Қазақстан Елшісінің Орталық Хорватияға жұмыс сапары туралы

Қазақстан Елшісінің Орталық Хорватияға жұмыс сапары туралы

Аймақаралық ынтымақтастықты дамыту аясында ү.ж. 12 мамырда ҚР Елшісі Төлежан Барлыбаев Орталық Хорватияның Карловац жупаниясының Огулин қаласына барып келді.

Қазақстан елшісі Огулин қаласының мэрі Далибор Домитровичпен кездесті, қаза тапқан жауынгерлердің монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, сондай-ақ өңірдің «Bjelin d.o.o.» жетекші кәсіпорнына барып келді. Қазақстандық серіктестермен іскерлік ынтымақтастықты жолға қою туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Дипломат сондай-ақ Оглин қаласының Орталық қалалық кітапханасының конференц-залында хорват тілінде «Қазақстан және Хорватия: мемлекеттік тәуелсіздіктің 30 жылдығы» тақырыбында дәріс оқыды.

Елшінің Карловац жупанияға жұмыс сапары Андрия Карафилиповичтің басшылығымен Хорватия-Қазақстан достығы қоғамының қолдауымен ұйымдастырылды.

Ақпарат қалалық порталда: https://ogportal.com/2021/05/12/ogulin-posjetio-veleposlanik-republike-kazahstan/

ҚР Хорватиядағы Елшілігінің Баспасөз қызметі