
Женева, 2026 жылғы 30 сәуір – Женева қаласында Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) Кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтуде. Кеңес – 48 мүше мемлекеттен тұратын ұйымның негізгі басқарушы органы.
Отырыс барысында ХЭО қызметінің стратегиялық және қаржылық мәселелері, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту, киберқауіпсіздікті нығайту, цифрлық алшақтықты қысқарту, сондай-ақ 2026 жылғы ХЭО Өкілетті конференциясына дайындық мәселелері қарастырылуда.
Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев басқаруымен Қазақстан Республикасының делегациясы және Женевадағы ДСҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев қатысуда.
Қазіргі уақытта Қазақстан Кеңес жұмысына бақылаушы мәртебесінде қатысуда және 2027–2030 жылдар кезеңіне ХЭО Кеңесінің құрамына сайлану үшін өз кандидатурасын ұсынды.
Өз сөзінде Д. Мұсалиев Қазақстанның ХЭО трансформациясына, жасанды интеллект пен цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бейілділігін атап өтті, сондай-ақ ұйым қызметіне мемлекеттердің неғұрлым инклюзивті және теңгерімді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Ол ХЭО-ның өңірлік қатысуының цифрлық алшақтықты қысқартудағы рөлін ерекше атап өтіп, Қазақстанның Одақ қызметіне және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға белсенді түрде үлес қосуға дайын екенін растады.
Кеңес аясында Қазақстан делегациясы бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, олардың барысында ынтымақтастық перспективалары мен ХЭО органдарына алдағы сайлау шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.