Казахстан халықаралық деңгейде «+7» телефон кодына тең құқықтарын бекітті

Казахстан халықаралық деңгейде «+7» телефон кодына тең құқықтарын бекітті

Женева, 2026 жылғы 29 мамырБайланыс мәселелері жөніндегі БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі – Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы «7» телефон нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы жаңа келісім жөніндегі ақпаратты ресми түрде жариялады. Жарияланым 2026 жылғы 1 маусымда ХЭО-ның Операциялық бюллетенінде жарияланды. Келісім мерзімсіз негізде жасалып, 2025 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енді.

Қазақстан мен Ресей бірлесіп пайдаланып отырған халықаралық «+7» кодына қатысты жаңа келісім Қазақстанның тең құқықты серіктес мәртебесін бекітеді және елге тиесілі нақты кодтық диапазондарды айқындайды: +7 0, +7 6 және +7 7.

Бұрын бұл уағдаластық байланыс ведомстволары деңгейінде болған. Енді келісім екі мемлекеттің үкіметтері деңгейінде жасалды, бұл жоғарырақ мемлекетаралық мәртебе Қазақстанның мүдделерін неғұрлым сенімді қорғауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тұрақтылық кепілдіктері күшейтілді: тараптардың кез келгені келісімнен шығу туралы бұрын 6 ай бұрын хабарлай алатын болса, енді бұл мерзім 24 айға дейін ұлғайтылды. Азаматтар мен байланыс операторлары үшін бұл үйреншікті телефон нөмірлері жүйесінің алдағы жылдары да болжамды әрі қорғалған күйде сақталатынын білдіреді.

Қазақстан тарапынан уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі белгіленген.

Осы шарттардың ХЭО алаңында бекітілуі Қазақстанның байланыс ресурстарын халықаралық деңгейде басқару жүйесіндегі позицияларын нығайтуға және цифрлық саладағы ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған кезекті қадамы болып табылады.