Қазақстан аумақтары мен Шэньси өңірі арасындағы әуе көлігімен жүк тасымалы көлемін ұлғайтудың перспективалары

Қазақстан аумақтары мен Шэньси өңірі арасындағы әуе көлігімен жүк тасымалы көлемін ұлғайтудың перспективалары

Сиань, 2025 жылғы 17 қаңтар – Бас консулдық Қазақстан мен Қытайдың өңіраралық және транзиттік жүк тасымалы әлеуетін арттыру бағытында «КТZ Express» АҚ-ның Сиань қаласындағы өкілдігі мен қытайлық «Air China», «China Southern» және «China West Airport Group» әуе компанияларының өкілдік басшылығының кездесуін ұйымдастырды.

Тараптар транзитті-көліктік және логистикалық салалардағы өңірлік ынтымақтастықтың жай-күйі талқылап, бұл бағыттағы мемлекет басшыларының тапсырмалары мен уағдаластықтарын орындау мүмкіндіктерін қарастырды. Қазақстан аумақтарының Шэньси өңірімен әуе қатынасын дамыту қарқынына, соның ішінде мемлекеттер арасындағы көлік және туристік байланыстарды нығайтуға ықпал ететін жаңа маршруттарды ашу жоспарларына назар аударылды.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасында шешуші рөл атқаратын транзиттік тасымалдар мен экспорттық мүмкіндіктердің көлемін ұлғайту үшін «Солтүстік – Оңтүстік» бағытын масштабтау, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТМТМ) мультимодальділігі мен бағытын жетілдіру бойынша Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының кейбір тұжырымдамалары туралы қытайлық тарап ақпараттандырылды.

Жүкті жеткізудің тұрақты тізбегін құрудың, Сиань құрғақ портының көлік-транзиттік әлеуетін дамытудың, өңірлік өзара байланысты нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар 2025 жылға арналған жоспарды талқылап, ҚР-ҚХР арасындағы сауда жолдарын дамытуға бағытталған тәжірибелік шараларды іске асыруға өзара қызығушылық білдірді.

Жүктерді тасымалдаудың нақты өзіндік құнын және олардың сапалық көрсеткіштерін (жылдамдық, жолды электрлендіру, басымдылық, габариттер және т.б.) ескере отырып, бағалардың жаңа прейскурантын қалыптастыру шарттары, сондай-ақ тікелей әуе қатынасы мен жаңа маршруттарды ашу перспективалары талқыланды.

Кездесу нәтижесінде тараптар әуе көлігімен жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтуді ілгеріту бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.