
Cиань, 2026 жылғы 21 мамыр – ҚХР Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығында Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен ҚХР Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің басшылығы арасында кездесу өтті.
М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ректоры Д.Ахмед-Заки және ҚХР Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің ректоры Фань Цзюли қоғамға тиімді академиялық ынтымақтастықты дамытып, кәсіпкерлік пен іскерлік ортаның дамуына білікті маман дайындау, экономикалық ықпалдастықты кеңейтуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жоспарын талқылады.
Өз тарапынан, Бас консул Ж.Қыраубаев екі университеттің арасындағы келісімдерге барынша қолқабыс көрсетуге дайындығын атап өтіп, бірқатар ұсыныстарын енгізді.
Тараптар жаңа оқу жылына талқыланған жоспарларды іске асыруға келісті.