Хорватияның антифашистік күрескерлері мен антифашистері Одағының Төрағасымен кездесу туралы

Хорватияның антифашистік күрескерлері мен антифашистері  Одағының Төрағасымен кездесу туралы

Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаев Хорватияның антифашистер Одағында болып, оның төрағасы Франьо Хабулинмен кездесті.

Әңгімелесу барысында дипломат Қазақстанның Еуропаны фашизмнен азат ету жолындағы күреске қосқан үлесі туралы айтып, Қазақстандықтардың Батин шайқасындағы - Екінші дүниежүзілік соғыстың Югославия аумағындағы ең ірі шайқасы, сондай-ақ Батыс Балқан аумағындағы партизан қозғалысындағы ерліктерін атап өтті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқандардың, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткендердің есімдерін анықтау және әскери жерлеу орындарын іздеу бойынша бірлескен қызметтің маңыздылығы атап өтілді.

2021 жылғы 9 мамырда Шығыс Хорватиядағы Батина ауылында Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан елшіліктерінің, Хорватияның ардагерлер және антифашистік ұйымдарының, сондай-ақ жергілікті билік органдары мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен кеңес жауынгерлерінің бауырлас зиратындағы Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Хорватия антифашистер Одағының сайтындағы кездесу туралы ақпарат: https://sabh.hr/susret-predsjednika-saba-rh-i-veleposlanika-kazakhstana/

Қазақстанның Хорватиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі