Загреб қаласында адамның ғарышқа алғашқы ұшуының 60 жылдығы қарсаңында Юрий Гагаринді еске алды

Загреб қаласында адамның ғарышқа алғашқы ұшуының 60 жылдығы қарсаңында Юрий Гагаринді еске алды

Ү.ж. 9 наурызда Қазақстан Елшілігі Юрий Гагариннің туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шараға Загреб қаласы мэриясының өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен ақындар, дипломаттар мен журналистер қатысты.

Рәсімде сөз сөйлеген ҚР Елшісі Төлежан Барлыбаев әлемдік өркениеттің дамуындағы жаңа дәуірді ашқан Юрий Гагариннің ерлігінің тарихи маңыздылығын атап өтті. Дипломат адамның ғарышқа алғашқы ұшуы Қазақстан жерінен жасалғанына ерекше мақтаныш сезімін білдірді.

Өткен жылы 65 жылдық мерейтойын атап өткен Байқоңыр ғарыш айлағы адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруінің жаһандық символына айналғаны атап өтілді. Сондай-ақ, Қазақстандағы алғашқы ғарыш айлағы БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық ғарышқа ұшу күні деп жариялаған 12 сәуірді салтанатты түрде атап өтуге дайындалуда. Сөз соңында Елші Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуына арналған Олжас Сүлейменовтің «Жер, адамға тағзым» атты атақты поэмасының қанатты сөздерін келтірді.

Рәсім барысында сондай-ақ Ресейдің Хорватиядағы елшісі Андрей Нестеренко, атақты Хорват ақыны және жазушысы Энвер Кишевич, Загреб қаласының бірқатар қалалық және қоғамдық ұйымдарының басшылары, студенттер мен оқушылар да құттықтау сөз сөйледі. Мәдени іс-шара гүл шоқтарын қоюмен және адамзаттың құпия арманының символы ретінде аспанға әуе шарларын ұшырумен аяқталды.

ҚР Хорватиядағы Елшілігінің баспасөз-қызметі