Алматы-Сиань роуд-шоуы: туризм және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

Алматы-Сиань роуд-шоуы: туризм және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

Сиань, 2026 жылғы 16 шілде. ҚР Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен FlyArystan мен Visit Almaty(Алматы қаласы Туризм басқармасы) бірлесіп Алматы - Сиань қалалары арасындағы тікелей әуе қатынасына арналған роуд-шоу өткізді. Іс-шараға қытайлық туристік компаниялар, БАҚ және салалық ұйымдар, сондай-ақ авиакомпанияның өкілдері, Алматы туризм басқармасы және еліміздің жетекші туроператорларынан құралған қазақстандық делегация қатысты.

Роуд-шоу барысында FlyArystan Алматы – Сиань бағытының кестесі мен артықшылықтарын, ал Visit Almaty қаланың туристік әлеуетін ұсынды. Қазақстандық компаниялар қытайлық әріптестерін ҚХР-дан келетін қонақтарды қабылдауға дайын туристік өнімдермен таныстырды. Іскерлік бөлім B2B кездесулерімен аяқталып, онда бағытты бірлесіп ілгерілету, жаңа турпакеттер және екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.