Қазақтың халық дипломатиясы Сиань қаласында халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуда

Қазақтың халық дипломатиясы Сиань қаласында халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуда

Сиань, 2026 жылдың 24 сәуір – Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының бастамасымен Шэньси провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер басқармасы «Бес құрлықтың дәмдік ерекшеліктері – мәдени-тағамдық алмасу аясында дипломаттардың кездесуі» атты салтанатты мәдени-таныстыру іс-шарасын ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға Камбоджа, Малайзия, Тайланд, Оңтүстік Корея дипломатиялық өкілдіктердің, «Орталық Азия – Қытай» форматы хатшылығының басшылығы, провинциялық муниципалитеттің сыртқы істер, білім, мәдениет және туризм басқармаларының өкілдері, провинция мен қаланың жетекші аспаздары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Іс-шараның негізгі мазмұны Сиань қаласында аккредиттелген шетел дипломаттары мен Шэньси провинциясының жетекші аспаздары ұсынған дәстүрлі тағамдарды дайындау үдерісі мен дәмін татуды көрсетуді, сондай-ақ олардың шығу тарихы, географиясы және ерекшеліктерін талқылауды қамтыды.

Достық ахуал мен халықтар арасындағы өзара байланыстарды нығайту жағдайында қонақтарды қазақ асханасының аспаздық дәстүрлерімен таныстырды. Дипломаттардың жұбайлары ұлттық мәзірдің өзіндік құрылымын ұсынып, дәстүрлі рецепттер мен тағам дайындау тәсілдерін көрсетті. Іс-шараға қатысушылар қазақтың кеңінен таралған ұлттық тағамдары – бешбармақ, Наурыз көже, бауырсақ, құрт, жент және басқа да тағамдардан дәм татты. Ұлттық гастрономияны таныстыру қатысушыларға олардың дәмін татумен қатар, Қазақстанның бай мәдениетімен жақынырақ танысуға, елдің шетелдегі жағымды имиджін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қатысушылар мұндай іс-шаралардың Орталық Азия мен Қытай халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуда, сондай-ақ ортақ мәдени құндылықтарды насихаттауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Іс-шара барысында Бас консулдық жергілікті қауымды қазақ халқының мәдени мұрасымен кеңінен таныстыруға күш салып, бұл сөзсіз халық дипломатияның, өркениетаралық диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына елеулі үлес қосары анық.