«Agroinsurance» және «TechReg» Қазақстандық IT-жобалары Халықаралық электрбайланыс одағының конкурсының жеңімпаздары атанды

«Agroinsurance» және «TechReg» Қазақстандық IT-жобалары Халықаралық электрбайланыс одағының конкурсының жеңімпаздары атанды

Женева, 2023 жылғы 14 наурыз – ДСҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі Дүниежүзілік кездесу форумына (WSIS) қатысты. Осы форум аясында WSIS халықаралық байқауы өтті. Байқауда Қазақстандық жобалар да қаралды.

Екі қазақстандық жоба «Қоғам игілігіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланғаны үшін» және «Үздік бастама» марапаттарына ие болды.

МӘС Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин ханым және WSIS 2023 төрағасы, Словенияның цифрлық трансформация министрі Эмилия Стойменова Дух ханым «Agroinsurance» агро сақтандыру сервисінің Бас директоры Елдос Әуезбековке «Электрондық ауыл шаруашылығы» номинациясындағы жеңісі үшін марапатты табыс етті.

Қызмет 2019 жылы Qoldau.kz цифрлық платформасында басталып, оны іске асыру Қазақстанның барлық ауыл шаруашылығы жерлерін платформада цифрландырудың арқасында мүмкін болды. Осы қызметтің көмегімен фермерлер өз егістіктерін кабинеттен шықпай-ақ құрғақшылықтан сақтандыра алады. Топырақтағы ылғал тапшылығы еуропалық спутниктердің суреттеріне негізделген ақпараттық жүйемен анықталатындықтан төлемдерді онлайн режимінде де алуға болады. Бағалауды голландиялық Vandersat компаниясы жүргізеді. Бұл ретте қазақстандық сақтандыру компанияларының тәуекелдерін Swiss Re, Munich Re және AXA Climate сияқты ірі әлемдік қайта сақтандыру компаниялары жабады. Осылайша, сервис жұмысына қазақстандық тараптан басқа бірнеше елдің мамандары қатысады. Қызмет «адам факторын» жоққа шығаратындықтан, яғни топырақтағы ылғал тапшылығын бағалау, хабарлама бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу және басқа механизмдер автоматтандырылғантықтан жоба сенім тудырады.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі құрған TechReg аккредиттеу сервисі «Электрондық қоршаған орта» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Бұл сервис техникалық реттеу, мемлекеттік бақылау, стандарттау, аккредиттеу, сәйкестікті бағалау (сертификаттау) және өлшем бірлігін қамтамасыз ету (метрология) мәселелері бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған.

Айта кетерлік, қазақстандық жобалармен қатар келесі жобалар атап өтілді:

- аудандарды көкөністермен тасымалдау және қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі (Бутан Корольдігі);

- Батыс Бенгалиядағы (Үндістан) 1 миллионға жуық шағын фермерлерді қамтитын мобильді консультациялық қызметтер жобасы, мұнда ұялы байланыс арқылы консультациялар бірнеше тілде ұсынылады;

- Meteobot дәл егіншілікке арналған метеостанциялар жүйесі (Болгария);

- өсімдіктерді талдаудың интеллектуалды жүйесі (Сауд Арабиясы).