Женева, 2024 жылғы 1 шілде – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) штаб-пәтерінде Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Әсет Ерғалиев пен ДЗМҰ Бас директоры Дарен Тангпен кездесуі өтті. Кездесу барысында зияткерлік меншік (ЗМ) және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Д. Танг ДЗМҰ, инновациялар саласындағы зияткерлік меншіктің өсуі мен дамуының катализаторы бола тұра, көлденең тәсілді де қолданатынын атап өтті. Бұл тәсіл ЗМ-ті білім беру, денсаулық сақтау, сот төрелігі жүйесіне, шағын және орта бизнеске, сондай-ақ зерттеу орталықтарына интеграцияны қамтиды.
Кездесу аясында ағымдағы жылғы 4 шілдеде Қазақстанда кәсіпкер әйелдерге арналған ДЗМҰ жаңа жобасының басталуы туралы жарияланды. Д. Танг Қазақстанның әлемнің түрлі бөліктері арасындағы тарихи көпір ретіндегі маңызы туралы айтып, Астана халықаралық форумы сияқты іс-шаралардың мәнін ерекше атап өтті.
Тұрақты өкіл Ә.Ерғалиев Қазақстан үшін ғылымды қажетсінетін экономиканы қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, өңірде ДЗМҰ-мен серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға дайындығын білдірді. Ә.Ерғалиев инновациялар болашақ экономиканы дамытудың қозғаушы күші болып табылатынын мәлімдеп, сондай-ақ Д.Тангқа келесі жылы Астана халықаралық форумы шеңберінде инновациялар мен креативті экономика мәселелері бойынша ДЗМҰ үшін жеке сессия өткізуді ұсынды.
Кездесу барысында Ә.Ерғалиев та инновациялар стратегиясын әзірлеуге көмектескені үшін ДЗМҰ-ға алғыс білдіріп, елдің инновациялық әлеуетін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланудың маңызы туралы айтты.
ДЗМҰ мен Қазақстан екі тараптың игілігі үшін өзара ынтымақтастықты нығайта отырып, өңірде зияткерлік меншік пен инновацияларды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды тығыз серіктестікте іске асыруды жалғастыруға келісті.