Қазақстан Елшісінің Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрімен кездесуінің қорытындылары туралы

Қазақстан Елшісінің Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрімен кездесуінің қорытындылары туралы

Ү.ж. 27 қаңтарда екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында Елші Т.Барлыбаевтың Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич Радманмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында елші сыртқы саясат ведомствосының басшысын Қазақстандағы жыл басындағы саяси оқиғалар – парламенттік сайлаудың қорытындылары, ҚР Үкіметінің жаңа құрамының бекітілуі және Министрлер Кабинетінің кеңейтілген отырысында оның мүшелері Президент
Қ.К.Тоқаевтың алдына қойылған міндеттер туралы хабардар етті.

2021 жылғы 15-16 сәуірде өткізуге жоспарланып отыратын сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия Үкіметаралық комиссиясының I-ші отырысына дайындық барысы қаралды, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен Хорватия арасындағы сыртқы сауда айналымы үш еседен астам өсіп, 330 млн АҚШ долларынан асқаны атап өтілді.

Т.Барлыбаев Мемлекет басшысының ҚР Үкіметінің алдына қойған жаңа міндеттері аясында инвестициялар, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қолжетімді тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды мәнге ие екенін атап өтті. ҮАК отырысының күн тәртібін сапалы толтыру, сондай-ақ туризм және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойю туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Хорватиядағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі