Қазақстан мен Халықаралық есеп айырысу банкі цифрлық активтер мен қаржылық инновациялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Халықаралық есеп айырысу банкі цифрлық активтер мен қаржылық инновациялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Базель, 2025 жылғы 2 маусым - Дүниежүзілік сауда ұйымы және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Халықаралық есеп айырысу банкінің Басқарушы директорының орынбасары Андреа М. Мехлер ханыммен кездесті.

Кездесу барысында Қайрат Төребаев Қазақстанның қаржылық тұрақтылықты нығайту және заманауи банк технологияларын дамыту саласында Банкпен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Ерекше назар цифрлық активтерді реттеу және орталық банктің қадағалау жүйесі салаларындағы тәжірибе алмасуға аударылды.

Тараптар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Астана халықаралық форумында жариялаған Қазақстанның CryptoCity пилоттық аймағын құру жөніндегі бастамасын талқылады. Бұл жоба өңірдегі тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін криптовалютаны пайдалануға арналған алғашқы реттелетін алаң болмақ.

Андреа Мехлер БМР-нің цифрлық активтерді реттеудің қазақстандық тәжірибесін зерделеуге мүдделілігін атап өтті.

Кездесу соңында Тұрақты өкіл Төребаев Қазақстанның қаржылық тұрақтылық, цифрлық инновациялар және банк секторында халықаралық стандарттарды енгізу саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін растады.