Сиань, 2025 жылғы 26 мамыр - Ақтөбе облысы делегациясының 9-шы «Жібек жолы» халықаралық көрмесіне және Шығыс-Батыс Қытай сауда-инвестициялық ынтымақтастық форумына қатысуы шеңберінде 2025 жылы 22-24 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығы Шэньси провинциясының Халық үкіметі мен Халықаралық сауданы дамыту комитетінің қолдауымен облыстың аудандары әкімдеріне аймақтың қалалық және ауылдық агломерациясын дамыту тәжірибесімен танысуы ұйымдастырылды.
2025 жылдың 22 мамырында Ақтөбе облысының аудан басшылығы мен бизнес қоғамдастығы кен орындарын игеру және байыту, металл және электромеханикалық өнімдер өндіру, ауыл шаруашылығы (жем өндіру, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы) салаларындағы ықтимал инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту перспективаларын талқылады.
Бас консулдық инициативті түрде Ақтөбеліктерді Қытайдың заманауи технологияларын ауыл шаруашылығын басқаруда қолдану, өсімдік зиянкестерімен күрес және топырақты тыңайту әдістерін, жем дақылдарын дайындау, мал мен өсімдіктерді интенсивті өсіру, сүт өнімдері мен сусындар өндіру салаларындағы тәжірибесімен егжей-тегжейлі практикалық таныстыру мақсатында Шэньси провинциясының Вэйнань және Тунчуань аудандары қожалықтарына жұмыс сапарын ұйымдастырды.
Аудан әкімдерінің Қытайдың аудан және ауылдық деңгейде жеке және орта бизнесті дамытуы, кедейлікпен күрес бағдарламасын жүргізудегі қолданған басқару тәсілі, «бір үй-бір өндіріс» бағдарламасы және оның қазіргі нәтижесі, «қала типтес ауыл салтын дамыту», әр елді-мекеннің жергілікті брендін шығару арқылы танымал болу және туристік бағыттарды дамыту бағдарламасымен танысып, тәжірибе алмасуына бас назар аударылды.
Сапар барысында әкімдер өз жұмыстарына қажетті практикалық ақпараттар жинақтап, қытайлық жеке қожалықтар мен жергілікті басшылықтың өзара байланыс жұмыстарын, тұрғындардың белсенділігін арттыру әдістері бойынша пікір алмасты. Ұйымдастырлған іс-шараның тәжірибелік маңызы ерекше екені атап өтіліп, мұндай тәжірибе алмасу сапарының тиімді болғанына жоғары баға берілді.