Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына табысқа және үмітке ұмтылудың символы

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына табысқа және үмітке ұмтылудың символы

Ү.ж. 19 ақпанда ҚР Загребтегі Елшілігінде Хорватия-Қазақстан достық қоғамының салтанатты жиналысы, марапаттау рәсімі және Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған классикалық музыканың камералық концерті өтті. Бұл іс-шараға белгілі саясаткерлер, парламент депутаттары, ХР Конституциялық сотының мүшелері, сондай-ақ Хорватия қоғамының, мәдениетінің және өнерінің өкілдері қатысты.

Кездесуді ашқан Достық қоғамының төрағасы Андрия Карафилипипович Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойы Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін баса айтты. Қазақстан Республикасының дамуына және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан айрықша тарихи үлесі үшін ол Нұрсұлтан Назарбаевқа есте қаларлық сыйлық - әйгілі хорват мүсіншісі Мате Турич жасаған «Желкендер» мүсінін тапсырды. Желге толы желкендер ежелгі уақыттан бастап сәттілікке, ерік-жігерге, сенім мен үмітке ұмтылудың символы болғандығы атап өтілген.

ҚР Елшісі Төлежан Барлыбаев тәуелсіздік жылдарындағы саяси реформалардың эволюциясына тоқталып, Қазақстан Республикасының басшылығының әлеуметтік жаңғырту мен әлеуметтік-бағдарланған мемлекетке, парламентаризм мен көппартиялық жүйені нығайтуға және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытын атап өтті. Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңның қабылдануы, саяси партиялар үшін сайлау тосқауылын азайту, Ұлттық сенім кеңесінің қызметі және жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын нығайту сияқты шаралар атап өтілді.

Хорватияның экс-президенті Степан Месич Қазақстан басшылығының ауқымды реформаларды жүзеге асыру және мемлекеттік институттарды дамыту, заманауи экономика мен ұлтаралық келісім қоғамын құру жөніндегі стратегиялық жүйелік тәсілін жоғары бағалады. Қазақстан халқы Ассамблеясының толеранттылықты нығайтудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Конституциялық Соттың мүшесі, ХР Саборының экс-вице-спикері, доктор Мато Арлович, депутат Барбара Антолич Вупора және басқа да мәртебелі қонақтар елшіктің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазбалар қалдырып, онда Қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтап және тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның табысты жетістіктерін атап өтті.

Елшіліктің музыкалық салонында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған камералық концерт өтті. Классикалық музыканың виртуозы - Карнеги Холлда және БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өнер көрсеткен әйгілі виолончельші Эльдар Сапараев Хорватия жұртшылығына бағдарламаны ұсынды, оның шарықтау шағы Қазақстан мен Хорватияның мемлекеттік әнұрандарының, сонымен қатар Абай өлеңдеріне жазылған шығармалар мен Иоганн Себастьян Бахтың классикалық сюиталарының орындалуы болды.

Салтанатты жиынға қатысушыларға хорват тілінде басылған Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітаптары, Абай мен Әл-Фарабидің шығармалары жинақтары ұсынылды.

ҚР Хорватиядағы Елшілігінң баспасөз қызметі