Мамандарды даярлау - Қазақстан аумақтары мен Сычуань өңірінің Дэян қаласымен ынтымақтастығының бастамасы

Мамандарды даярлау - Қазақстан аумақтары мен Сычуань өңірінің  Дэян қаласымен ынтымақтастығының бастамасы

Сиань, 2026 жылғы 29 сәуір – Қазақстан Республикасының Сиань қ. Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Сычуань өңірінің Дэян қ. Халықтық үкіметінің Сыртқы істер басқармасының басшысы Гу Шэньвэймен кездесу өткізді.

Екіжақты кездесуде қазақ-қытай өңіраралық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму мүмкіншіліктері талқыланды. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге өзара мүдделілік танытатынын растап, инвестиция салу, білім беру мен мәдени-гуманитарлық салалардағы цифрлық экономика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға үлес қосуға уағдаласты.

Бас консул Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көлік және инвестициялық ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ, мемлекетте жүргізіліп жатқан конституциялық реформалары аясында ҚР Үкіметі тарапынан шетелдік инвесторларды және отандық өнім өндірушілерге берілетін заңнамалық кепілдіктері туралы ақпаратпен бөлісті. ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан инвесторларға көрсетілетін қолдаулары жайында кеңінен баяндап берді. Дэян қ. металлургия саласындағы ауқымды әлуетін ескере отырып, Қазақстан аумағында құрылыс материалдарының болашақта өндірілуі арқылы кең нарықты сатылымға шығуға мүмкін алатынын егжей-тегжейлі таныстырып, белсенді жұмысты бірге істеуге шақырды.

Қытайлық тарап Сычуань провинциясы мен Алматы облысының бауырластық қатынастары негізінде Дэян қаласымен деңгейлес бауырластық қатынас орнатуға ынталы екенін мәлімдеді. Заманауи құрылыс материалдары мен жаңа құрылыс технологиясын зерттеу институтының оқу-материалдық базасы негізінде қазақстандық құрылыс-архитектура және кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерімен серіктестік орнату, оқушылармен алмасу, авиация мамандарын тәлімгерліктен өткізу, құрылыс саласында зерттеумен айналысатын қазақстандық жоғары оқу орындарымен өзара бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделігін білдірді.

Тараптар ҚР-дың азаматтық авиация қызметінің пилоттары мен инженерлері Сычуань политехникалық университеті базасында 3-айлық білімдерін жетілдіру курстарынан өтуді пысықтауды уағдаласты. Сондай-ақ, студенттер мен оқытушылармен алмасу, қажетті бағыттарда мамандар дайындау факультетін бірлесіп құру, инженерлік-техникалық даярлық, ғылыми зерттеулер және кәсіби оқыту салаларында ықпалдастықты кеңейтуі талқыланды.

Сонымен қатар, қытай тарапы Дэян қаласы шілдеде өткізетін Орта Азия мемлекеттерінің дипломаттарына арналған арнайы 5-күндік даярлау семинарына қатысуды ұсынды. Ү.ж. қазанда «Таза энергетика мен энергия көздері» тақырыбында Дэянда өтетін халықаралық дипломатиялық, инвестициялық, туристік форумына және басқа шараларына қазақ делегацияларының қатысуын әзірлеуді түйіндесті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңіраралық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілігін растады.