57 шет елмен визасыз режимді уақытша тоқтату туралы

57 шет елмен визасыз режимді уақытша тоқтату туралы

Еліміздің аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 қаулысына сәйкес, «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысының (бұдан әрі - Қаулы) 17-тармағына өзгеріс енгізілгенін хабарлаймыз.

Атап айтқанда, Қаулының 17-тармағында көрсетілген 57 мемлекеттің азаматтары үшін (ұлттық паспорттар иелері үшін визасыз режим орнату туралы екіжақты келісімдер бар Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы және Түркия Республикасын қоспағанда) Қазақстан Республикасы аумағында 30 күндік мерзімге дейін біржақты негізде орнатылған визасыз болу тәртібі 2021 жылғы 31 желтоқсан 23:59 сағатқа дейін уақытша тоқтатылды.