. Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларының, "Бизнестің жол картасы" және "қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың, сондай-ақ Қазақстан үкіметінің шетелдік инвесторларды қолдау және қазақстандық нарықтағы шетелдік компаниялардың қызметі жөніндегі күш-жігерінің маңыздылығы атап өтілді.

Бизнес өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға үлкен қызығушылық танытты. Экономиканың өсуімен және халықаралық бәсекеге қабілеттілік рейтингтерінде ҚР позицияларының артуымен қатар екіжақты сауданы дамытуда оң трендтер атап өтілді. Мәселен, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан мен Хорватия арасындағы сыртқы сауда айналымы 300 млн. АҚШ долл. құрады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша компанияның жыл сайынғы "Kazakhstan Machinery Fair" машина жасау және металл өңдеу жөніндегі халықаралық көрмелеріне, сондай-ақ ҚР-дағы инфрақұрылымдық даму тендерлеріне қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, бизнес өкілдері Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорват Үкіметаралық комиссиясының отырысына белсенді қатысуға ниет білдірді.

ҚР Хорватиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі