Қазақстан Елшісінің Загреб пен Сараеводағы кездесуінің қорытындылары туралы

Қазақстан Елшісінің Загреб пен Сараеводағы кездесуінің қорытындылары туралы

Екіжақты байланыстарды дамыту шеңберінде Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаевтың Босния мен Герцеговина және Хорватия Республикасының бірқатар министрліктерінің басшылығымен ресми кездесулері өтті.

Ү.ж. 23 ақпанда Сараево қаласында Босния мен Герцеговинаның Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Бисера Турковичпен кездесу барысында Елші ҚР басшылығының атынан БмГ-ның алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтау және ізгі тілектерін білдірді. Іскерлік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы қаралды. ҚР мен БмГ арасында сыртқы саяси консультациялар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. БмГ-дағы ҚР Құрметті консулдығының белсенді қызметі атап өтілді.

Тараптар мәдени байланыстардың дамуын - Сараевода Абай ескерткішінің ашылуын, А.Құнанбайұлының шығармалар жинағы мен
Әл-Фарабидің еңбегі туралы кітаптардың шығарылуын, сондай-ақ өткен жылы БмГ-да қазақ халық музыкасының шығармашылық ұжымдарының концерттерін өткізуді құптады. Босния мен Герцеговинада болу аясында Елші Сараево облысының және бірқатар аймақтардың басшылығымен кездесті.

Ү.ж. 24 ақпанда Загреб қаласында Қазақстан елшісі Хорватияның экономика және тұрақты даму министрі Томислав Чоричпен кездесті. 2021 жылғы 16 сәуірде бейнеконференция форматында жоспарланып отырған Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорват Үкіметаралық комиссиясының I-ші отырысына дайындық барысы талқыланды.

Елші министрді Қазақстандағы оқиғалар, Үкіметтің жаңа құрамы мен жаңа ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшылығы туралы хабардар етті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 332,8 млн АҚШ долларын құраған Қазақстан мен Хорватия арасындағы іскерлік байланыстардың үдемелі өсуі мен сыртқы сауда айналымының өсуі атап өтілді.

Министр Т.Чорич Қазақстанмен энергетика секторында, машина жасау, құрылыс, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар және фармацевтика салаларында өзара іс-қимылды дамытуға ерекше қызығушылық танытты. Тараптар оны сапалы толтыру мақсатында ҮАК отырысының қорытынды хаттамасының жобасын қарады.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Елші министрге естелік сыйлық – хорват тілінде жарық көрген Тұңғыш Президент - Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын табыс етті.

 Хорватия, БмГ және Черногориядағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі