Қазақстан мен Чехия ДСҰ алаңында суды халықаралық саудамен байланыстыру рөліне арналған бірлескен сессия өткізді

Қазақстан мен Чехия ДСҰ алаңында суды халықаралық саудамен байланыстыру рөліне арналған бірлескен сессия өткізді

Женева, 2026 жылғы 1 маусым –Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде Сауда және қоршаған орта аптасы аясында Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасының «Water Across Borders: Trade, Production, and Sustainable Development» («Шекарасыз су: сауда, өндіріс және орнықты даму») атты бірлескен панельдік сессиясы өтті.

Қазақстан тарапынан негізгі сөзді Қазақстан Республикасының ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев сөйледі. Қазақстан тәжірибесінің практикалық қырларын «KAZWATER» Вице-Президенті Манира Алағұжаева ханым сессияға Астанадан онлайн режимінде қосылып таныстырды.

Тұрақты өкіл Қ. Төребаев Орталық Азия үшін судың экономикалық тұрақтылық пен бәсекеге қабілеттілік мәселесіне айналғанын атап өтті. Осы жағдайда Қазақстан су тиімділігін жеке экологиялық бағыт ретінде емес, жаңа сауда стратегиясының іргетасы ретінде қарастырады: ел суды үнемдеуші технологияларға, ирригацияны жаңартуға және су секторын цифрландыруға негізделген жоғары қосылған құнды агроэкспорт моделіне дәйекті түрде көшіп келеді.

ДСҰ-ның рөліне тоқтала келе, Тұрақты өкіл Қ. Төребаев суды үнемдеуге және климатқа төзімді ауыл шаруашылығына салынатын мемлекеттік инвестициялар сауданы бұрмалау ретінде емес, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қосылатын үлес ретінде танылуға тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ ол халықаралық қоғамдастықты жаһандық сауданың болашағын қалыптастыруда бүгінгі климаттық шындықты ескеруге шақырды.

Вице-Президент М. Алағұжаева Қазақстан шешімдерінің технологиялық контурын ұсынды – цифрлық су есебі, серіктік мониторинг, су шаруашылығы жүйелерінің цифрлық егіздері және агроазық-түлік өнімдерінің шығу тегін қадағалау тетіктері. Келесі қадам ретінде Орталық Азияның су ресурстарын мониторингтейтін өңірлік цифрлық платформасын құру бастамасы айтылды.

Сессияны Қазақстан мен Чех Республикасының бірлесіп өткізуі әлемнің әртүрлі өңірлерінде орналасқан екі мемлекеттің трансшекаралық су ресурстарын басқару мен оларды халықаралық саудамен байланыстыруға деген ортақ көзқарасының барын көрсетті.