Қазақстан өңірлердің экономикалық мүмкіндіктеріне Сычуань провинциясының қызығушылығы өсуде

Қазақстан өңірлердің экономикалық мүмкіндіктеріне Сычуань провинциясының қызығушылығы өсуде

Чэнду, 2025 жылғы 27 маусым – Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Сычуаньдық «Бір белдеу, бір жол» сауда-экономикалық ынтымақтастығын ілгеріту қауымдастығының төрағасы Линь Чжунцинмен және кәсіпкерлер палатасы мүшелерімен кездесті.

Тараптар Қазақстан өңірлері мен Сычуань аймағы арасындағы әртарапты серіктестікті дамыту, экономикалық жобаларды іске асырумен қатар, жеке және орта бизнесті қолдау амалдарын талқылады. Атап айтқанда, ұшқышсыз жүйелерін құрастырушы шеберханасын, қалдық темірді қорыту, цемент өндірісі, ірі қара мал өсіру, еті мен терісін терең өңдеу цехтарын салу, жылыжай материалдарын шығару жобаларын іске асыру бағытындағы инвестициялық жобаларды талқылады.

Бас консул Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көлік және инвестициялық ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ ҚР Үкіметі тарапынан шетелдік инвесторларды және отандық өнім өндірушілерге берілетін заңнамалық кепілдіктері туралы ақпаратпен бөлісті. ҚР Сыртқы істер министрлігі инвесторларға көрсетілетін қолдаулары жайында кеңінен баяндап берді.

Қытайдың заманауи технологиясы мен тәжірибесін қолдану арқылы ауылшаруашылық мамандарын даярлау бойынша қысқа мерзімді оқу-тәжірибелік орталықтарын ашу қажеттігіне баса назар аударды.

 Өз кезегінде, Линь Чжунцинь Қауымдастық мүмкіндіктерін пайдаланып, кәсіпорындар ынтымақтастығын ілгерілету негізінде жобалардың табысты жүзеге асуына жәрдемдесуге дайындығын жеткізді.

Қауымдастықтың Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастың дамуына қосып жатқан белсенді үлесіне жоғары баға беріліп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды одан әрі тереңдетуге үміт білдірді.

Қазақстан мен Қытайдың мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухында Сычуань өңірімен бірнеше жоғары дәрежеде іс-сапарлардың өткенін алға тартып, талқыланып келісілген бағыттарды нақты жүзеге асыру мақсатында жоспарлы әрекеттесуді ұсынды.

Қауымдастық төрағасы Линь Чжунцин палатаға мүше 3 мыңнан астам кәсіпорындардың Қазақстанның нақты инвестициялық жобаларымен танысуын қамтамасыз ету үшін, тараптар, екі елдің ұқсас өнеркәсіп кәсіпорындары арасында іскерлік топтардың өзара делегациялар алмасуын ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында тараптар талқыланған бағыттар бойынша өзара тиімді жұмысты жалғастыруға келісті.